+1 дауыс
19.0k көрілді
Қазіргі кезде жастардың орыс тілінде сөлейтін жаргон сөздерінің түп атасы қайда жатыр толық жауап?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Жаргон сөздер

Жаргон сөздер - белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі.

Кез келген тілдің лексикасы әдеби және бейәдеби болып екіге бөлінеді. Осы бейәдеби тілге жастардың жаргондары мен сленгтерін жатқызуға болады.

Сленг деп – белгілі бір ортада қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды сөздерді атайды.

Бүгінгі жастар сленгтер мен жаргондарды әртүрлі себептерге байланысты қолданады:

әсер қалдыруы үшін,
елден ерекше болу,
өзгелер түсінбеу үшін,
белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін,
әзіл ретінде де қолданады.

Компьютерлік сленгтер

Соңғы уақытта жасөспірімдер компьютер ойындарымен әуестенуі күшейіп отыр. Бұл да бір компьютерлік сленгтердің пайда болуына алып келеді. Мысалы, ойындағы «ең басты жау» деген ұғымын білдіретін «бродилка», «аркада», «босс» сленгтері пайда болған. Жастардың күнделікті қолданып жүрген сленгтерінде орыс сөздернің көптеген компоненттері кездеседі. Мысалы: «тормозы ұстап қалды» — бір жағдайдан шешім таба алмай қалды, осыған синоним ретінде «зависать етіп қалды» деген тіркес бар, «типаж болу», «болатной болу» — менменсу тіркесімен байланысты. «Құлаққа лапша ілу» — өтірік айту, «маяк тастау», «гудок тастау» — қысқа ғана қоңырау шалу. Міне жаһандану заманында ешбір сүзгіден өтпеген ақпараттар тасқыны ағылып, жастардың көзін тұмандандырып, санасын уландырып барады. Осыларға төтеп беретін қазақы тіл, ұлттық салт-дәстүр. Бүгінгі жастардың арасында тіл байлығының нашарлығынан дейміз бе, әйтеуір бір сүреңсіз, нәрсіз сөздер өршіп тұр. Оған өздерінше «жаргон ғой» — деп, айдар тағып әлде қандай болатынын қайтесің.

Жаргон сөздеріне мысалдар

«Дүкенге барсаң тіске басар немесе тамақ ала келші» деудің орнына «маганзиннен сущняк, хавчик ала салшы», «кешкісін қолың бос болса үйге қонақ болып кет» деудің орнына «кешке если че маған қарай тартыл», «ата-анаң білмей ме?» — деп сұрар болса, «мамка-батялар курста ма?» деген неше түрлі паразит сөздер бар.

 

0 дауыс
Жаргон - қылмыстық элементтердің өзара сөйлесу тілі. Ал жастардың сөйлесу мәнері "сленг" деп аталады.
0 дауыс
Крч, жаман создерды айтады
...