Әлемдегі ең ақылды адам кім?

+1 дауыс
2.6k қаралым
Әлемдегі ең ақылды адам кім, қай елдікі, қайда тұрады, қалай ақылды болды?
Тұлға, Адам

3 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Әлемдегі ең ақылды адам - 66 жасар әйел

Әлемдегі ең ақылды адам біздің замандасымыз, Миссури штатының тұрғыны - Мэрилин Вос Савант. Оның парасаттылық коэффициенті (IQ) 228 бірлікті құрапты. Мэрилиннің асқан қабілеті бала кезінде-ақ белгілі болған екен. 10 жасында алғырлығымен көзге түскен ол сол кездің өзіндеГиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

IQ – парасаттылық коэффициенті – адамның ойлау, алға қойған мақсатына жете білу, дұрыс шешім қабылдай білу қабілетін көрсететін бірлік.

Ғалымдардың есептеуі бойынша өткен ғасырдағы ғалымдардың парасаттылық коэффициенті мынадай болыпты: Гетеде - 200 бірлік, Ньютонда 190 бірлік, Галилейде 185  бірлік, Коперникте 130 бірлік.

Мэрилин 1946 жылы 11 тамызда дүниеге келген ару. Тегі француз тілінен аударылғанда «ақылды» дегенді білдіреді. Мерилин қазіргі таңда «Парад» журналында «Мерилиннен сұра» деген айдарды жүргізуде. Интернеттегі жеке парақшасы арқылы да халықпен байланысқа түсіп жүр. Зерек жан кітап жазумен де айналысуда.

1987 жылы Мэрилин атақты биолог Роберт Джарвикаға тұрмысқа шықты. Роберттің жасанды жүректі ойлап тауып, жұртшылыққа алғаш ұсынған атақты ғалым екендігін айтып өтелік. Оның парасаттылық коэффициенті (IQ) -180 болса, жұбайлардың үлкен ұлының көрсеткіші (IQ) - 164  бірлік екен.

Тағыда мәліметтер көресің:

1. http://massaget.kz/bilim/bilesiz-be/2574

2. http://www.baq.kz/kk/news/27053

3. http://www.elarna.com/koru_kk.php?id=235880

4. http://yandex.kz/yandsearch?rdrnd=59469&text=әлемдегі%20ең%20ақылды%20адам%20&clid=9582&lr=221&redircnt=1398672143.1

Белгісіз
коэффициенті менікімен шамалас екен
коэффициент деген не
ша менікінен аздау екен)
ендіііі қалай айтсақ болады, "көрсеткіш" деуге болады.
0 дауыс
Әлемдегi ең ақылды адам деп жеке бiр тұлғаны мынау ең ақылды адам деуге келмейдi. Дегенмен ең ақылды адамдар тiзiмiн бере аламын: Мiне: http://www.aikyn.kz/articles/view/35319
Белгісіз
жоқ бұлар емес ең ақылды мына мен
Ақымақ өзін өзі ақылдымын деп есептейді
0 дауыс
Адамнын акылды болуы ен ауели Жараткан Алладан. Ол озинин омир суру, тиршилик ету урдистеримен озгелерден ерекшелинуинде. Акылды адам аркашан озинин жеке басына ерекше курметпен карайтын, динине, тилине, салт-дастурине катал карайтын, ишки жан дуниеси мен сырт келбетин келистире алатын, акылдылыгымен барлык жанды-жансызды мойындата билген адам

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
6 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
4 жауап
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы