+1 дауыс
21.7k көрілді

Біздің галактикамыздың аты қандай? Және ол жайлы не білесіздер? Толық мәлімет бере аласыздар ма, буклет жасауға?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Құс жолы (немесе бас әріппен Галактика) — құрамына Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 пк. Құс жолы галактикасының барлық құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан.

Толығырақ

Қызықты ақпараттар

Неге галактикамыз "Құс жолы" деп аталған? Сол керек болып тұр.
Орысша Млечный путь деген ғой. Қазақшасы Құс жолы.  Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты біздің галактика Құс жолы жүйесі деп те аталады
Осы ғой керегі. Рахмет! Алла разы болсын!
+1 дауыс

Біздің галактикамыз Құс жолы галактикасы деп аталады.

Неге олай аталған?
0 дауыс

Жазда аспан ашық түнде "құс жолы" анық көрінеді. Құстар көктемгі-күзгі миграция кезінде сол бағытпен ұшады. Жалпы, біздің галактикамыздың формасы тапа нан сияқты. Біздің Күн системасы соның орта тұсында орналасқан.

0 дауыс
Біздің галактика қалай аталады:спиральдық;эллипстік немесе бұның бәрі бұрыс!? Қалай болады сонда?.....

Ұқсас сұрақтар

...