+1 дауыс
432 көрілді
Жалпы ең әдемі телефон. Бірақ өте қымбат бағасына сай емес қой. Мысалы 50-60 мың тұратын Нокиа,самсунгтар мен 130мың тұратын айфонның функциялары басқасын айтпағанда памят процессор мгпикселдері де айырмашылықтары жоқ.150-200 мыңға Айфон алғанша басқа пайдалы нәрсе алмасқа. Айлығың 2мың доллар болса не бай болсаң сөзім жоқ,қарапайым адамға өте қымбат дүниенің қажеті барма. Мысалы мен 250мыңға муз аппаратура алғам бірақ онымен тойға шығып табыс табам,Ноутбук алсаңда пайдалы сонша ақшаға,бірақ көп болса хабарласу,интернеттегі әлеуметтік желіге отыру,муз тыңдау үшін ғана толық пайдаға асатын телефон үшін сонша ақша шығындап неге. Алде тек авторитет пе?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Көтерiлген мәселеңдi былай түсiндiрiп көрейiн. Қазiргi заман 21ғасыр ғылым, техника, нанотехнология, т.б заманы. Мiне осы үрдiс күнен-күнге шарықтап, дамып келе жатыр. Мысалы: АҚШ, Германия, Жапония сынды алпауыт мемлекеттерде айфон ұстаған адамға аса таңырқай бермейдi. Өйткенi ол жақтың тұрғындарына ол гаджеттер, технологиялар бiзден әлдеқайда бұрын жеткен. Ал бiзге ол технологиялар ендi ғана халық арасында танылып таралып жатыр. Еуропалықтар дамып кеткенi cоншалық олар үйде отырып тамаққа тапсырыс берiп, оқығысы келген газеттi интернет арқылы алдыртады. Ал бiзде Алматы т.б үлкен қалаларда ғана бар. Екiншiден аса ысырыпшылдықты Аллах та Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да жақтырмаған. Ол туралы Аллах қасиеттi құранда, Пайғамбарымыз хадис шарифтерiнде ескерткен. Қазiргi кездi баяғы заманмен салыстыруға келмейдi. Мысалы хазiретi Омар халифа болса да ылғи жамалған киiмдер киiп жүретiн болған. Мiне бұл қазiргi заман да ақырзаманның белгiсi. Ал ақырзаманда болатын жайттар Аллахтың қалауы. Сондықтан таңғалудың қажетi жоқ.
Медет мүмкін сенікі дұрыс шығар. Бірақ сенің өзің айтқандай әркімнің өз еркі емес пе, мен қандай сұрақ қойсамда. Саған баланың сұрағы боп көрінсе, қызықсыз болса қарамай өте шығуыңа болады ғой.
ең жаманы ол қымбаттау( сол үшін жанжал болуы мүмкін!
+1 дауыс
Бауырым, мынауың баланың әңгімесі сияқты екен. Қазіргі заманда әркімнің өз еркі не алса да. Иә көбісі атақ үшін және қызық үшін алады. Иә онша көп ақшаны оданда пайдалы нәрселерге жұмсауға болады. Бірақ, айфонды алғысы келген шығар. Болашақта одан қымбат пайдасыз заттар шығатынына күмәнім жоқ. Айфон қазіргі бренд, қазіргі уақыттағы ең сәнді смартфон. Ешкім адамдардан қалғысы келмейді, сондықтан айфон алады. Мен өзім ақшасы аздау адамдардың айфон алғанын көрмегем. Айфонға ақшасы жетсе ала берсін. Проблемаң айфон болды ма? Басқа қояр сұрақ таппай қалдың ба? Мұндай пайдасыз сұрақ қоймаңдаршы.
...