0 дауыс
25.3k көрілді
Тахикардия деген өзі аурудың түрі болып саналама? Тахикардия туралы толық ақпарат білгім келеді? Одан жазылуға болады ма? және аяғы ауыр келіншектерде бұл асер етеді ме, балаға бұл ауру беріледі ме?

5 жауап

0 дауыс
http://ru.m.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D1%85%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%80%D0%B4%D0%B8%D1%8F
–1 дауыс
Жүрек  тынысының бәсендеуі!
0 дауыс
Ол жүрек соғысының бұзылуы, жүрек соғысының жиілеуі. Ол ауру емес, бірақ аурудың белгісі. Әсіресе вегетативтік жүйке жүйесінің бұзылуы, эндокринді жүйенің бұзылуы т.б тахикардияға әкеледі.
+1 дауыс
Жүректің "Т"ез соғуы "Т"ахикардия, "Б"аяу соғуы "Б"радикардия
0 дауыс
Тахикардия ауру түріне жатпайды. Тахикардия дегеніміз жүрек соғысының жиілеуі. Қалыпты жағдайда адам жүрегі 70-80 рет соғады. Егер де жүрек соғуы 90нан асатын болса, ол жағдайды ТАХИКАРДИЯ деп атайды. Ол дені сау адамдарда физикалық күш түскенде (жүгіргенде , дене қимылымен айналысқанда т.б) байқалады.Ол физиологиялық жағдай. Мұндай жағдай жүкті әйелдер де кездеседі. Өйткені оның жүрегі екі адам үшін соғады . Балаға берілмейді.

Тахикардияның екінші тобы ол патологиялық. Яғни ол белгілі бір аурулардың белгісін білдіреді. Жүрек аурулары , эндокринологиялық аурулар т.б. Ол үшін толық тексерілуден өтіп, тахикардияға алып келген ауруды емдеу қажет.
...