Зерікпей ағылшын тілін қалай үйренуге болады
Үй тапсырмалар, сөздерді жаттау және ұзақ сабақтар сіз үшін қиынға соқса, уайымдамаңыз - шет тілдерді үйренудің көптеген көңілді әрі қызықты жолдары бар. Назарларыңызға оқу барысын қызықты өткізуге болатын 14 ресурсты ұсынамыз. Ойындар, аудиожазбалар, кроссвордтар, қызықты топтамалар – өз қалауыңыз бойынша таңдаңыз.
BBC Learning English
Британдық ағылшынды оқып үйренуге арналған сайт. Оқу бағыттары өте көп, мәтін және сөздікті видеолар, транскрипты аудиожазбалар. Сөздердің айтылуына жеке бөлім арналған. Әртүрлі тақырыптарды қамтитын 6 минуттық қысқа бейне роликті - 6 Minute English курсы бар. Әр роликтің астында мәтіндік нұсқасы да көрсетілген.
Livemocha
Шет тілдерді жақсы көретіндерге арналған әлеуметтік желі. Біліміңізді шыңдауға көмектесетін серіктесті тауып, оны немесе басқа пайдаланушыларға қазақ тілін үйретсеңіз болады. Қарапайым хабарламалардан бөлек нақты уақытта шет елдіктермен тілдесуге болатын чат, сонымен қатар 27 тілде дайын сабақтар мен жаттығулар бар.
Busuu Busuu-да ағылшын тілінде сөйлейтін сұхбаттасты тапсаңыз болғаны (ағылшын тілінен бөлек басқа 11 тіл үйренуге болады). Сонымен қоса сайтта сөздерді еске сақтауға және айтылуды үйренуге арналған сабақтар көп. Сіздің орындаған тапсырмаларыңызды ағылшын тілін иеленген адамдар тексереді.
Басқа сайттарды көру үшін сілтеме арқылы өтіңіздер: http://bilim-all.kz/article/2037-Zerikpei-agylshyn-tilin-qalai-uirenuge-bolady