0 дауыс
692 көрілді
маған 9 сыныптың алгебрасынан авторы:А.Әбілқасымова,В.Корчевский,З.Жұмағұлова

осы кітаптың ішіндегі 220 беттегі Тарихи мағлұматтар дегенді интернеттен қалай тапсам болады?

маған соның ішінде қандай әріп қанша рет кездесетіні керек еді?

1 жауап

0 дауыс
Паскаль, Ферма және Гюйгенстен басап, кездейсоқ оқиға және оның
ықтималдығы туралы математикалық ғылым- ықтималдық теориясының
алғашқы ұғымдары қалыптаса бастады.
    ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап құбылыстардың сандық
өлшемдері әр түрлі процестердің, атап айтсақ, өндірісті математикалық
модельдеу мен ғылыми шығармашылықтың алғашқы шарты болды, яғни
ықтималдық ерекше маңызға ие болды. «Оқиға туралы ғылым» көптеген
мамандық иелерінің: инженерлер, экономистер, дәрігерлер және әр түрлі
шаруашылық саласындағы мамндардың ортасына енді. Бүкіл әлемде осы
ғылымға қызығушылықтың артқаны соншалық, тіпті ықтималдық
теориясы жиі қолданылатын болды деп айтсақ қателеспейміз.
    Ықтималдық теориясының негізгі мағынасын ашып ықтималдықтың
жиілік теориясының негізін салған белгілі неміс математигі- Р.Мизес
(1883-1953). Ол ықтималдық теориясын математика пәні емес, математикалық
әдістерде кең қолданылатын ғылым қатарына қосты. Р.Мизес «Әр
ықтималдыққа берілген есеп кейбір шынайы процестермен байланысқан»,-
деп айтқан. Қазіргі ықтималдық теориясының дамуы, әсіресе
А.Н.Колмогоровтың еңбегінде, ықтималдық теория жоғары
математикалық тарауларымен: жиын теориясы, функция теориясы,
функционалдық талдау және т.б. нақты математикалық ықтималдықпен
тығыз байланысқан.
    Қазіргі ықтималдық теориясының әдістері қолданылмайтын сала
жоқ. Ықтималдық статистика әдістерін қолдану көптеген ғылым
салаларында дәстүрлі бағыт болуда. Оларға: физика, геодезия, өлшеу
теориясы және т.с.с. жаады. Кейінгі кезде ықтималдық теориясын
мединицина және биология, әскери ғылым мен космонавтика, лингвистика,
психология теориясы мен оқыту теориясы, т.б. ғылымда да қолдана
бастады. Одан басқа ықтималдық әдістерінің негізінде ықтималдық
теориясынан шыққан жаңа ғылымдар қатары пайда болуда. Бұлар- ақпарат
теориясы, сенімділік теориясы, сапаны статистикалық бақылау, тәжірибені
жоспарлау
...