Айдана, саған айтар кеңесім сені менсінбейтін жігітті ұнатып қалмауға тырыс және маңына да жолама. Аллахтан басқа ешкімнен қорықпа себебі, Аллах бәрін көріп тұр. Өзіңді қолға ал, қазірден бастап басқа адам бол. Саған кім қандай қатынаста болса, дәл солай жауап бер. Ал әлгі жігітті ұмыт. Құрбыңда сені сыйламайтын сияқты, себебі, сен жайлы басқа адамдарға айтқан, ал нағыз құрбың болса сенің сырыңды ешкімге айтпайтын еді. Өзіңе басқа құрбы тапқаның дұрыс. Бастысы өзіңді сыйла және жақсы көр, сонда ғана барлық нәрселер жақсара түседі.