Пендеміз ғой, мына өмірде адамдарға көп ренжиміз, көп ренжітеміз, сол реніштерді ұмытып бір сәт болсын қуанғанға не жетсін?! Адам күніне бір сәт болса да өзін-өзі қуантып тұрғаны дұрыс. Өзіңізді сәл мақтап, өзіңізге ұнайтын жақсы қасиеттеріңізді, елден ерекше жақсы мінезіңізді, дарыныңызды, өнеріңізді айта кетсеңіз, ең жаман деген адамның да бір жақсы жағы болады, ондай жақсы қасиет сізде де бар. Өзіңіздің қандай жақсы қасиетіңіз бар? Елден ерекше қандай талант, дарыныңыз бар? Қандай өнеріңіз бар? Ең болмағанда өміріңізде істеген бір жақсылығыңызды айта отырыңыз.. Бұл сұрақты пайдасыз, бос сұрақ деп, өшірмеңіздер, әр адамның ашылмай жатқан жақсы қасиетін, өнерін анықтауға көмектесейік, қалай өнерді шыңдауға болатынын айтып кеңестер берейік, бір-бірімізге көмектесейік достар..