ҚР Әкімшіліке құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 627 бабына сәйкес: Көлiк құралдарын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не нысанасын табу мақсатында тексерудi екi куәгердiң қатысуымен уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар жүргiзедi. Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмағанда) көлік құралдарын тексеру, яғни құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеу куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін. Көлiк құралдарын, шағын көлемді кемелердi тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi тексерiлген көлiк құралын иеленушi адамға тапсырылады. Жол қозғалысы ережелерiнің 2.4 тармағына сәйкес көлiк құралы жүргiзушiсiнiң құжатын тексеруге немесе көлiк құралын пайдалануға құқығы бар адам жүргiзушiнiң талап етуi бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.