0 дауыс
Ай бетіндегі қара дақтар неден пайда болған?
15.04.2014 8.2k қаралым

3 жауап

+1 дауыс

Айдың бізге көрінетін бөлігіндегі қара дақтар оны адам бетіне ұқсатады. Бұл дақтар ай теңіздері деп аталады. Олар ай бетіндегі орасан зор жазықтар. ал қалған жерінде үлкен тесіктер орналасқан. Ай бетіндегі мұндай жазықтар қалай пайда болған? Шамамен 3,5 - 4 миллиард жыл бұрын радиоактивты ыдырау қуатының арқасында айдың қойнауы балқыған. Ай қабатындағы жарықтардан базаль үлкен көлемде ағып шығып, ай бетін басқан. Шамамен 3 миллиард жыл бұрын базальт ағындары тоқтап, ол қатып, қазіргі ай теңіздерін құраған.

ай, ай беті, ай қара дақ

15.04.2014
0 дауыс
айға астероидтар келіп соғысқан .Содан кейін осындай дақтар пайда болған .
15.04.2014
0 дауыс
Осы Айға астероидтар соғысқан деген пікірге сеніңкіремеймін, барлығының формасы дөңгелек, астероидтардың барлығы 90 градуспен келіп соғыспайтын шығар?
19.04.2014
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы