Бұйра шашың бұлт ішінде желбіреп, ағып бара жатырсың, аспанында өмірдің... Құрбымның шашы бұйра-бұйра. Қатты қызығамын , плойка қоймайсың, бигуди де қажет емес. Керемет емес пе ,толқынды, қап-қара бұйра шашың болса?! Құрбыма осы шашы ұнамайды, сұлулық салонына барып түзулетіп жүреді үнемі. Оның не деп жауап беретінін біле тұра , ақымақ сұрақты қоямын . -Шашың неге бұйра? -Папамның шашы бұйра ғой дейді ол. Ааа дедім. Ия папасының шашы, әжесінің шашы , бабасының шашы бұйра болып кете берген ғой . Сонда деймін де, шаш неге бұйра болып өседі? Ата -анасының шаштары түзу болса, баласының шашы бұйра болуы мүмкін бе?