0 дауыс
13.5k көрілді
Жұмыс орныма рұқсатсыз кіріп, кеңсе бөлмесінен 120мың теңге құрайтын ұялы телефонымды ұрлаған қылмыскер табылды. оған қандай жаза қолданылады?

Ішкі істер бөлімі қызметкерлері қылмыскер бостандығына шектеу қойылмайтындығын, ауыр қылмыс тағайындалмайтындығын түсіндірді...

Құқықтық кеңес берулеріңізді өтінемін?

7 жауап

0 дауыс
Менттерге аздап пара берсе ешқандай жаза қолданылмайды.
0 дауыс
Ұрлық жасаған аса ауыр қылмыс емес, дегенмен 120 мың құрайтын телефонды ұрлаған болса қалалық прокурор немесе сотқа түсіндіріп көріңіз.Ия, Қазақстанда ұрлыққа онша қиын жаза қойылмаған, ал Қытайда ұрлық жасаған адамның қолын шауып тастайды екен.Ал бір қолы жоқ адаммен ешкімде араласпайтын көрінеді.Ой кешіріңіз информация айтып кетіппін:-).Прокурорға айтып көріңіз!
0 дауыс
урланған заттың бағасына байланысты
+1 дауыс

Ұрлық туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 6-тарау, 175-бабында жазылған. Міне мына жерден оқы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K970000167_

+2 дауыс
6-тарау. Меншiкке қарсы қылмыстар

      175-бап. Ұрлық

      1. Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау -
      екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Мынадай:
      а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
      б) бiрнеше рет;
      в) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлiк құралының салонына заңсыз кірумен;
      г) мұнай-газ құбырынан жасалған ұрлық -
      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Мынадай:
      а) алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      б) iрi мөлшерде жасалған ұрлық –
      в) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      мүлкi тәркiленiп үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Мынадай:
      а) ұйымдасқан топ жасаған;
      б) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық, -
      мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту.
      1. Осы Кодекстiң баптарында ұрлық деп пайдакүнемдiк мақсатта бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады.
      2. Осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарын қоспағанда, осы  тараудың баптарында iрi мөлшер немесе iрi залал деп қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айлық есептi көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетiн мүлiктiң құны мен залалдың мөлшерi танылады.
      2-1. Осы тараудың баптарында аса iрi мөлшер немесе залал деп қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен екі мың есе асып түсетiн мүлiктiң құны немесе залалдың мөлшерi танылады.
      3. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5. Меншiк құқығында ұйымға тиесiлi немесе оның қарамағындағы бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау, алаяқтық жасау, иемденiп алу немесе ысырап ету жолымен жасалған ұсақ-түйек ұрлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Оны жасауға кiнәлi адам заңға сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Егер ұрланған мүлiктiң құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын болса, ұрлық ұсақ-түйек ұрлау деп танылады.
      Ескерту. 175-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2005.11.22 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
0 дауыс
олжас тумаев рахмет,,,
0 дауыс
кайтесиз Озиниз амансыз ба? Алла жзасын береди,Урлаган адамга айтыныз Алла корип тур Алла дан корк деп айтыныз
...