Көтерiлген мәселеңдi былай түсiндiрiп көрейiн. Қазiргi заман 21ғасыр ғылым, техника, нанотехнология, т.б заманы. Мiне осы үрдiс күнен-күнге шарықтап, дамып келе жатыр. Мысалы: АҚШ, Германия, Жапония сынды алпауыт мемлекеттерде айфон ұстаған адамға аса таңырқай бермейдi. Өйткенi ол жақтың тұрғындарына ол гаджеттер, технологиялар бiзден әлдеқайда бұрын жеткен. Ал бiзге ол технологиялар ендi ғана халық арасында танылып таралып жатыр. Еуропалықтар дамып кеткенi cоншалық олар үйде отырып тамаққа тапсырыс берiп, оқығысы келген газеттi интернет арқылы алдыртады. Ал бiзде Алматы т.б үлкен қалаларда ғана бар. Екiншiден аса ысырыпшылдықты Аллах та Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да жақтырмаған. Ол туралы Аллах қасиеттi құранда, Пайғамбарымыз хадис шарифтерiнде ескерткен. Қазiргi кездi баяғы заманмен салыстыруға келмейдi. Мысалы хазiретi Омар халифа болса да ылғи жамалған киiмдер киiп жүретiн болған. Мiне бұл қазiргi заман да ақырзаманның белгiсi. Ал ақырзаманда болатын жайттар Аллахтың қалауы. Сондықтан таңғалудың қажетi жоқ.