+2 дауыс
468 көрілді
Ассалаумағалейкум, қалайсыңдар? Осы СЖ сайтында админның өтінішімен, ұсынысымен модератор, редактор, маман болған қолданушы бар ма? Қазіргі мен білетін жоғары дәрежелі қолданушылардың көбісі админге өтініш айтып, хат жіберіп дәрежесі көтерілгендер екен. Өздерің админге өтініш айтпай, керісінше админнің өзі ұсыныс жасап модератор (маман, редактор) болған қолданушыларды білесіңдер ма? Админ аға сізге де осы сұрақ. (Сондай қолданушылар болса, сайттықтар да білсін деген оймен қойдым сұрақты.)
Қалған қолданушылардың барлығы админге өздері өтініш жасаған ба? Нағыз модератор біреу ғана ма сайтта?
Сонда қалғандары не? Сонда өздері өтініш жасағандар нағыз модератор емес пе? Жарайды, модератор болғаны мен модераторлыққа лайық емес деп санайтын 1-2 қолданушы бар шығар. Бірақ бір ғана модераторды нағыз модератор деп, қалғандарын елемегендей сыңай танытқаның дұрыс емес.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
https://surak.baribar.kz/7031 https://surak.baribar.kz/5118 https://surak.baribar.kz/555 жауаптарымен толық оқып көр.
+2 дауыс
Мен өзім ешкімге ұсыныс берген емеспін (маман, редактор, модератор қыл деп) кім қылғанында білмеймін
хахаха. Админнен басқа ешкім ред, мод қыла алмайды ғо!
Жарайсың,бірақ атыңды өзгертсей,vvvwww деген не өз атыңды қоймайсыңба? Осындағы көбіңді не жігіт не қыз екендеріңді білмейміз.

@nurken911 бұл сайтта қолданушының қыз не жігіт екенінің қандай маңызы бар (қойған сұрағыңызға нақты жауап алсаңыз болды емес пе) бұл әлеуметтік желі емес, жай ғана білмегеніңді жұрттан сұрап, білгеніңді айтып жұртқа көмектесу үшін ғана ашылған сайт, сосын атымды өзгертетін ойым жоқ, өзіме ұнайды мағынасы: veni, vidi, vici (латынша) сөзінің басқы әріптері, ал www - World Wide Web

Аудармасы:
veni, vidi, vici - келді, көрді, жеңді.
World Wide Web - бұл алғашқы браузер ма сонда?
Сіздің кезіңізде Админнен басқа сұрақты, жауапты өңдеп, жасырып, жауып отыратын адам болған жоқ. Сол себептен сіз белсенді болғасын админ дәрежеңізді өсірген болар деп ойлаймын.
...