+1 дауыс
640 көрілді
Мені қызықтырып жүрген сұрақ бар еді.Бокста ең көп кездескен боксшылар кім?Неше рет кездесті? Есімдері кім? Кім көп жеңді?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Реджи Стрикланд деген боксы. Ол кәсiпқой бокста 363рет кездескен. Чемпиондар сақтарын сындырған бір ғана жеңілістен кейін спорттан кетіп жатса, жеңіліспен өз аттарын шығарған адамдар да екен. Мысалы, әлемдегі ең жолы болмағыш боксшы, американдық Реджи Стрикланд сияқты. Ол екі рекордтың иегері болып табылады: кәсіпқой бокста ең көп жекпе-жек өткізген спортшы (363 шайқас) және бокс тарихында ең көп( 276 рет) жеңілген боксшы. Боксшы көп жекпе-жектерге лақап атпен қатысқандықтан, оның жеңілісі бұдан да көп болуы әбден ықтимал. Реджидің мансап жолы 1987 жылы, 19 жасында басталған. Жас боксшы «жәй жүрмей», бокстаса жүрейін десе керек, бір айдың ішінде он бес шақты шайқасқа қатысады. Әрине, ол тек жеңіле берген жоқ, жеңістері де болды, бірақ әлсіз деген боксшыларды ғана жеңе алды. Жекпе-жектердің дені оның қарсыластарының жеңісімен аяқталып жатты. Статистикаға сүйенсек, Реджи Стрикланд өмірінде небәрі 14 боксшыны ғана жеңіпті, оның өзінде алғаш рет рингке шыққан боксшыларды ғана! Стрикланд әлі күнге дейін рингке шығатын көрінеді. Көрермендердің көзайымы болмаса да, оны өзінше жақсы көретін көрермендер баршылық, ол қатысатын шайқастарды Американың танымал телеарналары трансляциялайды. Бұл оқиға жай қызықты дерек болып қалар ма еді, егер оның туыстары да бокспен айналысып жүргені болмаса. Мысалы, Реджидің ағасы Джери Стрикланд 112 жекпе-жектің 100-інде жеңілген, ал оның жұбайы 30 кездесудің 28-інде жеңілген. Онымен қоймай, бөлесі Джош та осы «таяқ жегіштердің» тізіміне кіріп отыр, ол 74 кездесудің 68-інде жеңіліп қалған. Олардан кейінгі ұрпақ та «қалысар емес»: Реджидің немере інісі Джей де өткізген барлық 28 кездесуде жеңіліп, «жоспарды жүз пайызға орындап отыр».
Бұл мәліметтердің сілтемесі керек!!!
0 дауыс
Меніңше Мұхаммед Али шығар. Таза статистикасын білмедім ))
0 дауыс
http://boxing-club.ucoz.ru/publ/rekordy_ginnesa_v_bokse/rekordy_ginnesa_v_bokse/3-1-0-7 Боу тураы генис рекордтарына тіркелген мәліметтер
...