+1 дауыс
1.2k көрілді
Мен ақымақ емеспін, ағылшынша азды-көпті білемін.Мен ағылшын тілін көрші орыс тіліндей меңгерсем деймін.1 ай ішінде болама?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бiр айда үйренесiң деп, гарантия бере алмаймын. Ол сенi төмендеткенiм емес, тiлдiң қиын болуы. Тiптi Speaking English-ға барып жүргендердiң өзi 3 айда сертификат алады. Онда да нан сұрап жей алатындай) Ал барынша сауатты меңгеруге кемi 1-2жыл кетедi. Арнайы үйрететiн сайттар бар. Бiрақ сабақтың барлығы орысша өтедi. Оқимын десең ағылшын тiлiнен курстар оқып ал.
0 дауыс

Ой ол оңай жұмыс емес оған тума талант болуы да ерек шығар. Асықпай тек талаптанып үйрену керек. Ал міндетті түрде үйрену керек болса 1 айда. Онда Америкаға кетіп қал ешқандай таныссыз немес жолбастаушысыз сонда Америкалықтармен сөйлесіп үйреніп кетесің!!! Қалжың......

Ағылшынша білетіндермен күнделікті қолданатын сөздер арқылы сөйлесіп көр пайдасы тиер.

0 дауыс
Асқар кешігіп қалдың. Мен өзім алдыңғы айда ағылшын тілінен курстық сабақ беруімді қойғанмын Келесі жылы маған хабарлас.
+1 дауыс
Сенің көрші орыс тілің қаншалықты деңгейде екенін білмеймін. Бірақ, ағылшын тілі қазақ тілі мен орыс тіліне қарғанда оңай сияқты. Тек оның кейде кейбір сөздері өте көп мағына береді.

ПРАКТИКА керек!!!
+1 дауыс
Ассаламуағалейкүм!!! Ағылшын тілі жеңіл тіл. Ынтан болса 1 айда үйренуге болады. ең бастысы желаниен болу керек. Сен 1 айда меңгереді деп сенемін.
0 дауыс
негізінде 1 айда ағылшын тілін үйрену қиын болады. 1 сөзбен айтқанда ағылшын тілін қанша үйренсен де ұмытып қаласын себебі практика жоқ елімізде бәрі қазақша сөйлейді сондықтан ағылшын тілін үйренгін келсе шетелге барып практика алып оқу керек
0 дауыс

Зерікпей ағылшын тілін қалай үйренуге болады

Үй тапсырмалар, сөздерді жаттау және ұзақ сабақтар сіз үшін қиынға соқса, уайымдамаңыз - шет тілдерді үйренудің көптеген көңілді әрі қызықты жолдары бар. Назарларыңызға оқу барысын қызықты өткізуге болатын 14 ресурсты ұсынамыз. Ойындар, аудиожазбалар, кроссвордтар, қызықты топтамалар – өз қалауыңыз бойынша таңдаңыз.

 

BBC Learning English

Британдық ағылшынды оқып үйренуге арналған сайт. Оқу бағыттары өте көп, мәтін және сөздікті видеолар, транскрипты аудиожазбалар. Сөздердің айтылуына жеке бөлім арналған. Әртүрлі тақырыптарды қамтитын 6 минуттық қысқа бейне роликті - 6 Minute English курсы бар. Әр роликтің астында мәтіндік нұсқасы да көрсетілген.

Livemocha

Шет тілдерді жақсы көретіндерге арналған әлеуметтік желі. Біліміңізді шыңдауға көмектесетін серіктесті тауып, оны немесе басқа пайдаланушыларға қазақ тілін үйретсеңіз болады. Қарапайым хабарламалардан бөлек нақты уақытта шет елдіктермен тілдесуге болатын чат, сонымен қатар 27 тілде дайын сабақтар мен жаттығулар бар.

Busuu Busuu-да ағылшын тілінде сөйлейтін сұхбаттасты тапсаңыз болғаны (ағылшын тілінен бөлек басқа 11 тіл үйренуге болады). Сонымен қоса сайтта сөздерді еске сақтауға және айтылуды үйренуге арналған сабақтар көп. Сіздің орындаған тапсырмаларыңызды ағылшын тілін иеленген адамдар тексереді.

Басқа сайттарды көру үшін сілтеме арқылы өтіңіздер: http://bilim-all.kz/article/2037-Zerikpei-agylshyn-tilin-qalai-uirenuge-bolady

...