0 дауыс
11.1k көрілді
Қазақ халқы қандай халық?

9 жауап

0 дауыс
Қазақ Халқының антропологиялық сипаттама беретін болсақ - морфофизиология ерекшеліктеріне байланысты зерттеліп, анықталған мәліметтер жиынтығы.Қазақ халқының алғашқы антропологиялық сипаттамалары 18 ғасырда Қазақстан жерінде болған миссионерлер мен саяхатшылардың жазбаларында берілген.

Толық мәлімет http://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_Халқының_антропологиялық_сипаттамасы

Қазақ Халқының Салт-дәстүріне сипаттамасы - Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Толық мәлімет http://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_халқының_әдет-ғұрпы_мен_салт-дәстүрлері

Көп қой қазақ қандай халық дегенге бірнеше мысал келтіруге болады.
+1 дауыс
Надан халыққо біреу біреуден артық нәрсе жасаса көре алмайд.
Ой жоғғей момын халықпыз
ақ пен қараны айыра алмаса айтарсынү...
Белгісіз
+1 дауыс
http://xmusic.me/q/lsS8wLfA5PiR8HqG_ZKHs82D46L9R6jTpeem_keJ25L06f2Z4-HKubqVxg/ Жайлауында жүрген жігіт бағып қой, Дос келді деп, жасап жатыр анық той. Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы, міне, танып қой. Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған, Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар. Қазақ осы күй шығарып, ән салып, Көкпар тартып, қыз қууға жаралған. Қазақ осы - айтатұғын желге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір. Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз, Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін, Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін. Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін. Қазақ осы - көргенінен танбайтын, Той-думансыз оты түзу жанбайтын. Қазақ осы - алудай-ақ алатын, Ал беруден алдына жан салмайтын. Қазақ осы - ашық жарқын қабағы, Қонақ келсе шабылып бір қалады. Байқа да тұр, саған да ол кетерде, Ат мінгізіп, жібек шапан жабады. Ат мінгізіп, жібек шапан жабады. Қазақ осы - құда бол деп қинайтын, Құдаларын құдайындай сыйлайтын. Қазақ осы - дүние мен малыңды, Оңды-солды шашу үшін жинайтын. Қазақ осы - жайып жатқан қанатын, Батыр халық, ақын халық - дәл аты. Қазақ осы - өзімсінген адамға, Насыбайға бола өкпелеп қалатын. Жайлауында жүрген жігіт бағып қой, Дос келді деп, жасап жатыр анық той. Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы, міне, танып қой. Нағыз қазақ осы, міне, танып қой!
+1 дауыс
Қазақты мақтайын десем - не айтып мақтануды білмеймін. Жамандайын десем - Қазақты жамандыққа қимаймын. Не болса да Мен Қазақпын, Қазақпын деп мақтанамын, мен үшін ең үлгілі халық - қазақ халқы, себебі өзім қазақпын. Мұқағали ізімен өзім шығардым: Дүниеде "әсем халық" көп дейді, Ойбай, ойбай бола берсін көп мейлі, Барлық халық әдемі ғой, әдемі. Бірақ, менің Қазағыма жетпейді. (мақтамайын десемде, мақтап қойдым ба?:))
+1 дауыс
mina jerde bireui nadan bireui an minau dep jatir arkim ozinde bar kasietti aitip jatirgoi...... Bir sozdi aitip barin sondai kila saluga bolmaidi... Kazak dese ozimizge tiedi... Oz ozimizdi tomendetpik dostar.. Baska ulttar korse ne oilaidi
0 дауыс
Өкінішке орай Қазақ деген халықтан қасиет қалмадығой.Құдайы қонақ келсе астындағы жалғыз атын сойып беретін жомар-қазақ жоқ қазір,бар болсаң көре алмайды,жоқ болсаң бере алмайды қазіргі қазақ.Азап пен тозаққа мойымаған еңбекқор қазақ жоқ қазір,қазақтан асқан еріншек халық жоқ шығар,қолымызға артық ақша түссе өзбек жалдаймыз.Жұмыста да қазақтардың жұмысы "халтура","Көзімнен к....тім таса" деп,жұмыстың сапасына мән бермейміз.Жебір халықпыз,ақша жеуден алдымызға жан салмаймыз.Ар,ұят деген мүлдем қалмаған.Қазақта намыс жоқ,"Сен тимесең мен тиме бадырақ көз"- деп отыра береміз,міне қазіргі ҚАЗАҚ осындай,өкінішті әрине,"Қазақ десең өзің тиеді".
0 дауыс
Қазақ текті халық
0 дауыс
Қазір қазақтың қазақ деген атауынан басқа не қалды.Қыздарымыз жалаңаш суретін интернетке салып атақты болса, әкімдеріміз қамын ойлап байып жатыр, қазағымыз құртылып бітуге қалд.
0 дауыс
Қазақ, қаны таза халық
...