+4 дауыс
1.4k көрілді
Қытай фарфоры өте қымбат тұрады дейді. Білгім келеді, қытай фарфорлары неге жоғары бағаланады?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Ертеден-ақ бүкіл әлемге танымал болған Қытай фарфоры - қытайдың дәстүрлі мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Араб тілінен аударғанда «фарфорлы нәрсе» сөзінің мәні «қытайлық», «Қытайдан» дегенді білдіреді екен. Фарфор ежелгі Қытайда ойлап табылса да, әлі күнге дейін құндылығы мен әсемдігін жоймай келе жатыр. Мыңдаған жылдар бойы қытайлықтар фарфор бұйымдарын достасқан елдеріне, дипломаттарға мемлекеттерінің атынан табыстаған, белгілі адамдарға сыйлаған. Осындай байланыстар арқылы Қытайдың басқа елдермен қарым-қатынастары нығайып, халықтардың достығы бекіген, қытай мәдениеті әлемге таралған.

Қытай жерінде ең алғаш рет қағаз, компас, жібек, парашют, механикалық сағатпен бірге фарфор да пайда болған. Қытайда оны дайындау үдерісі құпияда сақталды, ал Еуропаға эксклюзивтік жеткізілімдер тек XIII ғасырда басталды.

Қытайлықтар фарфорды күйдіру шеберлігін де алғаш меңгерген. Б.ж. с. дейінгі VII ғасырда Қытайда прото-фарфор дайындай бастады. Сол уақыттан бастап нағыз фарфор Қытайда жасалады. «Каолин» термині (фарфордың негізгі ингредиенттерінің бірі) Гао-Линь тауының атауынан шыққан. Онда алғаш рет фарфор үшін балшықты қазып ала бастаған. Солғын сұр-жасыл түсті фарфор император мен оның сарайы үшін ғана дайындалатын болған. Азиядан қайтып келе жатқан кезде Марко Поло шамамен алғанда 1290 жылға дейін қытайлық фарфорды Еуропаға әкелген.

+2 дауыс
Себебі Қытайда фарфор өндірісі ерте кезден басталған болу керек,сондықтан жоғары бағаланады.
...