0 дауыс
1.1k көрілді
Жас өлема, кәрі өлема, оны бір қудай білетіні сөзсіз. ең ұзақ жасаған адам кім, жане қай қалада? қанша жаста өмірден кетті?

5 жауап

0 дауыс
120 жастағы адам бар осы біздің Азия жақта, гуглды ақтарсаң табасың.
Манчестер Юнайтед Англияда чемпион болғанша, сен бұл сайтқа кірмейтін боласың ғой.
0 дауыс
Ең ұзақ жасаған кісі, әліде тірі. Оның жасы 179 - да.

http://jakup.ucoz.ru/news/zhasyn_estigender_la_yna_senbejdi/2014-04-28-224
0 дауыс
Әлемде ең ұзақ жасаған адам 185ке келген одан соң 179ға келген адам бар и 175 келген аты жөндерін білмедім.
Еба бара бара көбейіп бара жатырғо басында 120 сияқты ед. 300 десе таң қалмайм.
дәлелдеш.
0 дауыс
Әлемдегі ең үлкен қария 179 жаста. Үндістанның солтүстігіндегі Варанаси қаласының тұрғыны Махашта Мураси «Тарихтағы жасы ең үлкен адам» ретінде Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді. Бұл туралы «Worldnewsdailyreport.com» интернет-порталы хабарлап отыр. Махашта Мураси 1835 жылдың маусым айында дүниеге келген. Яғни бүгінде ол 179 жасты алқымдап қалды. Әлем назарын аударған қария өз сұхбатында: «Мен осыншама көп жасап келемін, тіпті, шөберемнің де өлгенін көрдім», - дейді. Махашта Мураси 1903 жылдан 1957 жылға дейін Варанаси қаласында етікші болып жұмыс жасайды. Ол етік жөндеп жүрген кезде 122 жаста болған екен. «Қандай да бір себептермен өлім мені ұмытып кеткен сияқты. Статистикаға назар аударыңыздаршы. 170-ті айтпағанның өзінде, ешкім әлі 150 жасқа жетіп көрген емес. Соған қарағанда мен ажалсыз адам шығармын», - дейді ол. Ақпарат көзі: http://massaget.kz/alemtanu/syrly-alem/18553
мен жауап беріп тастадым.
Рахмет!!!
Қарияларымыз Ұлы Отан соғысы болғанда құжаттарың жоғалтып алып естеріңде қалмайды ғой, мынау соның біреуі шығар . Және көп әжелер туған күнің 8 наурызға қоя салатында естігем.
+1 дауыс
Бүкiл дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының жiктемесi бойынша: Адам 44жасына дейiн жастық кезең, ал 45-59 орта жас, 60-74 мосқал тартқан, 75-89 қарттық кезең, ал 90-100 және одан жоғары ұзақ өмiр cүретiн адамдар. Адамның ұзақ өмiр сүруiнiң механизмiн зерттейтiн ғылымды геронтология деп атайды. Бұл ғылым қартаюдың биологиялық механизмiнiң маңызды заңдылықтарын зерттейдi, және қартаю құбылысына әсер ететiн жағдайларды қарастырады. Геронтология гериатриямен тығыз байланысты. Гериатрия мосқал және қарт адамдардың ауруын зерттейтiн ғылым саласы. Адамның жасы ұлғайған сайын биологиялық оңтайлы режимде белсендiлiк танытуы оның өмiрiнiң ұзақтығының себебi болып табылады. Танзанияның Аруша қаласының маңында тұратын Самсон Шакорогаро 1809 жылы туған 158жыл жасаған. Осы жасына дейiн еңбекпен шұғылданған. Оның әкесi Самсон тайпасының басшысы болған. Оның 39 әйелiнен 203 бала туған. Әкесi 123 жасында қайтыс болған. Ол әкесi өлген соң, көп әйел алудан бас тартып, үш әйелiнiң бiреуiмен ғана отбасын құрып өмiр cүрген. Бұл әйелi қайтыс болған соң, 125жасында қайта үйленген. Бұл жұбайынан үш бала туған. Әзербайжан Мислимов Ширали Фиолиоғлы 1805 жылы туып, 168жыл өмiр сүрiп, 1973жылы дүние салған. Джонде жан Терель 1684жылы туған. Ол 16жасында әскер қатырына шақырылып, 1777 жылы XVI Людвиг 93жастағы әскери қызметкерге капитан атағын берген. Ал 1802 жылы (XIX ғасырда) Напалеон 118 жастағы капитанды әскер қатарынан шығарған. Джонде жан Терель 1827жылы 143жасында дүние салған. Иранның тұрғыны Махмуд Аюбу 1790жылы туған, 1970 жылы ол 180жасқа толған. Ол 160жасында соңғы рет үйленген. Оның 170немересi болған. Организмнiң дәл жасын анықтау оңай емес. Ағаштардың жасын оның жылдық сақинасы арқылы анықтайды. Ал адамның жасын анықтағанда құжаттарды пайдаланады, ұрпақтарының жасымен салыстырады. Тарихи оқиғалардың кезеңдерiмен қатарлас болуына қарапта анықтайды. Ұзақ өмiр сүрушiлердiң ұқсастығының бiрдей болмауы. Ұзақ өмiр сүрушiлер, әртүрлi адамдар, олардың тағдыры, мiнез-құлқы, қабiлетi де әртүрлi. Олар жер шарының әр жерiнде тұрады. Тұрмыс қалпы да, әртүрлi болады. Олар әртүрлi әлеуметтiк топтарға жатады. Мысалы: Пулков обсерваториясының директоры, академик А.А. Михайлов (92жыл өмiр сүрген) Ол 1895жылы дүниеге келген. Ол 88жасында, яғни 1983жылы өзiне қойылған: Сiз денсаулығыңыздың, сергектiгiңiздiң, және еңбек қабiлетiңiздiң жоғары болуын қалай түсiндiресiз, ол үшiн не iстейсiз?— деген сұраққа былай деп жауап берген: Мен ол үшiн ештеңе iстегенiм жоқ, темекi тартпадым, арақ-шарап iшпедiм, және тәулiгiне 8сағат ұйықтадам деп жауап бердi. Соңғы 26жылда қаланың сыртында жиi боламын дедi. Ұзақ өмiр сүрген ата-ананың, балаларының да ұзақ өмiр сүруi жиi кездеседi. Вилькабамба аңғарының тұрғыны Мигель Картшо 123 жасқа келгенде, оның қызы 98жасқа толған. Михаэле Кесадо жүзден асып өлгенде, оның өзiнен үлкен апасы 107жасқа толған.

Ұқсас сұрақтар

...