+2 дауыс
620 көрілді
Аялдамада бір қыздың суреті жапсырулы тұр, төменде мынандай жазулар:-' Мына азаматша үйінен шығып кеткен. Үстінде ақ күртешесі.. . Көргендер болса.. ', өзім қатарлы жап- жас қыз екен. Ол қайда кетуі мүмкін? Бұған дейін де көп көргенмін осындай суреттерді ,адам іздеген. Бірақ дәл қазіргідей ойға батпаппын. Шынымен осы жоғалғандар қайда кетіп жатыр? Неге оралмайды? Біреу ұрлай ма әлде? Жоғалған адамдарды қанша жыл іздейді? Табылғанша ма, әлде арнайы белгіленген жылы бола ма?
Сондай қорқынышты жауаптар, сұрақты қойғаныма өкініп кеттім

8 жауап

+4 дауыс
Ар калай гой. Биреу уйден шыгып кетип биреу миреу устап ап олтирип кетеди. Кей биреу баска жерге адам билмейтин жерге кетип калады. кейбиреудин ишки курлыссын алып сатып жибереди. Енди биреуди зорлап сатып жибереди. Мине солай.
+2 дауыс
Өз көзіммен көргем бір қызды ұрлап оны Қытайға сатып жібергенін.
Қытайда тіпті өз адамдарынан құтыламай басқа елдерге қаңғыртып жіберіп жатса бізден сатып алынған адамды нағылсын?
Белгісіз
ол жақта қыздар аз болған соң өзбек, қазақтардан ұрлайды.
өз көзінмен көрдін бе? мүмкін ол қыздар қазақ оралмандар шығар
Белгісіз
+2 дауыс
Бұл дегеніміз біздің елде әлі де құлддыққа ұстау бар деген сөз!  Қазақстан Хабар арналарында кейде жаңалықтардан көрген шығарсын сонда көрсетіп жжатады ғо бір топ адамды қамауда ұстап зорлаған деп сондай сондай жағдайлар болатын  шығар сол Қазіргі Жоғалып кетіп жатқандарға!
+2 дауыс
Біз жақта бір дүкен болатын сол жерде істейтін бір тәтені ұрлап кетті. 2жылдай уақыт өтті ешкім таба алған жоқ. Kешке дүкеннен шығып машинасына отырып кеткен үй жанында  тек машинасы және киімдері ғана  табылған
+4 дауыс
Қазақстанда жоғалғандардың саны соншалықты көп емес.
+3 дауыс
Шетелге сату немесе зорлау, жұмысқа салу т.б. себептер шығар
+4 дауыс

Жаңалықтардан естіп жатамыз,тіпті батпалдай ер азаматтардың санасын улап,ешкімге айтпай хабарсыз алып кетіп жатқандар бар.Алдында хабар арнасынан болуы керек бағдарлама көрдім сонда бір тәтені қамап 30 жыл бойы құлдықта ұстап келіпті,отбасы,бала-шағасын ұмытып қалған мүлде.Бір байдың үйін,қорасын тазалатқызып қойған екен.Кішкентай балаларды да ұрлап кетіп жатыр,оның дене мүшесін заңсыз алып сатқан кісілерде жүр арамызда,айта берсек көп.

Қыздарды жеңгетайлықпен көрші елдерге сатуда.Алтын көрсе періште жолдан таяды демекші, адамның өмірінен ақша артық болып кетті.Көшеде тіпті жол апаты болып жатқанның өзінде кейбіреулер ыржалаңдап әумесер телефондарын шығарып суретке түсіретіндерің айтсаңшы...Ех.

0 дауыс
Бүкіл әлемде бар әрі өзекті мәселе адамды құлдықта ұстау деген. Әйтпесе БҰҰ адам саудасына тыйым салатын шараларды ұйымдастырып, оған әр түрлі елдер қатысуға құлық танытпас еді ғой. Адам саудасы мен құлдықта ұстау мемлекетке бөлінбейді деп естігем. Бүкіл әлем бойынша өздерінің құрып алған жүйесі бар екен. Сол арқылы сұраныс болған жерге сата береді екен. Недеген сұмдық, недеген жауыздық! Сондайларды адамнан туды деуге аузың бармайды! Азғындық деген осы болса керек...?! Кейде түсінбейсің, ақша адамды жаман қыла ма, адам ақшаны жаман қыла ма....
...