0 дауыс
мына өленді ұмытып қалдым, бірақ осы оленнің ішін де осы сөз бар екені есімде; ҚАНАТЫМ ЖОҚ НЕ ҚЫЛАЙЫН....
20.04.2014 1.7k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Халық әні Гүлдерайым болар сұрап отырғаныңыз.

Гүлдерайым.

1. Ақкөңіл ағызайын әннің майын,
Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын.
Астынан алты қырдың шыққан даусым,
Жетсе екен құлағына қалқатайдың.

Қайырмасы:
Ахау, Гүлдерайым,
Күн мен айым.
Ұшарға қанатым жоқ, не қылайын?!

2. Жаз шықты жадыратып майдың айын,
Әніне шырқай кетті Гүлдерайым.
Шығады ащы даусым әнге бассам,
Қарағым, сен есіме түскен сайын.
20.04.2014
127,963Сұрақ
322,898Жауап
153,169Пікір
73,031Қолданушы