Тахикардия ауру түріне жатпайды. Тахикардия дегеніміз жүрек соғысының жиілеуі. Қалыпты жағдайда адам жүрегі 70-80 рет соғады. Егер де жүрек соғуы 90нан асатын болса, ол жағдайды ТАХИКАРДИЯ деп атайды. Ол дені сау адамдарда физикалық күш түскенде (жүгіргенде , дене қимылымен айналысқанда т.б) байқалады.Ол физиологиялық жағдай. Мұндай жағдай жүкті әйелдер де кездеседі. Өйткені оның жүрегі екі адам үшін соғады . Балаға берілмейді.
Тахикардияның екінші тобы ол патологиялық. Яғни ол белгілі бір аурулардың белгісін білдіреді. Жүрек аурулары , эндокринологиялық аурулар т.б. Ол үшін толық тексерілуден өтіп, тахикардияға алып келген ауруды емдеу қажет.