Айдың бізге көрінетін бөлігіндегі қара дақтар оны адам бетіне ұқсатады. Бұл дақтар ай теңіздері деп аталады. Олар ай бетіндегі орасан зор жазықтар. ал қалған жерінде үлкен тесіктер орналасқан. Ай бетіндегі мұндай жазықтар қалай пайда болған? Шамамен 3,5 - 4 миллиард жыл бұрын радиоактивты ыдырау қуатының арқасында айдың қойнауы балқыған. Ай қабатындағы жарықтардан базаль үлкен көлемде ағып шығып, ай бетін басқан. Шамамен 3 миллиард жыл бұрын базальт ағындары тоқтап, ол қатып, қазіргі ай теңіздерін құраған.
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы