Мисуак Мисуак (сивак) – бұл тамақ қалдықтарынан, тісті тазалау тістерді тіс жиегінен қорғау және жалпы тісті таза ұстау. Пайғамбарымыз Мұхаммад с.ғ.с. айтқан: «Сивак – бұл ауыз қуысының таза болуы және Алла Тағаланың (сіздерге) разылығы» ан-Насаи. Пайғамбарымыздың с.ғ.с. кезінде де қазіргі кезде де тіс тазалайтын щётка және сонымен қатар тіс пастасы ретінде де пайдаланатын бұталы өсімдіктердің шыбықтары бар. Қазіргі тіс тазалайтын щёткаларының ұзындығындай етіліп кесілген шыбықтар жайында Пайғамбарымыз с.ғ.с. жоғарыда айтылған хадисте және көптеген хадистерде мисуак деп атап пайдаларын айтып кеткен. Бүгінгі күнде жүргізілген жан – жақты зерттеулер мисуактың ауыз қуысы үшін пайдаларының көп екенін дәлелденген. Мысалға, бұл таяқшамен тіс қағы оңай кетіріліп тісті тіс жиегінен қорғайды. Қазіргі тіс пасталарының ішінде де негізгі компонентінің бірі мисуак болған тіс пасталары да кездеседі. Қолдану уақытына келсек, оның шектеуі жоқ: ұйқыдан тұрғаннан кейін, біраз үнсіздіктен кейін, тамақтан кейін және т.б. Пайғамбарымыз Мұхаммадтың с.ғ.с. ол таяқшаны көп пайдалану себебі, үнемі ауыз қуысын таза ұстау үшін және денсаулықты сақтау үшін. Мысалға, Айша анамыздың айтуы бойынша «Алланың елшісі с.ғ.с. үйге оралғанда, ең алдымен тісін тазалайтын». Ғалымдар бір ауыздан, мисуакты (тіс тазалаудың барлық түрлері секілді) сүннет муаккада (міндетті сүннетің деңгейіндей ) деп айтқан, өйткені Пайғамбар с.ғ.с. бұл істі үнемі істеп және оны басқаларға да насихаттаған. Мисуак таяқшасымен тісті тазалау жайындағы хадистерге қарасақ, онда кейбір хадистерде дәретті алғанда тісті тазалау жайында айтылса енді келесі хадисте намаздың алдында деп айтылады. Тағы бір хадис келтіие кетсем: «Пайғамбарымыз с.ғ.с. үнемі күндіз болсын түнде болсын, уйқыдан тұрғанда және дәрет алудың алдында тісін тазалайтын» (хадис Айша анамыздан, Ахмад және Абу Дауд жеткізген). Намазды орындау үшін адамдар тістерін Miswak таяқшаларын пайдаланып тазалап алу керек деген Пайғамбарымыз с.ғ.с. Ғасырлар бойы орта Азия аймақтарында тісті тазалау Miswak ағашының тамырлары және кішкентай бұтақшаларын пайдалану арқылы істелген. Египетте жүргізілген зерттеулер нәтижесіне қарасақ бұл таяқшаларды пайдалану тек тісті тазалап қана қоймады сонымен қатар ауыз қуысындағы бактерияларды тазалаудан кейін екі күн өлтіреді. Бұл ағаштан жасалған ауыз қуысын шаюға арналған сұйық пастасымен шаюдан бактерияның бір түрі 75% – ға азаяды. Кейбір тіс пасталарына Miswak бөлшектерінде қосады. Ал дәстүрлі тіс пастасының құрамына әдетте тазалау үшін абразивті және синтетикалық заттар қосылады, ал кішкентай талшықтары қосылған тіс пасталарына табиғи антисептиктерді және микробқа қарсы ингредиенттерді қосады. Сонымен қатар таяқшалардың құрамында тістің қанауының алдын алатын және оның қабынуын тоқтататын танин болады. Бұл таяқшаларды қолданатын адамдардың айтуы бойынша Miswak тістегі тіс тасын өте тиімді кетіреді және тіс щёткасының орнына осы таяқшаларды пайдаланатын адамдардың тістері өте ақ және жылтыр болады. Егер сіздер таяқшаларды қолданғыларыңыз келсе ол өте оңай дейді стоматолог Эрик Шапира. Ең алдымен жақсылап таяқшаны шайнап жұмсартып алыңыз. Кейін таяқша арқылы тіс қағын тісіңізді ысқылап тазалаңыз. Таяқшаның қолдануыңыз үшін пластикалық болуына 5 – 10 минут кетеді, одан кейін 3 – 5 минуттан әр бір тістің тасын түсіру үшін ысқылайсыз.
Ақпарат: http://el.kz/m/articles/view/content-3726
Ақпарат: http://el.kz/m/articles/view/content-3726