Астанадағы Қаржы полициясы академиясы таратылды. Қазақстанда финполиция жоқ енді, ҚР Президенті Үкімет отырысында жариялады. «Қаржы полициясы таратылып, оның жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу, анықтау, жолын кесу, ашу, тергеу бойынша функциялары жаңа құрылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне өтеді. Ал экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қатысты мәселелер қаржы министрлігіне беріледі. Жаңа агенттікті Қайрат Қожамжаров басқарады, Әлихан Байменов оның орынбасары қызметін атқарады», - деді Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Қайрат Қожамжаров бұған дейін 2013 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқарға болатын.