0 дауыс
588 көрілді
ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттарының өңірлерге шығуы туралы ақпарат керек?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

5 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттары республика өңірлеріне шығу шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында негізгі ережелерді түсіндіру және насихаттау мақсатында Алматы қаласына келеді.

Шығу шеңберінде сенаторлар қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ұлттық гвардиясы деп аталатын ҚР ІІМ ішкі әскерлердің  5571 әскери бөліміне келеді, онда бөлімнің жеке құрамымен кездеседі және Әскери шұғыл резервтің қарулары мен әскери техникасы, сондай-ақ әскери қызметкерлердің көрнекі қойылымдары көрсетіледі.

Одан әрі сенаторлар Қазақстан Республикасы ІІМ Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің (АМБ) Әскери және әдістемелік дайындық орталығына (Заречный поселкесі) баруды жоспарлайды, аралау барысында оларға Орталық құрылысы жоспарының жобасы бас жоспарда ұсынылады, ғимараттардың, имараттардың, шекаралардың, аймақтардың жоспарланған құрылысы бойынша техникалық сипаттамаларды және ҚР ІІМ арнайы мақсаттағы және әскери бөлімшелердің жеке құрамын дайындау бойынша түсіндіреді.

Сондай-ақ депутаттар Қазақстан Республикасы ІІМ (Заречный поселкесі) Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің (АМБ) жоғарыда көрсетілген Әскери және әдістемелік дайындық орталығын салу бойынша бас мердігерлік ұйым болып табылатын, «Алматыэнергосервис» ЖШС машинажасау және энергетикалық саланың ірі отандық өндірушінің өндірістік базасына барады, оның қызмет істеуі Қазақстан Республикасының күштік қорғаныс ведомстволарының қорғаныс өнеркәсібінің дамуына әсер етеді.

Бұл ретте, Ақтөбе қаласының ӘҚК ӘИ авиациялық персоналды, техникалық персоналды дайындау бойынша жалғыз авиациялық орталықты ұйымдастыру, мотоатқыштар (танкілік) ротасына, әскер түрлерінің бөлімшелеріне (ӘҚҚ, артиллериялық, авиациялық) атыс және тактикалық дайындықты қамтамасыз ететін кәсіби дайындықты ұйымдастыру, және одан әрі курсанттарды дайындау сапасы мен тиімділігіне әсер ететін және анықтайтын Алматы қаласы ӘҚ ӘИ, Щучинск қаласының Кадет корпусында, Алматы қаласының ИРЭжБӘИ оқу орталықтарында атыс жүргізуді қамтамасыз ету, жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру сияқты оларға тән емес функцияларды азаматтық секторға беру туралы мәселелер талқыланады.

 «Алматыэнергосервис»ЖШС баспасөз қызметі

Компания туралы қысқаша ақпарат:

«Алматыэнергосервис» ЖШС:

әскери және қосарлы мақсаттағы өнімдердің
тренаждық-модельденетін жүйелердің
азаматтық мақсаттағы өнімдердің шығарылуына мамандандырылады.

«Алматыэнергосервис» ЖШС миссиясы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және басқа қорғаныс күштері ведомстволарының және экспорт қажеттіліктері үшін қорғаныс өнеркәсібі мен қауіпсіздікті дамытуда, сапалы әскери-өнеркәсіптік өнімдерді және қызметтерді дамытуда мемлекеттің стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету. «Алматыэнергосервис» ЖШС – экономиканың, қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді қосқанда, барлық саласы үшін машинажасау және электрэнергетика өнімін өндіретін ірі машина жасау компаниясы, Қазақстанның инжинирингтік қызметтерінің бәсекелесуге қабілетті қатысушысы.

...