0 дауыс
9.8k көрілді
Тарихи дерек түрлерін атаңыздар және олардың сипаттамалары

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Тарихи деректер: Типтiк жiктелудiң тарихи деректерді түрлiк жiктелуден айырмашылығы ол деректердiң мазмұны мен формасының сәйкестiк пpинципiне негiзделген. Тип ақпаратты салу және сақтау тәсiлдерiмен ерекшеленген деректердi бipiктiредi. Негiзiнен деректердiң жетi типiн айтуға болады: Жазба, заттай, этнографиялық, фольклорлық, лингвистикалық, фотокино­құжаттар, фоноқұжаттар. Мұндай жiктеу дерекке тән ерекше белгiлерiн (пайда болу, мазмұны, формасы) eскереді. Дегенмен бұл шартты жiктеу. Өйткенi, фольклорлық (ауызша) деректер қазіргi кезде, көп жағдайда жазба түрiнде таралған, ал этнографиялық деректер — заттай ескерткiштер немесе кинофотоқұжаттар түрiнде берiледi. Сондықтан бұлардың арасында айқын аралық жоқ. Осындай ерекшелiктерiн ескере келе 1981 жылы И.Д.Коваль­ченконың басшылығымен шыққан «Источниковедение истории СССР» оқулығын әлеуметтiк ақпараттарды бекiту формасына қарап, деректерді мынадай типтерге бөлген: заттай, көркем-сурет және графикалы сурет, жазба және фоноқұжаттар. Сонымен қатар деректерді пайда болу тегіне, сыртқы ерекшелiктерiне карай үлкен типтiк топтар классына, оның iшiнде шағын топтарға бөлуге болады: - Заттай деректер — археологиялық ескерткiштерден бастап қазiргi машиналар мен техникаға дейiн; - Көркем сурет деректері — сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлық туындылары; - Сөздiк деректер — күнделiктi сөйлеу мәнерiнен бастап халықтың ауызша шығармашылық ескерткiштерi толығымен; - Жазба деректер — этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетiн жазба ескерткiштерiнiң бәрi; - Дыбысты деректер – сөзсiз немесе сөзбен бiрге орындалатын (саз, әуен, ән т.б.); - Салттық деректер — тұрмыста, мiнез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар Деректану туралы толық ақпарат мына жерде бар: http://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%83
0 дауыс
жақсы маған апай 5 қойды

рахмет саған
бірақ мен сеның атыңды білмеймін
...