+2 дауыс
1.0k көрілді
Бұйра шашың бұлт ішінде желбіреп, ағып бара жатырсың, аспанында өмірдің... Құрбымның шашы бұйра-бұйра. Қатты қызығамын , плойка қоймайсың, бигуди де қажет емес. Керемет емес пе ,толқынды, қап-қара бұйра шашың болса?! Құрбыма осы шашы ұнамайды, сұлулық салонына барып түзулетіп жүреді үнемі. Оның не деп жауап беретінін біле тұра , ақымақ сұрақты қоямын . -Шашың неге бұйра? -Папамның шашы бұйра ғой дейді ол. Ааа дедім. Ия папасының шашы, әжесінің шашы , бабасының шашы бұйра болып кете берген ғой . Сонда деймін де, шаш неге бұйра болып өседі? Ата -анасының шаштары түзу болса, баласының шашы бұйра болуы мүмкін бе?
Менің апамның да шашы бұйра. "Керемет емес пе, толқынды, қап-қара бұйра шашың болса?! Құрбыма осы шашы ұнамайды, сұлулық салонына барып түзулетіп жүреді үнемі." Апам дәл осылай.

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Мысалға менің үйімде, біз 4 баламыз. Менің және ең үлкен ағамның шашы бұйра. Ал ортаншы ағам мен інімнің шашы бұйра емес. Ал ата-анамның шаштары бұйра емес.

Адамның шашының бұйра немесе тік болуы гармондарға байланысты деп ойлаймын. Бір кісілердікі туылған кезеде шашы бұйра болса, 10-15 жылдан кейін шашы тік бола бастайды. Ал кейбіреулердікі керісінше тік шашы бұйралана бастайды.

+1 дауыс
Ата-анасының шаштары түзу болса баласының шашы да түзу болуы әбден мүмкін!

тек біреуінің шашы бұйра болып шықпаса
+3 дауыс
Шаштың бұйралығы тұқым қуалайды. Бірақ, адамға не жағатын еді )) Бұйрашашты қыздар шаштарын түзетіп жатады, тікшаштылары бұйралатып әуре болады. Ең дұрысы толқыншаш-ау деймін.
+2 дауыс
Бұйра шаштың түбінде қалай пайда болғанын ешкім білмейді ғой.Мүмкін,жаратылыста солай болған.Бұл біздің пайымдауымыз.Ата - анасындағы белгі тұқымқуалаушылық арқылы ұрпаққа жеткізіліп отырылады...

Ұқсас сұрақтар

...