0 дауыс
474 көрілді
Біз осы неге қолымыз жетпейтін нәрсеге ұмтыламыз? Қайдағы бір қызды ойлаймыз? Кейін сезім өшкеннен кейін қатты өкінеміз бекерге қиялдағаным екенмін деп. Жақынымызды бағаламаймыз? Неге? Бұл бәлкім сынақ па? Дәл осыларды ойлап бас миым ашиды.

4 жауап

+4 дауыс
Пендешілік қой бұл. Пенде болған соң қателесеміз, артынан қиналамыз. Ақылмен шессең әр басқан қадамды ойланып бассаң ондай қателікке бармаймыз. Бірақ қазір ойланатын уақыт жоқ тез шешім қабылдаймыз ол әрине дұрыс емес.
0 дауыс
кедей бай болсам диді, бай құдай болсам диді, сол сиқты
0 дауыс
Ассалумагалейкум!  Ербол бауырым, сурагына карасам сен озін бір кызды унатып, соган колын жетпегендіктен осылай жазып откан секілдісін. Кайдагы бір кызды ойлау, Кейін сезім өшкеннен кейін қатты окіну, жақындарын багаламау деген сиякты нарселерге менін де миым ашиды.  Дегенмен, бір кызды унатып кейн колын жетпеген жагдайда, бекер киялдаппын, ойлаппын деп окінуге болмайды. Себебі, егер сен мыкты болып жатсан, колынды жеткіз, кейн окінбеуді ойлау керек. Бул суракты да бекер коймаган секілдісін, жаксы корген кызын казыр саган карамай жур ма, соны білгім келіп турганы....????  :)
Идеалым, мақсат қойып арманымдағы қызды айтып отырмын мен. Жәй әншейін бір көргеннен ғашық болған алдамшы сезімнің себепкерін емес.
+1 дауыс
Орынды сұрақ. Дегенімен, өкінбеу керек. Бұл - өмір. Егер сіз сол қол жетпес аспандағы айға қол созбағаныңызда өмірдің мәнін түсінбей өтер едіңіз. Өмір сынақтан тұрады, яғни сіз бұл өмірге сыннан өту үшін келгенсіз. Өтіп қана қоймай, сол сыннан сабақ ала білуіңіз керек. Байқаңызшы, егер сіз сол қызға оп-оңай қолыңыз жеткенде қадірін білер ме едіңіз? Дегеніңіз болып, көздегеніңізге оңай жете берсеңіз өмірдің мәні де кетер еді. Қытай философы Конфуций "Ертең не болатынын алдын ала білсең, өмір сүріп не керек?" деген.   Сіз өкінішіңізді "өкініш" деп емес, өмірден алған сабағым деп білгейсіз, әр қиындықтың соңында бір қуаныш болады. Оған қолыңыз жеткен жоқ, есесіне бұдан бұлай ондай жағдайды қаталамауға қабілетіңіз жетеді. Алдын ала аласыз, солай ғой?
Болмайтын нәрсеге миыңызды ашытпай, жақсы жақтарды, жақсылық жасауды ойланыңыз. Біле білсеңіз, өмір сіз ойлағандай оп-оңай емес. Оған өзіңіздің де көзіңіз жетіп жүрген болар.
Мына сұрағыңыз өмірдің бір қалтарыс тұсы ғана, әлі алдыңызда мұнанда қол жетпес, сағымдай болған асулар бар. Әр асуға жолыққан сайын осылай өкініш білдіре берсеңіз не болғаны? Жігітсіз, намысыңызды қолдан бермейтін боларсыз?!
Әй жеңеше қатырасыз сізде. Сұрақ 1 қарашада қойылған-ды. Романтик романтик па, кұр сөзбен мақтанса. Жалпы өзімнің істеп жүрген істерім өзіме ұнайды. Толмай жатып болдым демей-ақ қояйын, бірақ тар жол тайғақ кешкен жоқпын де демей-ақ қояйын. Сізде Қырғи үшін бірдеңе жасап әрекеттеніңіз, құр босқа сайтта отыра бермей, хехехе.
Мяяя, уақытына қарамаппын. Жұмбақ қыз жауап берген соң басты бетте тұрғанынан қарап жаза салыппын-ау. Ал Қырғидың мұнда не қатысы бар? Біле білсең Қырғи сенімен қатар бала, балапан әлі))
Қырғиді жәй әзіл ретінде жаза салғаным ғо. Сіз үшін балапан бола қояйын, бірақ ол тек сіз үшін. Елдің атынан жауап бергенде ғана түсінермін балапан екенімді.
...