0 дауыс
Сәлем достар. маған мектеп, ұстаздар туралы ән керек өте жақсылары керек. мүмкіндік болса көмектесіңіздерші.
05.05.2014 1.5k қаралым

2 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.
Қайырмасы:
Сыңғырла соңғы қоңырау,
Тілегің болсын түлекке.
Киелі үнің күш берсін,
Үлпілдеп тұрған жүрекке!
Орындалсын аңсап жүрген арманың,
Арайланып атсын нұрлы таңдарың.
Туған елдің көк байрағын көтеріп,
Биіктерден көріне бер, саңлағым!
Қайырмасы:
Ардағым деп қуанады ел саған,
Тарланым деп табынады жер саған.
Болашақтың бар тізгіні сендерде,
Сенім артар азаматым, болшы аман!

05.05.2014
0 дауыс
рахмет муны ким айтады. тагыда андер бар ма екен?
05.05.2014

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы