0 дауыс
2.3k көрілді
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіне түсіп қандай салада жұмыс істеуге болады?Ол өзі қандай мамандық?Оны оқыған адам кім болып шығады?Қай жерлерде жұмыс жасай алады?көөөп рахмет.Алла Тағалам разы болсын!!!

2 жауап

0 дауыс
Факультетте 8 кафедра бар:

1. Мемлекеттік тіл кафедрасы;

2. Гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілі кафедрасы;

3. Жаратылыстану факультеттеріне арналған шет тілі кафедрасы ;

4. Қазақ әдебиеті тарихы және әдебиет теориясы кафедрасы;

5. Қазақ филологиясы кафедрасы;

6. Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы;

7. Орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасы;

8. Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы.
+1 дауыс
Негізінде педагогикалық университеттердегі филология факультетінің ішінде неше түрлі мамандықтар болады. Әлем тілдерінің өзі; ағылшын, неміс, араб, парсы, т.т. Филология орыс филологиясы, қазақ филологиясы деп бөлінеді. Бакалаврда жеке әдебиеттанушы деген мамандық болған емес. Тек магистратурада ғана болмаса... Әлем тілдерін бітірсеңіз - аудармашы немесе мұғалім, қазақ тілі мен әдебиетін тәмамдасаңыз, аудармашы, мұғалім, (сирек жағдайда) журналист болып кетуіңіз мүмкін )))
...