Бұл екі кезеңнің өз ерекшеліктері бар. Студенттік кезімдегі қиыншылықтарға қарасам, мектепте жүргенде түк қиналмаған екенмін деп ойлаймын. Студенттік өмірде қиыншылықты көп көресің, әсіресе, басқа қалада оқитын болсаң. Бірақ, сол қиындықтың арқасында ысылып, адам боп шығасың. Маған студенттік кезім қатты ұнайды. Мектептегі кезіме қайтып оралғым келмейді. Ал, қазір әлі екінші курс болсам да оқуды бітіргім келмейді, өмір бойы осылай жүре бергім келеді. Бұрын мектепте оқып жүргенде 3 ай каникул кезінде сыныптастарымды онша сағынған емеспін. Ал, группаластарым пойызға шығарып салардың өзінде бір-бірімізді қимай қоштастық. Мектеп кезеңін жамандамаймын, екеуі де ерекше. Мен үшін сыныптастарым бір тау болғанда, группаластарым да бір тау. Алайда, "мектептегі достарың қалады, студент кездегі достарың ыстық боп көрінеді" деген рас. Өйткені, мектептегі достарыңның бәрінің қасында ата-анасы бар, бәріміз де бір үйдесі еркесі боп жүрдік. Ал, студент кезінде ата-анаңнан жырақта жүрген соң, группаластарың, комнаталастарың сенің отбасыңа айналады. Студенттік өмірдің бар қиындығын солармен бірге көресің, сол себептен де студент кездегі достар ыстық болатын шығар деп ойлаймын.