0 дауыс
4.2k көрілді

Жапырақтар сарғайғанда, хлорофил не істейді?

жапырақ

1 жауап

0 дауыс
Жапырақтың жасыл болуы ерекше пластида - оның жасушаларындағы хлоропластқа байланысты. Әрбір жасушада ондаған, кейде жүздеген хлоропласттар болады. Олар түссіз цитоплазмалық негіз және жасыл пигмент - хлорофиллдан тұрады(грекше . «хлорос» – жасыл және «филлон» – жапырақ). Күн сәулесінен жапырақтағы хлорофилл бұзылып, қайта қалпына келеді. Күзде хлорофилл түнде бұзылады, алайда күндіз күн сәулесі аз болғандықтан қалпына келіп үлгермейді. Жапырақта хлорофиллден бөлек, каротиноид пигменттері де бар. Ол хлорофилл әсерінен көзге көрінбейді. Температураның төмендеуі хлорофиллдерді жояды, ал сары пигментке әсер етпейді. Сондықтан жапырақтар сарғая бастайды. Одан бөлек, жапырақтарда антроцианин пигменті түзіледі, осы пигмент жапырақтарды қызыл түске бояйды.

Ұқсас сұрақтар

...