Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, олардың өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Қазақстанда, оның елордасы Астанада достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай, күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынған. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің символы болсын.Ақпыз , қара , сарымыз - ағайынбыз бәріміз.Ынтымақ, береке, бірлік, татулық болсын біздің елде. МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !