Мектеп, ұстаздар туралы ән керек

0 дауыс
1.5k қаралым
Сәлем достар. маған мектеп, ұстаздар туралы ән керек өте жақсылары керек. мүмкіндік болса көмектесіңіздерші.
• Санаты: Өнер | 1.5k қаралым

2 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.
Қайырмасы:
Сыңғырла соңғы қоңырау,
Тілегің болсын түлекке.
Киелі үнің күш берсін,
Үлпілдеп тұрған жүрекке!
Орындалсын аңсап жүрген арманың,
Арайланып атсын нұрлы таңдарың.
Туған елдің көк байрағын көтеріп,
Биіктерден көріне бер, саңлағым!
Қайырмасы:
Ардағым деп қуанады ел саған,
Тарланым деп табынады жер саған.
Болашақтың бар тізгіні сендерде,
Сенім артар азаматым, болшы аман!

0 дауыс
рахмет муны ким айтады. тагыда андер бар ма екен?

Ұқсас сұрақтар

127,943 сұрақ
322,829 жауап
153,169 пікір
72,943 қолданушы