+2 дауыс
4.1k көрілді

Бүгін (28.04.2014 ж.) сайтымыздың тұрақты қолданушысы Көркемнің туылған күні. Туған күн иесіне өз атымнан бір ауыз ақ тілегімді жолдаймын. 

Көркем, аққудың - ақтығын, өмірдің - пәктігін, арманның - ажарын, бақыттың - базарын, денсаулықтың - зорын, махаббаттың - молын тілеймін. Бүгінгі күндей әр күнің қуанышқа толсын! Алар асуың мен бағындырар белестерің биік болсын! Армандарың орындалсын! 

Тілеймін болашағың жарық болсын!
Әр кезде жас жүрек жырға толсын!
Алдағы арманың орындалып,
Басыңа бітпес дәулет, бақыт қонсын!

Ізгі тілекпен: Ақжол.

Тілек білдірушілер бар болса төменге жаза берулеріңізге болады.
Рахмет Ақжол! Өте қуаныштымын.  Тосын сый болды шынымен. Алла разы болсын!
О не дегенің? Мұндай күнді қалай ұмытайын? )

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
КӨРКЕМ! Мені ұмытып кетпесең өзімді таныстырмай ақ тілегіме көшейін :)хД

Бүгінгі туылған күнің ҚҰТТЫ болсын! Нешеге келгініңді білмеймін. Осыдан пәленше жыл бұрын сен туылғанда қуанған, сені көруге асық болған туыстарың мен отбасың аман болсын! Өзіңе бақ, денсаулық, қажымас қайрат пен жүрегің жылулыққа тола берсін деген ізгі тілек айтқым келеді.

Елеке
Елеке рахмет.  Қыздың жасы қашанда он сегіз ғой)) Тамаша тілек үшін ризамын.
+3 дауыс
Көркем, сені шын жүректен туылған күніңмен құттықтаймын!
Рахмет. Үлкен рахмет.
+3 дауыс
Көркем туған күнiңмен. Құтты болсын. Ұзақ ғұмыр, денсаулық, бақыт тiлеймiн. Осы сайтта әлi де белсендiлiк танытатыныңа сенiмдiмiн.
Рахмет Ұлықбек. Әрине жазғы демалыста белсенді боламын. Қазіргі кезде сабақтан босай алмай жүрмін.
+2 дауыс

Көркем, туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын. Төмендегі өлең жолы саған арналады!

Жүзіңнен жарқын, езуіңнен күлкі кетпесін,

Осы жылы басыңа бақыт көп келсін.

Жаңа жасың маңдайыңа құт болып

Әр күн сайын үйіңде мейрам боп тұрсын!

(Аллам саған жат қылықты бұйыртпай

Ешбір адам қиянатын етпесін!)

Рахмет Марат! Аумин! Аппақ тілектер керемет .
+2 дауыс

Көркем туылған күніңмен!!! Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген- сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген – біреулер үшін – ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!

Осы өлеңжолдар саған арналады:

Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.

Көңілің күлген күндей ашық болсын
сүйгенің бір өзіңе ғашық болсын
Әрқашан сүйгеніңмен бірге болып
Алдыңнан бақыт жолы ашық болсын.

Осы құттықтауларды ықылас ниетіңмен қабыл ал!!!

Жыр жолдары әдемі ! Рахмет үлкен!  Тамаша тілек.
+1 дауыс
Көркем туған күнің құтты болсын. Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін.
Рахмет айналайын!  Үлкен рахмет.
+1 дауыс
Көркем!Сізді туған күніңізбен құттықтаймын!СЖ сайтының гүлі болып жүре беріңіз.Жоғарыда айтылған барлық тілектердің орындалуына ниеттеспін.
Рахмет! Ал сен осы сайттың күні болып жарқырай бер. Үлкен рахмет.
+1 дауыс

Менде бұл мерекеден қапы қалмай, Көркемді құттықтап қояйын.

Көркем сізді шын жүректен туылған күніңізбен құттықтаймын! Өмірде бақыттты болып, әрқашан күлімдеп жүріңіз. Денсаулығыңыз мықты болып, ұзақ өмір сүріңіз. Осы сайттың беделді де, белсенді маманы болуыңызға тілектеспін. Және отбасыңызға саулық, береке тілеймін.

                                                                                             Шын жүректен Сайлау....... 

Барлықтарыңызға рахмет.  Алла Тағала осы аппақ тілектерді  өздеріңізге де  қабыл етсін.   Рахмет!
...