0 дауыс
825 көрілді
Математика,Алгебраны мектепте бәріміз оқыдық қой. Басқаны білмеймін мен математиканы 5-6 сыныпта 5ке оқыдымда 7-сыныптан кейін оқып жарытқаным шамалы. Қазір химия,алгебра,геометриядан басымда бір нәрсе барма,жоқпа белгісіз қақпай кеттік қой,H2O дан басқасын.Қазір,мысалы математикадан маған пайдаға асып жүргені көбейту,қосу,алу,азайту болар. Сонда соншама теңдеу,тангенс,катангенс,бірдеңе,бірдеңе дегендерді не үшін оқыдық. Сол көп есептердің не пайдасы бар,адамзат өміріне пайдаға асама? Мысалы шешілмеген мыңжылдықтың жеті есебі дегенді естідім,оны шешкеннен не пайда бар деймінда,пайдаға аспайтын нәрсеге бос уақыт өлтіріп.....НЕГЕ?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бір мысалмен жауап берейін: Бұрын мен де солай ойлайтын едім, бірақ өткенде бір құрылыс фирмасына қарапайым жұмысшы болып орналасқан сыныптасым телефон соғып тұр, сен геометриядан жақсы едің ғой Пифагор теоремасын айтып жіберш дейді, содан күн сайын бір ай бойы соғып шықты геометриядан әр нәрсе сұрап (вахталық жұмыс қой). Білгенімді айтып, білмегенімді интернеттен қарап деген сияқты бүкіл геометрияны кері оқып шықтық. (сөйтсем оларға чертеж келеді екен, оны түсіну үшін жаңағылардың бәрін білу керек)

Жұмыстан келгесін айтады жаңағы чертеждерді бір қарағанда бәрін түсініп тұрғасын, жұмысым жоғарлады сенің арқаңда бастық болып қалдым деп қараааап тұр...
Хехехе))) Ай, өмір-ай!!!
+1 дауыс
Ол сенің ми қыртысынды кеңейтіп, болашақта стратегияны ойлайтын маман етіп шығару.Мысалы оның бәрі саған ұмытып қалмас үшін емес, сенің болашақты зерелей жүріп өмір сүруді үйретеді.Ия 7 класс қиын болд ия?)
+1 дауыс
Біз бір есеп шығарып біткенде жапондықтар, америкалықтар бір жаңа технология жасап бітеді, біз уақытты есепке жұмсаймыз олар пайдалы іске жұмсайды сондықтан дамуда, біз сияқты елдерді дамып кетпесін деп есепке басымызды айналдырып қойған білесіңдерме!? Математикадан қандай бір олимпиадалар болса дамыған елдің математиктері емес жай бір елдің математиктері алдыңғы орынды алады, себебі түкке тұрғысыз есепті шығаруды ғана білеміз, бізді мақтап мадақтап математик деп алдап қояды, біз мәз болып миымыз ашып есеп шығарумен өтеміз...
+2 дауыс
Жоқ келiспеймiн екiншi жауаппен. Бұл есептердi қарапайым адамдар емес танымал, сауатты математиктер ойлап тапқан. Ал математикадағы сол шырғалаң есептердiң пайдасы көп. ... Белгiлi математик Гаусс айтқандай: «Ғылымдардың патшасы - математика» Мiне патша деген сөзде үлкен мән бар. Бұдан М.В.Ломоносовтың «Ақыл-ойды ретке келтi­ретiн – матема­тика» деген сөзi күнi бүгiн де көкейкестi екенiн көремiз. Мысалы сен айтып кеткен тригонометрия әскерде офицерлер әртүрлi нысандардың өлшемiн бiлу үшiн қолданады. Сондықтан ол сенiң cалаңда пайдасы болмаса да басқа салаларда керек болып қалады.
жақсы айттың
+2 дауыс
керек . керек болмаса бостан босқа оқытпайдығой. нақты ғылымдар ба : математика, физика, биология, география, химия осыларды оқу керек
...