+4 дауыс
2.1k көрілді
Неге кейбір қазақтар президентіміз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевқа қарсы шығып жатыр? Ютубта елбасымызға қарсы, жамандап қаншама видеолар шығып жатыр, "Шал кет" деп көтеріліс жасады, қайдағы бір шал ютубта президентті жамандады, неге солай өзімізге-өзіміз қарсы шығуымыз керек?? Кімдікі дұрыс айтыңдаршы? Қазақты қазақ қана ойлайды, орыстар мен қытайлар Қазақ елінде көтеріліс болса, той тойлайды. Бір жағынан Ринат Зайытовтың айтқандары дұрыс болуы мүмкін, бір жағынан қазақ бола тұра қазақ басшысы туралы сондай сөздер айтқаны қате болды. Мүмкін, елбасының орнында басқа біреу болғанда, солтүстік пен батысты Ресей, шығысты Қытай, Оңтүстікті Өзбекстан алып қояр ма еді?! Мүмкін, елбасының орнында басқа біреу болғанда, әлі күнге дейін Татар, башқұрт т/б сияқты Ресейдің құрамында қалып кетер ма едік?! Кім білсін. Негізі өз басшымызды жамандап, оған қарсы шығып қате жасадық. Кімдікі дұрыс? Халықтікі ма әлде елбасымыздікі ма? Не үшін халқымыздың адамдары президентке қарсы шыға береді??? Сұрақты жауып тастамаңдаршы!!!
Сұрақтың жабылу себебі: менің сұрағым ғо, жапқым келді
сенің бөйтіп сұрақ қоюуыңа хақың жоқ. сен президенттен жоғары емессің егер білсе осы сұрақты сены әкімшілік жауапкершілікке тартыласың енді есіңде болсын
Сұрақтың қай жері ұнамай қалды? Кім мені әкімшілік жауапқа тартады? Білмесең тыныш отыр, әлі оқушысың.
Халык президенттен жогары турады есіңде болсын
оқушы емесқо Доценқо ха ха ха ))))))
Осындай сұрақ қойғаның үшін зеңбірекпен атып,танкімен таптайды десеңізші))Демократиялық елде емес тура бір Солт.Кореяда өмір сүріп жатқандаймыз.Әкімшілік жауапқа тартылады дегені нес тағы?Сұрақ қоюғада болмайма енді?

18 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Елбасымыз болмаса осындай күнге жетуіміз екіталай. Елбасыны жамандап жүргендер біздің осы жағдайымызды көре алмайтындар деп ойлаймын.
Дұрыс. ...
президенттікі де дұрыс бірақ көтеріліске шыққандар таза қазақтар еще қарттар мен жастар сонда не қазақ қазақты көре алмайма
Қазақ қазақты көре алмайды. Сен бұны білмейтін бе едің?
жұмысы бар жалақысы бар пенсиясы бар стипендиясы бар болса  қандай адам көтеріліске шығады
+2 дауыс
бұл күрмеуі қиын мәселеғоооо, оған басынды қатырып қайтесін, дегенмен еліңнің патриоты болудан еш шаршама
+3 дауыс
"Татар,башқұрт сияқты Ресейдің құрамында қалып кетер ма едік"-дейсін,біздің елді Ресейдің құрамынан алып шыққан ол кісі емес,есіңде болсын.
Кім алып шықты
Белгісіз
Тарихтан оқымайсындар ма,әлде мектепте солай айта ма?
Білсең айтсаңш, біліп жүрейік, тарихты дұрыстап оқымағанбыз, мектепте олай айтқан жоқ.
Белгісіз
Әлихан Бөкейханов бастаған Алаштықтар болмағанда,онда біздің дәрежеміз қазіргі  Ресей құрамындағы  Татарстан,Башқұртстан сияқты болатын еді.
Белгісіз
әлейхан бөкейхан себепкер сияқты ол а негізі 25 одақтас республиканы таратқан Николай Горбачев
25 емес,15одақтас ел
+5 дауыс
Қазір агрессорлық соғыс қалған. Себепсізден себепсіз баяғы ғасырдағыдай солтүстік, оңтүстік, шығысымызды әскери күш қолданып ешкім ала алмайды. Сізге сәл алға жылжу керек. Қазір экономикалық, ақпараттық соғыс дегендердің дәуірі. Мұнайдың 3-тен 1-і, әлде 2-ден 1-і Қытайдыкі. Компанияларында жұмыс жасайтын көбі қытайлық келімсектер. Қазақтар жасаса қытайдың жалақысы бізден 5-6 есе көп.(алғашында 1000000 алады дегенде сенбеп едім) Байқоңырды Ресей тиын тебенге жалға алып, ракетаның уын төбемізден төгіп жатыр. Кедендік одаққа кіргізіп ойына келгенін жасап жатыр. "Реальный" өмірге қош келдіңіз. Халық себепсізден себепсіз басшыға қарсы шықпайды. Ол керісінше 1991 жылы тәуелсіздік алып жатқанда Ресейден бөлінгісі келмей зыр жүгіріп жүрген дейді көзін көргендер. Бізге қазір тіпті бас көтеретін халықтың жағындағы адамдар да қалмады.
Қайта осы елде өмір сүріп жатқаныңа рақмет айтпайсынба? Теледидарда айтып жаткан телефон компьютер біздеде бар теледидарда жеп откан тамакты бизде жеп отырк шетелде киіп жүрген киім бізде киіп жүрміз. Осының барлығы елбасымыздың арқасында.
Сен шетелді қара Украина не болп жатр Қырғызстан не болд Сирия Ирак Ауғанстан Ливия оларды айтпасақта болады. Не үшін өзбектер бізге ағылып келеді дейсің Өзбекстандада өмір сүру қиын. Елбасымызды жамандап жүргендер біздің осы жағдайымызды көре алмаушылықтан. Біздің арамызға да іріткі салғысы келетіндер бар. Мысалы Сириядағы халықтың арасына іріткі салған АҚШ Украина халықтарының арасына іріткі салған АҚШ.  Біздеде сондай көтеріліс ашқысы келеді.
Ана хабар, қазақстанды қарай беріп миың әбден уланған екен. Бізге өзімізден басқа ешкім(Ресей де АҚШ та) жаны ашымайды. Жаны ашиды деген басшымыздың ісі анау ғой. Оны көрмей жүрген сен де...
Сен Муамар Каддафиді білесіңбе ол не істеді халқы соншалықты жек көретіндей? Әлде мұнайды арзандатқаны үшін бе? елінен АҚШ әскерлерін  қуғаны үшін бе? халқына жақсы жағдай жасағаны үшін бе? Әлде әділеттілігі үшін бе? Енді ондай адам миллион жылда бірақ рет келеді. Ақыр соңында не болды? АҚШ Каддафиді тірілей ұстап халықтың қолына берді ал олар жауыздықпен өлтірді.
http://www.azan.kz/islam/blog/id/651.html
Сен, әуелі өз еліңнің басшысын танып ал. Қандай адам екенін, еліне қандай істер жасағанын біліп ал. Каддафиді қайдан білесің қандай адам екенін, өз басшыңды танымай тұрғанда?
Бейбіт өмір сүріп жатқанымызға шүкіршілік етеміз,әрине,бірақ сол басқа елге қарағанда тыныш өмір сүріп жатырмыз екен деп халықтың қалай күн көріп отырғанын байқамаған сыңай танытпайық.
Бас көтеретін адамдар бар ау,әттең аз.Бір екеуі шығып еді жанын жаhаннамға аттандырды,біреулеріне жала жабылып,олар шетелге қашуға мәжбүр болды,сосын қалғандары "қысты"  "Жалғыздың үні шықпас,жаяудың шаңы шықпас" деген осы
+4 дауыс
Жаңалықты тек Хабар арнасымен Казақстан каналынан тыңдамасаңшы, олар шындықты айта алмайтын каналдар, тек жақсы нәрселерді ғана айтады. Тәуелсіздік алып берді дегенің дұрыс емес енді. ол алып бермеді. Сонша байлығымыз бола тұра осындай қымбатшылықта өмір сүріп отырып қалай жақтайсың, сонша байлығымыз бола тұра шет елдерге Қарызымыз 146 миллиард доллар, Қазақстанның бір адамның басына шақанда 4800 доллардан келеді. Осы қарызды кім төлейт? жылдан жылға шетелге қарызымыз төленіп жатқан жоқ керісінше өсіп жатыр. ертең ол президенттіктен кеткен кезде қалай құтыламыз сол қарыздан жеріміздің жартысын беріп па? айта берсең кемшілік көп мен сондықтан жақтамайм, басқалар не үшін жақтайтынын білмейм
Сен шетелді қара қанша қарыз екен http://ru.wikipedia.org/wiki/Список_стран_по_внешнему_долгу
3-4 жыл бұрынғы мынауың
Қазақстандікі 2012 жыл 31 наурыз
енді 3 не 4 жылда жаңартып тұрады ғо .
Ол арналарды неге жамандайсыңдар. Көр деп ұсынып отқан телеарналарың КТК мен 31 арнама. Бұл арналарды қарап отырсаң Қазақстан мүлдем дамымай қалған сияқты, бірақ олай емесқой. Осы күнімізгеде шүкіршілік етейік.
саған баттыма қарыздар өсекші каналдарыңды өзің ақ тыңдай бер сонда саған жаман жаман деп айтқан каналдар ұнайды екенғой өзің айттың жақтамасаң қой қазір бір елдің құлы болып жүрер едің кқрермін сол кезде сайрағаныңды
+1 дауыс
Қазір Қазақстан эканомикалық жағынан дамыған мен ұлттық жақтарымыз дамымай келеді соған көбісі қарсы шығып жатқан шығар.
Назарбаевтың осы 23 жылда халыққа жасаған қандай жақсылықтары бар ауыз толтырып айтарлықтай? 2-3-ін атап беріңіздерші білсеңіздер.
біріншіден 50 елдің қатарына кірдік қырғыздар өзбектер кірмеген екіншіден автобандар салынып жатыр, ушыншыден 2017 жылы корме отеді сол кезде миллиардтаган ақша біздің елге құйылады, басқа жақтарынан да жетіп жатқан жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай. ауыз толтырып айтыңдар дейсің 23 бойы қайда жүргенсің өзің а?
Осы айтқаныңа өзің сенесің бе? Кім айтып жүр бұл ертегіні саған? Автобан салды екен деп ойын келгенін жасай ма сонда. Оны міндетсінбей ақ та салатын нәрсе ғой.Сен 23 жыл бойы ай қарап, ертегі тыңдап жүргенде мен өз елім жайлы көп шындықтарды біліп көзім ашылды. Әлі де білмейтіндеріміз көп. Ана оқып жүрген ертегіңді қоқысқа тастай сал.
Өзбектерге ақша сырттан құйылып жатыр.біздің ақша сыртқа ағып жатыр
+2 дауыс
Қолда барда алтынның қадірі жоқ.
мұнымен не айтқың келеді ашық айт
+2 дауыс
Өзің ойланып көрші,мен саған қарапайым мысал айтайын,Қазақстанда 17 миллион халық бар,ал Ресейдің тек бір қаласында Мәскеуде 18-19 миллион халық бар,ал неге сол бір елдің бір қаласының санына жетпейтін халқымыздың жартысынан көбі кедейшілік өмір кешуде? Қазба байлығыиыз,мұнай,газ бәрі бар, неге біз өлместің кұнін көреміз,айтшы?
назымбек мұнай мен газың бәрі бар. ал соны өндіретін сенің қайсы жаңа зауыттарың мен жаңа аппараттарың. өндір сосын біз байймыз. ол ресей деген не кормеген ресей ол империя ал біз енді дамып келе жатқан мемлекетпіз. озіңді қырғыздармен салыстыр сосын айт айтар сөзіңді
Иә, дұрыс айтасың. Біздің жағдаймызды Ресеймен салыстыруға мүлде болмайды.
Бәрі басшыға байланысты,Қырғыздарда біздегідей байлық жоқ.Дұрыс басшы дұрыс жолмен елді көгерте алады.
+1 дауыс
Елбасының еңбегін көре алмай жатырған адамдардың ісі бұл.Шыны керек Елбасыныңда кемшіліктері бар.
0 дауыс
Мүмкін осы мәселенің екі жағында көзімізді толық ашып қарауға біліміміз жетпейтін шығар.
+2 дауыс
Әр адамның жасыратын бір ісі болмай ма?Біз білмей оқиғалар бар екенін білесіздерме.Мына видеоға қараңыз

Шындықты білгіңіз келсе K+ каналын көріңіздер
видеоларды корып алганбыз мунайга байланысты болган котерылыс жанаозендегы карулы кактыгыс
–1 дауыс
Назарбаев Қазақстан жерін сатуды ғана ойлап жүрген сияқты , Өз қалтасын толтырғаннан басқа  ештеңе білмейді , Өз халқын аш қалдырып , мемлекет ақшасын тонайтын басшы болама ? , Назарбаев емес мемлекетті осы дәрежеге көтерген , Егер қазақ халқы ештеңе істемесе онда біз қайтадан тәуелсіздігімізді жоғалтып аламыз , Сондықтан Қазақстан халқы  Назарбаевты күштеп тақтан кетіру керек
Сен кімсің? Тіркеле сала осы сұраққа жауап беріпсің. Елбасымыздың қарсыластарының жақтасы сияқтысың.
0 дауыс
Президент туралы ешкымнын пыкыр не болмаса жамандауға қақысы жоқ. Тәуелсіздікті алып берген Елбасы (СССР ен сонғы президенті Николай Гарбачов)  емес бырақ қазақтың одан әрі қаратай оңға алып шығуы осы Нұрсұлтан атамыздың арқасы сондықтан әрбір сөздеріңізге абай болыңыздар достар. Сосын ол көтерілістің бәрі ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ оқиғаға байланысты болған. Олардың ойларынша жаңаөзендегі жастарды президент өлтіріпті мыс.
Nege kakimiz jok? Osilai kun korip otirganin bir Allahtin arkasi.
+2 дауыс
Барлығы айтып жатыр: "президент үйтпеді, бүйтпеді" деп. Жамандай бергенше неге ең болмаса бір жақсылығын айтпасқа. Мынандай сөз бар: "Барлық адамның бір жаман қасиеті - бір жамандықтан соң мың жақсылықты ұмыту". Әрине, кемшіліксіз адам болмайды. Неге жасаған жақсылығын айтпаймыз. КСРО тарағаннан кейін Қазақстан көптеген қиыншылықты бастан кешірді: зейнетақы, жалақы берілмей, зауыт-фабрикалар жабылып, адамдар жұмыссыз қалды. КСРО-ның құрамында болған барлық елдердің басынан осы қиыншылықтар өтті. Басшылары жақсы болып төтеп бере алғандары дамыған елдердің қатарына қосылды, ал кейбір елдер әлі де сондай жағдайды бастан кешіп жүр. Сол үшін де президентіміз КСРО-ның тарағанын қаламады, еліміз сондай жағдайға тап бола ма деп қорықты. Қазақстанның аяғынан тік тұрып кетуі осындай қиналған сәтте жол таба білген ақылды басшымыздың арқасы (тәуелсіздікті алып бермесе де). Біз өз басшымызды мақтамасақ, оны келіп Қытай, не Ресей мақтамайды. Өз басшымызды құрметтеу біздің бірлігіміздің күшті екенін көрсетеді. "Мына халық басшысын қалай құрметтейді, ынтымағы мықты екен, бұл елге іріткі сала алмаспыз" деп ойлайды. Қарапайым ғана мысал, Солтүстік Корея халқы өз басшысын қалай құрметтейді. Ким Чен Ир қайтыс болғанда қалай қайғырғандарын жаңалықтардан көрсеткен болатын. Соған қарап, "бұл неткен керемет басшы еді" деген ойға қаламыз. Шындығына келгенде, халқының тұрмыс-жағдайы нашар. Өздеріңіз бір сәт ойланып көріңіздерші, "президенттің орнында болсам не істер едім?" деп, "былай жасар едім, олай жасар едім" деп айту әрине, оңай. Басыңызда бір шайна ми болмаса, халықтың қамын ойлай алмасаңыз елбасымыздың істеген бір де ісін жасай алмас едіңіз. Әлем халықтарының назарын аударған EXPO-ны айтпаймыз, Азиаданы айтпаймыз, ал жамандауға келгенде алдымызға жан салмаймыз. Халық - көп, елбасы - жалғыз; жаулары көп, елбасы - жалғыз. Жалғыз өзі Қазақстанның көркеюі үшін қолынан келгенше тырысып бағуда.
Әйгерімге айтарым: Президент өйтпеді, бүйтпеді деп әлі де айтамыз, айта да береміз ол кетпейінше. Қазір барлық  айтқандарыңызды жіктеп берейін. КСРО тарағаннан кейін фабрика жабылып, жалақы берілмеді дедіңіз. Ал сол фабрикалардың жабылуы "кімнің арқасы?" Сол жылдарда жекешелендіру заңына қол қойылғаннан кейін қаншама мекеме, ғимарат, өндірістік орындар шетелдіктерге, пысықтарға тиын-тебенге сатылып кетті. Және сол ақшалар кімнің қалтасына түскенін Құдай білсін. Мысалға бір ғана Қазақмыс корпорациясын алайық. Кезінде шетелдіктерге болмайтын тиынға сатылды. Ал қазір миллиард долларлап табыс кіргізіп отыр. Ал соны Қазақстан өзіне қайтарды ма? Қазір оны қайтаруға бюджеттің ақшасы да жетпес. Солтүстік Корея туралы жақсы айттыңыз, біздің басшының сол басшыдан айырмашылығы шамалы. Біздің ел де Қазақстан, хабар деген ертегі каналынан қарасақ бәрі керемет, жұмақ. Дәл бір "халтуркамен" салынған үй сияқты. Сыртынан бәрі керемет, жылтырап тұр, бірақ арғы жағы быт-шыт. Дұрыс айтасыз, expoны, азиаданы айтпаймыз. Неге айтуымыз керек, өзіңіз айтыңызшы? Қарапайым халыққа пайдасы тиетін жағы бар ма? Қаншама миллиардтаған теңге желге ұшады деген сөз. Азиадаға бөлінген ақшаны да дұрыс пайдаланбай талан-таражға салып жеп қойды. Ана ертегі каналдағы конференция, саммит болып жатыр деп көрсетіп жатады. Олар да сондай құр ақшаны желге шашу. Шетелден топырлап келген дипломатсымақтар тегін демалып, ішіп-жеп кетеді. Демалғанда да жәй демалмайды ғой. Ал соларға шашылған ақшаны кім өтейді? Бұндайға сіз айтқан "ақылды басшымыз" қалай жол берді? Жақсының жақсылығын айт деген дұрыс айтылған. Бірақ бұл президентке айтылмаған өкінішке орай. Тек сұрақ-жауап, вк-да отыра бермей басқа да еліміз туралы жазылған сайттарға да кіріңіз. Егер осы айтқандарымды түсінбесеңіз онда ештеңе де түсінбейтін болғаныңыз.
Түсіндім, бәрін де түсіндім. Сіз менің көзімді аштыңыз. Түбімен ойлайды екенсіз. Бір жағынан сіздікі де дұрыс. Мен президентті сүттен ақ, судан таза деп тұрғаным жоқ. Бірақ, менің ойымша, бұндай нәрселерді көп айта беруге болмайды. Өйткені, халықтың болашаққа деген сенімі жоғалады, өмірден түңіледі. Менің бар ойым осы болатын. Қазақстан дамушы елдердің қатарында, болашағы әлі алда. Мүмкін, ел тізгінін басқа басшы ұстаса бәрі де өзгерер.
0 дауыс
Әйгерім Әлжанова сіз дұрыс айтасыз сізбен толық келісемін жарайсыз
...