+1 дауыс
Бұл жерде сұрақты қалай қою керек екендігімен таныстыңыз ба?Және сұрақ қоймас бұрын ол сұрақтың қайталанғанын әлде қайталанбағандығын көресіз бе?Мұны сұрап жатқаным, сайтта қайта-қайта сұрақтар қайталанып қойылады.
Сұрақтың жабылу себебі: Жапқаным дұрыс болар деп жаптым.
03.11.2011 582 қаралым

2 жауап

+2 дауыс
Осы сұрақ маған байланысты емес пе екен деп қоям жаңағы жазғандарыңызға қарап....
03.11.2011
Жалғыз сізге ғана емес, барлық қолданушыларға да арналған.
+2 дауыс
Өте тамаша сұрақ,дәл казір қолданушыларға жетіспей жатқаны осы жағдай.Мен өзім де алғашқы кездерде ереже туралы ешнәрсе білмедім,кейін оқып таныстым.онсыз сайтта сұрақ беріп,жауап алу өзіңе де,өзгелерге де қиындықтар туғызады екен.Ең жаманы сайттың болмысына,рейтингіне нұсқан келеді.Сондықтан бірнеше минут уақыт бөліп сайт ережесі мен,сайтты қалай пайдалану тәртібін ыхтият қарап шықса қолданушыға зор пайдасы болатынын ескерсеңіздер жақсы болар еді.Бәрін бірдей өшіру шарасын да дұрыс деп ойламаймыз,сондықтан екі жақты түсіністік ең жақсы жол деп білемін.Бұл сайт кейбір қолданушылар ойлағандай ермек.не болмаса танысу бұрышы емес,басқа бір адамдар үшін білмегенін іздейтін ақпарат көзі екендігін ойдан шығармайық.Сайттың келешекте алдына қойған зор мақсаттары бар,соған кедергі келтірмей,жақсы болу жағына назар аударайық.Сайттың салиқалы болуына ат салысайық.
03.11.2011

Ұқсас сұрақтар

127,956Сұрақ
322,866Жауап
153,167Пікір
72,970Қолданушы