0 дауыс
5.5k көрілді
Семейде полигонның жарылуынан 500 мыңнан аса адам зардап шеккен болатын. Қазір де ол жақтың экологиялық жағдайы өте нашар. Осы проблемаларды қалай шешуге болады? Ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз болса, бөлісе отырыңыздар.

3 жауап

0 дауыс
Сол 1991 жылы президент атом бомбасынан бас тартып, Семей полигонын жапты. Содан берi жабулы қазан күйiнде тұр ғой, құдды ол жер Көкшетау, Баянауыл, Жетiсу болғандай. Әлi де болса ол жер тұрғындары зардап шегуде. Ол жердi дұрыстап қолға алып, зерттеп, арнайы жұмыстар жасау керек. Мәселенi шешу үшiн тыңғылықты зерттеу, бюджеттен ақша керек. Қалғандары зерттеу барысында белгiлi болады.
айтқаныңызға қосылам. Бірақ, ол қазан жабулы тұрған жоқ. Кішігірім болса да іс-шаралар атқарылып жатыр. Дегенмен, сіздердің ұсыныстарың болса..
0 дауыс
Мемлекет басшыларының біреуі қолға алмаса, жай халықтың қолынан келмес, көп қаражат талап етеді.
Қолға алмас бұрын, жоспар болу керек қой. Сіз қандай шаруалар атқарар едіңіз, егер сол басшылардың орнында болсаңыз?
Жоспар жасау проблема емес, не істеу керектігі белгілі ғой.
Белгісіз
0 дауыс
Менің ойымша бұл мәселені шешу қазіргі 10 жылдықта мүмкін емес. Себебі қазіргі таңда мемлекеттің қаражаты  жеткіліксіз , одан да экономикалық  даму сатысына көңіл  бөлу керек.  Жәнеде жергілікті тұрғындарды өзге жерлерге көшірген дұрыс деп санаймын. Оларды мемлекет қолдауымен  Солтүстік Қазақстанға көшіріп , тұрғын үйлермен қамтамасыз етіп ,  егін жұмыстарына , е болмаса қолөнермен айналысса , мемлекетке кішкене болсын пайдасын тигізу қажет, әйтпесе мемлекетке ауырпашылық болудың қажеті жоқ.  Әрине түсінемін олар ауруға шалдыққан , бірақ  мемлекетке қарап отырып өміріңіздің қызығы қалмайды емес пе?

Ұқсас сұрақтар

...