+1 дауыс
306 көрілді
Бұл Қазақстан үшін жақсы  жетістік  Осы айда жоғарылауға қандай ойындардың нәтижесінде жетті? Футболға деген көзқарас өзгерді ме? Еліміздің кейбір командалардаларында бапкерлер ауыса бастауы да әсер еткен болар? Енді ұлттық намысты жоғары ұстайтын футболшыларды көбейту керек. Әнұранымыз ойнағанда екі қолын артына ұстап тұратын ойыншылар бар. 30 елдің қатарына қосылатын елімізді  футболдан 100 елдің қатарына қосылуға ұмтылу керек.

2 жауап

0 дауыс
Ондағы рейтингке бапкер ауысуы, командаға жаңа шебер ойншының қосылуы, т.б. осындай факторлар әсер етпейді. Тек құраманың өткізген ойндарындағы жеңістері мен тең есептері есепке алынады. Егер құрама рейтингте өзінен жоғары орналасқан елмен ойнап жеңсе, көбірек ұпай қосылады, төмен орналасқанмен ойнап ұтса, одан аздау, т.с.с FIFA-ның өз есептеу жүйесі бар. Сол бойынша есептеледі.

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншыларының көбі өзіміздің Премьер Лигада ойнайды. Сондықтан ұлттық құраманың жақсы ойын көрсетіп, рейтингте жоғарылауы үшін негізгі фактор - Премьер Лиганың деңгейінің жоғарылауы. Ол үшін футбол клубтарында жақсы легионерлер мен бапкерлер, футболшы даярлау мектебі болуы қажет. Сол кезде біздің клубтар УЕФА ЧЛ мен ЕЛ жақсы өнер көрсете алады. Ал, бұл ПЛ және Қазақстан ұлттық құрамасының күшеюіне әкеледі деп ойлаймын.
0 дауыс
Ең бастысы алдыңғы қатарда тұрған елдердің жеңіліс табуы, Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік.
...