Олар өте көп. Галактикалар - орасан үлкен(жүздеген миллиадқа дейін жетеді) жұлдыздар жүйесі, оларға біздің Галактика (Құс жолы) да жатады. Галактикалар эллиптикалық (Е), спиральді (S) және дұрыс емес (Ir) болып бөлінеді. Жай көзге тек қана 3 галактика көрінеді: Магеллан Бұлттары (екеуі де) және Андромеда Тұманы.
Астрономдардың хабарлауынша, құс жолы жүйесінде аз дегенде көлемі жағынан жер шарымен қарайлас 170 миллиард жұлдыз бар екен. Бұл ғалымдардың жуықта ғана қол жеткізген жаңалығы болып отыр.
Құс жолы жүйесінің 17% тұрақты жұлдыздар топтамасы жер шарымен бірдей көлемге ие. Жалпы құс жолы жүйесінде 100 миллиардтан астам жұлдыз бар.
Күн жүйесінің сыртындағы бұл жұлдыздардың көбі өз орбитасын тұрақты түрде айналып отырады. Және күн жүйесіндегі планеталар секілді миллиондаған жүйенің тәртібіне бағынып отырады екен.
Ғалымдардың айтуынша, «Бұл қалай деген күнде де үлкен байқау. Алдағы уақытта бұл планеталардың жер шары климатымен салыстырмасы жөніндегі зерттеулерге үлкен үлес қосады» дейді. Жер секілді климатқа ие, адамзаттың өмір сүруіне қолайлы планеталар болуы әбден мүмкін екен.