0 дауыс
1.2k көрілді
Шеркештің екінші баласы Қойыстан 5 бала тараған соның бірі Дербіс (Қаракемпір) туралы толык мәлімет бересізбе

14 жауап

0 дауыс
Қысқаша Қаракемпір руы туралы

            Атам қазақтың руың кім дегені - сенің әлемге әйгілі үлгі болған ең Ұлы атаңның аты кім дегені. Жауап - Шеркеш, яғни біздің рудың аты "ШЕРКЕШ" ру бөлімдерден құралады. Бөлім бір атадан таралған ұрпақтардың бірлесіп өмір сүруінен пайда болады. Бөлімге кіретіндер бір-біріне қан жағынан туыс адамдар. Негізі бізді Шеркештің Қойыс бөліміне жатқызады, бірақ басынан Шеркеш - Қойыс демей, Шеркеш - Қаракемпір деп кеткен. Неге бұлай деген сұрақ туындайды. Жауабын Дербістің Қойысқа кім болғанынан табуға болады. Дербіс батырдың әкесі Жайық ерте өмірден өтіп Дербіс әкесінің інісі Қойыстың қамқорлығында болған.

Қойыс заманында белгілі батыр, қолбасшы болған адам.                                                                                                                                                 Қойыс пен Дербіс серт еткен,

Серт еткен жауын мерт еткен.

Шеркештен батыр көп шықты,

Ол заманда ерте өткен.

Қойыстың соңына ерген інісі Дербісте сондай дәрежеге көтерілген және ұрпағы көбейіп, өсіп бір бөлек ауыл болған. Бұл жерде Дербіс және оның балалары шыққан от басын Қойысты ескермей өздерін Дербіс деп атамаған. Сондықтан Зылиха анамызға халық қойған атпен өздерін Қаракемпір ауылымыз деп атап кеткен. Зылиха анамыз бүкіл Дербіс әулеттеріне ұйтқы болып, жөн үйреткен, жол көрсеткен адам екен. Халық ауызында қалған Қаракемпір Зылиханың жақсылықтары туралы айтылатын қария сөз көп. Мысалы Әлімнің алты жақсысына (кей деректерде ауылды аман алып қалу мақсатында қалмақ батырларына деп жазылады) Дербіс батырдың жауға шабатын тұлпарларының бірін сойып беруі. Нақты айтқанда Қойыс ата ауылынан бөлініп шыққанда өздерін дереу Дербіс бөлімі деп бөлмей халық қойған жалпы атпен Қаракемпір деп атап кетсе керек. Бұл жерде Дербіс атамыз өзіне қамқор болған ағасын сыйлап өз ауылына тікелей өз атын немесе әкесі Жайықтың атын бермеген. Бұл дала тәрбиесі, үлкенге деген құрмет, оған деген ізеттілік. Аяғын бөлек салып, сол кезде басқа атпен бөлініп кетсе, онда ол шыққан жерін, ұшқан ұясын, тәрбиелеген ағасын ұмытқан адам болар еді. Дербіс Ата ұрпақтарының бойына туа біткен қасиет, ол бауырмалдық. Бұл жерде Дербіс балалары жалпы халық қойған атпен Қойыс ата ұрпақтарынан бір аталыққа шығып, өздерінің ағайын арасында бір бөлек аталық қауым екенін Қаракемпір деген атпен келер ұрпаққа тарих өзі кіргізген.
0 дауыс
Жалпы қәзіргі таңда Шеркеш қауымының төлқұжаты болып саналатын «Шеркешнама» энциклопедиясы арқылы қалың Шеркеш, біраз тарихи мағлұматтарды тереңірек білді. Туынды авторы: Пернебай Дүйсенбин сан жылдар бойы зеріктеген еңбегінде, жапырағы кеңінен жәйылған Дербіс әулетін, тарихи - шежіре жазбаларға сүйене отырып, Қойыс әулеттері ішінде үлкені, аға баласы екенін ескеріп, және шежіре схемасының көптігіне қарай, жеке үлкен әулет екенін көрсетеді.

«Шеркешнама» энциклопедиясы

Қосым әулеттері: 121-208 бетте. 87 бетті алып тұр.

Қойыс әулеттері: 311-417 бетте. 106 бетті алып тұр.

Дербіс әулеттері: 547-626 бетте. 79 бетті алып тұр.

Жауғашты әулеттері: 673-755 бетте. 82 бетті алып тұр.

Шумақ әулеттері: 790-870 бетте. 80 бетті алып тұр.

Қылышкестен әулеттері: 979-1034 бетте. 55 бетті алып тұр.
0 дауыс
Қауымдастық туралы

Осыдан 5 жыл бұрын яғни 2019 жылдың 15 сәуірінде кәзіргі заманға сай WhatsApp желісі арқылы Дербіс Ата (ҚАРАКЕМПІР) қауымдастығы құрылған болатын. Бас әкімшісі: Ақтөбелік Байжауын Бисенбай Смағұлұлы. Тіркеуші: Атыраулық Макимов Аманбек Жетесбайұлы.

Қауымдастықтың негізгі жалпы мақсаты: Қазақта жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер, өзін ғана білген ұл – құлағы мен жағын жер деген, дана сөз бар. Шежіре тақта бойынша Кіші жүз, он екі Ата Байұлы құрамына кіретін Шеркеш – Бөтік - Жайық - (Қойыс) – Дербіс. Осы Дербіс атамыздан тарыдай шашылған  10 (он) ұлы – Қоғам, Тоқтар, Базар, Жанас, Нәзік, Сатай, Сатылған, Түрке, Шыңбай, Құлмас ұрпақтарының басын қосу, араласу – құраласу, танысу болатын.

Қауымдастық құрылғаннан кейін 2019 – 2022 жылдар аралығында еліміздің түпкір – түпкірінен Дербіс Ата ұрпақтары тіркеле бастады. 2019 - 2022 жыл аралығында Қауымдастыққа тіркеу жұмыстары қатаң сақталды, яғни тіркелген ағайынның толық аты – жөні, туған жылы, жеті атасы, тұрғылықты жері туралы есепке алынып отырды. Кейінгі жылдары тіркеп жазып отыру мүмкін болмай кетті.

Сол кезде болып жатырған, еліміздегі пандемияға байланысты үлкен бас қосу мен кездесулердің сәті болмады.  Алайда елдегі ахуал басылғасын 2022 жылы алғаш рет Дербіс Ата құрылтайын өткізудің сәті түсті. Алғашқы құрылтайдың басты себебі: Еліміздің батыс өңірлері Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Орал бойынша ағайындардың көптен айтылып келе жатырған бастамасымен, Ата бабалары қыйын қыстау заманда Каспий маңын паналап және көршілес елдерге кеткен бауырларды және еліміз бойынша, әсіресе Дербіс Ата ұрпақтары кең жайлаған батыс өңірлеріндегі Жайықтың Самар және Бұхар беткейі, Ойыл – Жем - Сағыз бойындағы Дербіс ата ұрпақтарымен бетпе - бет жүздесу, танысу болатын. Тарыдай шашылған бауырларымызды бір ортаға ұйымдастырып, болашақта бірімізді жақын танып, табысып араласып жүрейік деген мақсатта, Дербістен кейінгі Аталары туралы жазба деректер қалмаған  бауырларға - бірімізден біріміз сұрастырып үлес қосу, көмектесу және де сол кезде жоспар бойынша басталғалы жатырған үлкен жоба, ұранымыз "Шағырай" Ата - және "Орақ" Әулие кесенелерінің құрылысы аясында, бөлімге берілген барлық тапсырмаларға үлес қосуға дайын болуды насихаттау болатын.

Кәзірде құрылған қауымдастықтың арқасында ағайын арасында ауыз біршілік қалыптасты. Құрылтай - ас беру, бас қосу – танысу, көрісулерді айтпағанда, ағайын арасында қайғылы жағдайда қаржылай көмек беру, қуаныштармен бөлісу және айт мерекесінде құрбандық шалып тарату қалыптасты. Жалпы 2019 – 2024 жылдар аралығында 5 жыл ішінде ағайынның ауыз біршілігі арқасында қауымдастық арқылы біраз шаруалар атқарылды деседе болады.
0 дауыс
Алғашқы тарихи құрылтай

Дербіс Ата (Қаракемпір) ұрпақтарының алғашқы тарихи құрылтайы 2022 жылдың 7 мамырында Атырау қаласы Жайық өзені бойында орналасқан Бесікті демалыс базасында болып өтті. Құрылтайға Қазақстанның түкпір түкпірінен, шеті сонау Түркия елінен бас аяғы 150 ге жуық ағайындар қатынасты. Осы турада Дербіс Атадан тараған 9 баланың  ұрпақтары бас қосты десек артық айтқандық болмас. Белсенді жас буын жігіттердің ұйымдастырумен алыстан келген қонақтарға барлық жағдайлар жасалды. Құрылтайға жылқы малы сойылып, Алға ауылы (17 ауыл) да Ұзақбаев Тілеген ата шаңырағында қонақ асы берілді. Ертесіне Бесікті демалыс базасының аумағына арнайы құрылған үлкен киіз үйде ағайындардың танысумен басталды. Әр мен қарай сол демалыс базада орналасқан мейрамханада, әр елді мекеннен келген Ақсақалдар бата беріп, Дербіс (Қаракемпір) ұрпақтары чатының бас әкімшісі Байжауын Бисенбай Смағұлұлы құрылтайды ашып беріп, құрылтай жүргізушісі Дербіс ініміз Тілеген Сырымжанның басқаруымен барлық қонақтарға тілек сөздер беріліп, жергілікті өнер адамдарының ән күйлері тамашаланып, Атыраулық Қалиев Оралбай Боранұлы мен Алматыдан келген Қорғанбаев Әділбек Әбдібайұлы ағаларымыз барлық қонақтарға арнайы алып келген жеке еңбектерін (кітаптар) сыйға беріп, Миялыдан келген Сисенғалиев Демеу Ықсанұлы ағамыз Дербіс Ата туралы газет бетіне түскен жеке жазбасын қонақтарға таратты.  Соны мен қатар ағайындар атынан Түркиядан келген Хайыр Мехмет ағамызға Шеркешнама кітабы сыйға тартылды. Және Құрылтай кезінде Маңғыстау облысы Боранқұл ауылынан келген кішкентай Дербіс есімді ініміздің тұсауы кесілді. Тұсау кесу рәсімі Бисенбай Смағұлұлына бұйырды. Дәстүр бойынша тұлпар сыйлаған халықпызғо, Дербістің атасы Қонарбаев Саламат тұсау кескен Бисенбай Смағұлұлына жылқы атап, Бисенбай ағамыз Дербіс баламызға тұлпар - тай мінгізіп, келген қонақтар шат шадыман болды. Жеті сағатқа созылған Құрылтай кездесудің аяқталу батасын Түркістан облысы Мақта арал ауданы Жаңатас  ауылы (Жетісай) ауылынан келген 78 жастағы Мүлікаманов Қуандық (Қажы) атамызға бұйырды.
0 дауыс
Дербіс Ата (Қаракемпір) ұрпақтарының қауымдасқан тобына

5 жыл толуына орай, Атырау облысы Қызылқоға ауданы

төрінде өткен, алғашқы тарихи құрылтай кездесу

2024 жылдың 31 мамыры мен 1 маусымында Қаракемпір руының қасиетті қара шаңырағы, ежелгі ата қонысы аталған, Атырау облысы Қызылқоға аймағына бас қосудың сәті түсті. Миялы селосы Жангельдин аумағына қарасты Ойыл өзені бойында 5 жылдық кездесу жоғары деңгейде болып өтті. Құрылтайға 200 адам жобасына деп, 3 киіз үй, асқа 1 жылқы, және 4 жандық сойылып және ұзындығы 5,25 метр, ені 2,40 метр, 120 фотодан тұратын арнайы 5 жылдық банері жасалды. Жоспар бойынша 31 мамыр күні алыстан келген қонақтарды қарсы алып, арнайы құрылған ағаш үйлерде жергілікті ағайындардың дайындаған қонақ асы беріліп, тілек сөздер айтылып, ән - күйлер шырқалды. 1 маусым күні таңертеңгі сағат 9:00 - 12:30 аралығында Аталар рухына тағзым, дұғалар бағыштау мен басталды. Алыс – жақыннан 5 жылдық құрылтайға келген қонақтар Миялы басы Сақал Ата қорымына дұға бағыштап, түнек үй кешеніне барып, жеті нанға дұға бағышталып ақтан ауыз тиді. Әр мен қарай Секер – Самай беткейі, Кіндіксай елді-мекені, (Қаракемпірлер қауымы) қорымдарына Аталар рухына дұғалар бағышталды. -- Сағат 13:00 де Дербіс ауылында 5 жылдық құрылтайды жүргізіуші ініміз Сырымжан Тілеген Әссалаумағалейкүм!!! Барша ағайындар мен қонақтар!!! Қаймағы бұзылмаған құтты мекен – майлы қоға, талай не бір атақты тұлғалар шыққан, Қызылқоға ауданы төріне қош келдіңіздер деп, алыс жақыннан келген 150 ге жуық қонақтарды киіз үйлердің төріне шақырып..............

Сексен жылдық тарихы бар ауданым,

Жусаныңның тата алмаған жау дәмін.

Сен көсіліп жазық далам жатқанда,

Мен өзімді дей алмаймын таудамын.

Дұшпандарды аттатпаған екі елі,

Көлемі үлкен, ұзындығы, беті ені.

Ойылы мен қыраты бар, қыры бар,

Қызылқоға – қазағымның мекені.

Киелі жер, өшпейді оның оты әлі,

Тайсойғандай даласы бар жоталы.

Қызылқоға – батырлар мен әйгілі,

Жазушылар, ақындардың отаны.

Өз даламның өнеріне байланам,

Жағалата жас қанатын жайған ән.

Қызылқоға – төрт түліктің мекені,

Өзен – көлді, төбелерді жайлаған.

Шертілмейді бұл далада бөтен күй,

Талай тұлға осы жерде көтерді үй.

Халел, Салық, Ғабдол менен Зейнолла,

Мәтен ата, Қазыбек би, Бөкен би.

Талай ерлер баса көктеп сай тастан,

Атой салып алаңқайда айқасқан.

Құныскерей, Айбас – Тұрлан – Сақал батыр, Дербістей,

Бабаларым басты жаумен шайқасқан.

Ну қамыс пен көгілдір көл, жылғалар,

Жол-жөнекей төмпешік пен қыр қалар.

Мұрат ақын, Қалидолла, Ығылман,

Осыларды суреттеген тұлғалар.

Бетке ұстап, желмен есе шаңдарын,

Шыққан нағыз шыңдалумен шын дарын.

Тасшағылдың шағылы мен Қарабау,

Ақкөл, Бүйрек, Қаракөлдің құмдарын.

Білгенімде даңқты аудан екені,

Төбем көкке жетпей тұрды екі елі.

Миялымен шектеседі Жангельдин,

Көздіқара, Халел елді мекені.

Аудан жері дейтіні жоқ қалайы,

Қариядай қырау шалған самайы.

Сағыз, Мұқыр, Кенбай, Мәтен кен орны,

Жантерек пен Жамансордың маңайы.

Қоға қандай, еңкейе өскен екпестен,

Жусан исі бұрқыраған, текті өскен.

Қызылқоғам жері байтақ, жан-жағы,

Оралменен, Ақтөбемен шектескен.

Бұл мекенде қоғам да бар зиялы,

Бұл өңірде әр адамның қиялы.

Айналаға ауданымен танымал,

Қызылқоға орталығы Миялы.

Жүргізуші: Жалпы Қаракемпір руының қасиетті қара шаңырағы, ежелгі ата қонысы аталған, Қызылқоға аймағына, Дербіс – Қаракемпір бөлімінің қауымдасқан тобына 5 жыл толуына орай өтіп жатырған, құрылтай кездесуге Қош келдіңіздер деп!!! Алғашқы тілекті - құрылтайды ашуға, қонақтарға қош келдіңіздер айтуға, ақсақалдардан бата сұрауға, ортаға Абдрахманов Хамидолла ағамызбен Құрылтай төрағасы Байжауын Бисенбай ағамызды шақырды. Құрылтай төрағасы Дербіс Ата (Қаракемпір) қауымдастығының құрылуы туралы қысқаша айтып өтіп, Қызылқоға ауданы Миялы – Жангельдин бойынша әр ру басынан арнайы шақырылған ел ағаларына және де «Шағырай» ҚҚ, «Бай ұлы Шеркеш Ата» ҚҚ, «Қазыбек Би» ҚҚ алқа билеріне Дербіс (Қаракемпір) ауылы төрінен орын алып сый құрмет көрсетуіміздің нәтижесі Дербіс (Қаракемпір) ұрпақтарының алар орны биік, алдағы мақсат – жоспарлардың орындалатыны алыс емес екенінің дәлелі, бізді бес Арыс Шеркеш ұрпақтары мойындауы, одан әрі қанаттандырады, біздің негізгі мақсатымыз тарыдай шашылған ағайынның басын қосу, жеті атасын толық білуге жұмыстану, ағайынның Ордасын құру. «Мына дүниеде ең қымбат сыйлық және құрмет – ағайынына, бауырына уақыт бөлу» Еліңді сүйу, ана тіліне құрметпен қарау, білімге ұмтылу, жеті атаңды білу, осы үшін еңбек етіп қажырлансақ бізді ең озық ұлт болуымызға жетелейді. Қарттарымыз аман, жастарымыз білімді қажырлы болсын деп, Құрылтай төрағасы келген қонақтарға рахметін айтып, сөзін аяқтады.

Құрылтай ашылғасын ауыл туралы ән шырқалды. Әрі қарай жүргізуші Қызылқоға ауданының қысқаша тарихы туралы айтып өтті:

Жалпы Қызылқоға ауданының тарихын, қысқаша айтатын болсақ: Ауданды алғаш құру туралы шешім 1928 жылы наурыздың 27-сінде қабылданған. Іргесі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1942 жылы ұжымшар орталығы болды. 1949 жылы Тайсойған механикаландырылған мал шаруашылығы стансасына айналды. “Мия” шөбі көп шығуына байланысты ежелгі тұрғындар мекендерін «Миялы» деп атап кеткен екен. Аудан орталығы 1952 жылы Қарабау ауылына, ал 1959 жылы Миялы ауылына көшірілді. Бүгінде аудан құрамында 10 ауылдық округ, 26 елді мекен бар. Аудан бойынша мәдени - әлеуметтік мекемелер: 13 балабақша, 13 орта мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 мектеп-гимназия, 2 музыка-өнер, 2 спорт мектептері, 7 мәдениет үйі, 14 селолық клуб, 1 кинотеатр, 27 денсаулық сақтау мекемелері бар. Қызылқоға жерін Ойыл және Сағыз өзендері қиып өтеді. Ауданның территориясы 24,9 мың шаршы км. Қызылқоға ауданы батысында Атырау облысының Индер ауданымен, солтүстігінде  Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Қаратөбе аудандарымен, шығысында Ақтөбе облысының Ойыл және Байғанин аудандарымен, оңтүстігінде Атырау облысының Мақат және Жылыой аудандарымен шектеседі.

Сөз кезегі, алыстан арнайы шақырылған «Шағырай» ҚҚ, «Бай ұлы Шеркеш Ата» ҚҚ, «Қазыбек Би» ҚҚ атынан келген қонақтарға берілді. Сөз алған өкілдер, Дербіс Ата (Қаракемпір) қауымдастығының өтіп жатырған 5 жылдық құрылтайымен шын жүректен құттықтап, ризашылықтарын білдіріп, арнайы әкелген сыйлықтарын табыстады. Және қоғамдық қорлардың атқарған жұмыстары туралы баяндап, алдағы жоспарлары туралы айтылды. Сөз соңында Жақсылықов Ерғали Тәженұлы! мен Құсайынов Абылай Нықышұлы! Қазақстан бойынша «Шеркеш» бөліміне қатысты барлық үлкен шараларда басшылық жасап, ұйымдастыру қаблетімен, жас буынға және болашақ ұрпаққа рухани бағыт – бағдар беріп жүргендері үшін, Қазақстан бойынша «Дербіс Ата» Қауымдастығы атынан Алғыс хаттар мен марапатталды. Қонақтардың тілек сөзінен кейін Жетесбай Байбек Аманбекұлы және Ислямғали Абылай Қадыржанұлы екі күй - Ерке сылқым мен Балбырауынды қатар орындады.

Келесі сөз кезегі, Миялы - Жангельдин басы бойынша, Құрылтайға арнайы шақырылған барша Ел ағаларын, тілек сөзге ортаға шақырды. Ортада тілек айтқан қонақтар, өздерін таныстырып, Дербіс Ата (Қаракемпір) қауымдастығының өтіп жатырған 5 жылдық құрылтайымен шын жүректен құттықтап, ризашылықтарын білдіріп, алдағы атқарылатын шаруаларына сәттілік тіледі. Тілек сөзден кейін жергілікті ініміз Кетенің баласы  Мәдиев Қайролла Қазенұлы Қызылқоға әнін шырқады.

Жүршізуші:

Ауылға барамын мен анда-санда,

Аламын қуат жиып жанға сонда.

Суы да туған жердің балдай тәтті,

Шымырлар бойымдағы қан да сонда.
Жастықты жылдар жұтып, жалаңдаған,

Әр күнін қимай көңіл алаңдаған.

Сағындым ауылымның адамдарын,

Куәсі балалықтың далаңдаған.
Батырып кешті бірге арайлаған,

Жол жаққа анам жиі қарайлаған.

Дәм жазса барып қалам деп жүргенде,

Ақ кірді бұйра шашқа орайлаған деп, барша алыс - жақыннан келген, Дербіс (Қаракемпір) ағайындарды ортаға тілек сөзге шақырды. Ортаға шыққан барлық ағайындар ата қонысқа сағынышпен келгендерін айтып, ыстық тілектерін айтып, ұйымдастырушы жігіттерге және жергілікті ағайындарға риза болып рахметтерін айтты. Осы аралықта Махамбет ауданынан келген Махамбет Өтемісұлы ағамыздың 5 жылдық құрылтайға шығарылған өлең жолдарының тұсауы кесілді

*5 жылдық мерейтойға арнау*...

Қазақ елім, туған жерім, Алашым

Кең далаңды жайлаған халқың үшін дарасың

Теңер болсақ өзіңді талмай соққан жүрекке

Тамырындай тараған рулардан тұрасың.

Ұлы,Орта,Кіші аталған жүздерің

Бір атаның көреді баласындай өздерін

Қаны бірдің - жаны бір бөтені жоқ

Көріскенде тұрады бұрып жылы жүздерін.

Шеркешпіз ата текке тартып туған

Тараймыз он екі ата Байұлынан

Елін, жерін қорғауда аты шыққан

Шағырай - бойға біткен біздің ұран.

Барша Шеркеш ұранына айналған

Ақ Жайықтың бойын еркін жайлаған

Қалдырдың ба ұрпағыңа тапсырып

Шағырайым, жүзі суық айбалтаң.

Біріккен ортамызға шүкір дейік

Жұдырықтың ішіне жүрген сыйып

Сол бірліктің шығарған шоқтығына

Есен аға аруағын құрметтейік.

Қойыс сынды Жайықтың ет бауыры

Аты шыққан батыры сол дәуірдің

Бір ұядан Дербіске дәріс берді

Қайтарып абыроймен ер қаруын.

Сонан бері заман өтті талай - талай

Тоқтайық осы жерден бауырлар ай

Қай әжеден кім туды деп қазбаласақ

Ол ордан шыға алмаспыз кері қарай.

Қуаныш пен реніштің салмағы тең

Туысқандық тамыры болар терең

Кездестік міне бүгін мерей тойда

Құдіретті аруақтардың қалауымен.

Қолайсыз отырғышың арқалықсыз

Үлкенсіз ақыл қосар іс парықсыз

Жас буын інілердің арқасында

Біршама игі істер атқарыппыз.

Ойлап бүгін көз салсақ артымызға

Іс қылмадық сөз келер арымызға

Қалың Шеркеш Дербісті "Арыс" десе

Көбейер ед аталық санымыз да.

Құтты болсын бауырлар мерекеміз

Бірлік болсын, қашпасын берекеміз

Құшақ жайып сағынып жүрейік те

Дербістің ұрпақтары - Сіз бенен Біз !!!

Автор: Махамбет Өтемісұлы.

Оқыған: Сырымжан Тілеген.

Осылайша үш сағат шамасына созылған шай дастарханыда аяқталды.

Арада 1 сағаттық үзілісте, спорттық сайыстар мен 1 маусым балаларды қорғау күніне орай сайыстар болып өтті.

- Қой көтеру бойынша: ересектер арасында 1,2,3 орындар. (Қатысам деушілерге шектеу жоқ) Жүлделер: 1 орын Сек (қой малы), 2-3 орындар ақшалай жүлделер. Дербіс Ата (Қаракемпір) қауымдастығы атынан 1,2,3 дәрежедегі дипломдар мен марапатталды.

- Қозы көтеру бойынша: жас өспірімдер арасында  10-13 жас аралығы. 1 орын қозы, және барлық қатынасқан балаларға ақшалай жүлделер мен марапттаулар табысталды.

- Боранқұлдан келген Саламат немересі Дербіске және Доссордан келген Орынбек немересі Дербіске, Дербіс Ата (Қаракемпір) қауымдастығы атынан қозылар (марқа) берілді.

- 1 маусым балаларды қорғау күніне орай батуттар құрылып, әр түрлі аниматорлардың қатысуымен - балмұздақтар, сусындар, тәттілер, ойыншықтар таратылды.

Сайыстар аяқталғасын Үлкен аста болды. Аста тілек сөздер жалғасып, құрылтайға келген ағайындар ішінен, Қазақстан бойынша «Дербіс Ата» Қауымдастығы атынан 5 жыл ішінде «Шеркеш» бөліміне қатысты барлық үлкен шаралар кезінде белсене араласасып, жас буынға және келешек ұрпаққа рухани бағыт – бағдар беріп жүрген төмендегі ағайындар алғыс хатпен марапатталды:

1.     Маханов Тасболат Аралбайұлы 1948ж. Құлсары қаласы

2.     Сисенғалиев Демеу Ықсанұлы 1949ж. Ақтөбе қаласы

3.     Оралов Қами Таңбайұлы 1952ж. Атырау қаласы

4.     Сағиев Іңірбай Сағиұлы 1952ж. Миялы селосы

5.     Раманкулов Мұрат 1953ж. Шардара ауданы

6.     Тайтуллин Табылды Қаржаубайұлы 1954ж. Ақтөбе қаласы

7.     Шөкенов Мәтен Шөкенұлы 1954ж. Жангельдин ауылы

8.     Избулов Махамбет Өтемісұлы 1955ж. Махамбет ауданы

9.     Қисманов Дүйсекен Ысқақұлы 1955ж. Құлсары қаласы

10.  Алтынбеков Ізбасар Қайрақбайұлы 1958ж. Атырау қаласы

11.  Мұхамбетқалиев Сәрсенбек Тұрмұхамбетұлы 1958ж. Есет ауылы

12.  Бегениязов Жұмағали Бисенғалиұлы 1958ж. Құлсары қаласы

13.  Аманшаев Қыдырхан (Қалдықадыр) Жұманұлы 1960ж. Ақтау қаласы

14.  Сағынов Серікқали 1961ж. Сағыз ауылы

15.  Қонарбаев Өтеген Әбдешұлы 1962ж. Боранқұл ауылы

16.  Нүрпейсов Бақтыбек Абатұлы 1965ж. Қостанай қаласы

17.  Жаумытбаев Аманкелді Мұханбетұлы 1968ж. Ақтау қаласы

18.  Қорғанбаев Әділбек Әбдібайұлы 1972ж. Алматы облысы, Іле ауданы

Жергілікті ағайындар келген қонақтарды шығарып салып, келген ағайындар қыймастық пен тарқасты.  Осылайша Қаракемпір руының қасиетті қара шаңырағы, ежелгі ата қонысы аталған, Қызылқоға аймағында, Дербіс – (Қаракемпір) бөлімінің қауымдасқан тобына 5 жыл толуына орай өткен, құрылтай кездесу өз мәресіне жетті.
0 дауыс
Сақал Ата түнек үй кешенін қалпына келтіру

Қызылқоға өңірі шежіреге толы, тарихы бай. Cондай аты аңызға айналған адамдардың бірі, тірі кезінде әулие батыр атанған - Сақал ата. Ол тіпті Исатайдың сарбазы болып, көтеріліске қатысқан деген тарихи деректер де бар. Бадыранұлы  Бекберген (Сақал ата) 1810 – 1886 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол Миялы ауылының шығысындағы екі шақырымдай жердегі қорымда жерленген. Бүгінде бұл қорымның атауы Сақал ата атымен аталады. Бұрынғы зираты ескіріп, тозып, құлау қаупіне жеткесін 2001 жылы Жылыойлық Сатыбалды ата (Сақал атаның шөпшегі) жаңа  кесене тұрғызды. Қасиетті, әулие атаның зиратының басында өз шырақшысы бар, Жолдығалиқызы Жанар.

Өздеріңізге белгілі өрт пен су тілсіз жау. 2024 жылы ақпан айында Сақал Ата қорымы басындағы, Үлкен тұрғылықты үй 100 пайыз өртеніп кетіп, қасындағы түнек үй кешені 50 пайыз, шырақ сарай 100 пайыз өртеніп, зақымданған болатын. Осындай қиын сәтте, наурыз айының 6-26 аралығында 800 000 теңге қор жиналды. Түнек үй кешенін қалпына келтіруге қаражатпен көмектескен Дербіс Ата (Қаракемпір) Қауымдастығында отырған алыс - жақындағы ағайындар еді. Тізім бойынша: Астана, Қостанай, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Құлсары, Мақат, Боранқұл, Махамбет ауданы, Алға 17 ауыл, Аққыстау, Сағыз - Мұқыр, Миялы - Жангельдин. Тазарту жұмыстарына техникамен көмектескен жергілікті әкімшілікке, Қызылқоға ауданы тұрғындары атынан және Дербіс Ата қауымдастығы атынан үлкен рахметімізді айтамыз!!! Осы шаруашылықта жас буынға, бағыт бағдар беріп, бас көз болған, Миялы басынан - Жолдығали, Хамидолла, Іңірбай, Жайшылық. Құлсарыдан - Амандық Сатыбалдыұлы  ағаларымызға мың алғыс!!!

2024 жылдың сәуір айында, Сақал ата басында бір апта бойына қол көмек беріп, қалпына келтіру жұмыстарына ат салысқан жергілікті жігіттер, елеусіз қалмады. Әр қайыссы алғыс хат пен  марапатталды, олар: Оңалбай Сүйеуғалиұлы, Сәрсенбай Сапарұлы, Телман Аққалиұлы, Ахан Ерішкенұлы, Ербол Хамидоллаұлы, Ербол Қалыбайұлы, Теңел Қаматұлы, Жолдас Ерішкен, Қайрат Ізімұлы, Төлеген Сүйеуұлы, Рүстем Ақабайұлы, Амантай Мәлікұлы, Жолдасқали Амандықұлы, Артур Жайшылықұлы, Аманбек Жетесбайұлы, Ардақ Іңірбайұлы. Сіздерді, «Сақал Ата» Қорымы басындағы, түнек үй кешенін қалпына келтіру жұмыстары кезінде белсене араласқаныңыз үшін, Қазақстан бойынша «Дербіс Ата» Қауымдастығы атынан, шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Алланың рахымында болыңыз! Аталар рухы қолдасын! Жергілікті ағайындардың бас қосуымен, Түнек үй кешені басында бір мал садақа берілді.

Осылайша түнек үй кешені қайтадан қалпына келді. Бүгінде Ата басына түнекке түнеп, тәу еткендер саулығына шипа іздеп, жан жақтан арнайы келіп отырады.
0 дауыс
«Шағырай Қоғамдық қоры» атынан алғыс хаттар

2023 жылдың 14 қазанында Атырау қаласы Алмагүл ықшам ауданы 21-үйде өткен бас қосуда  Шағырай Қоғамдық қорының төрағасы Жақсылықов Ерғали Тәженұлы «Дербіс Ата» Қауымдастығына «Орақ Ата» мен «Шағырай Ата» кешенінде берілген Ас-садақа кезінде үй тігіп, қонақтар қабылдап, жоғары дәрежеде қызмет көрсеткен және іс шараларды ұйымдастыруда ерекше белсенділік танытқаны үшін «Дербіс Ата» (Қаракемпір) Қауымдастығына арнайы алғыс хат табыстады. Сонымен қатар Қауымдастық бойынша белсенді, 70 ағайын Шағырай Қоғамдық қорының алғыс хатымен марапатталды. Бас қосу өте әсерлі болды, дастархан басында жақсы әңгімелер мен тілек сөздер айтылды. Бас қосуға қатынасқандар: Жақсылықов Ерғали Тәженұлы Ақтау, Қалиев Оралбай Боранұлы Атырау, Байжауын Бисенбай Смағұлұлы Ақтөбе, Жақсылықов Орынбек Шолтырбайұлы Доссор, Қалиев Алмас Әнесұлы Атырау, Алтынбеков Нұрлыбек Ізбасарұлы Атырау, Дүйсенов Ғизат Тәңірбергенұлы Атырау, Хабиденов Қадыржан Ислямғалиұлы Құрманғазы – Софон, Макимов Аманбек Жетесбайұлы Миялы, Тілеген Сырымжан 17-ауыл, Ақмурзиев Райымбек Сәкөнұлы Жангельдин, Жетесбай Бақтыбек Нұрлыбекұлы Атырау, Дінмұханбет Орынбекұлы Доссор, Ислямғали Абылай Қадыржанұлы Атырау, Нұрлыбек Алан Атырау, Жетесбай Байбек Аманбекұлы Атырау.
0 дауыс
Байбақты Ата - 200 жыл

2023 жылдың 30 қыркүйегінде Байбақты Ата басында өткен 200 жылдық үлкен аста, ауыз біршіліктің арқасында Дербіс Ата ұрпақтары қос екі киіз үй тігіп, асқа жылқы малы мен қой малы сойылып сыйғанынша қонақтар қабылдады. Келген халық Байбақты Ата ескерткішінің салтанатты ашылуын тамашалап, мүшәйра мен ұлттық ойындар тамашалап риза болып тарқасты. Байбақты Ата асында шаруашылықты ұйымдастырған Доссорлық Жақсылықов Орынбек Шолтырбайұлы бастаған ағайындарға, келіндерге  үлкен рахмет.

Осы турада айтпаса болмайды, сол кезде ұйымдастырушы төраға атынан жөнсіз шектеу болды. Шектеу: бөлімге арнайы осындай шараларға деп алынған Дербіс Ата үйі, маңдайшасына өз атын қоя алмады. Талап басқаша болды. Дербіс ұйымдастыру жігіттері және жан жақта отырған орта буын ағалар, Дербіс Ата (Қаракемпір) ауылына жаңа ат іздеп әлек болды, біраз қиналғанымыз әлі есімізде. Сол кезде, талап бойынша ақылдасу чатында жаңа 4-5 ат қаралып дауысқа салынды. Өздеріңізге белгілі қанша тырысқанмен Дербіс Ата ауылының атын өзгертіп қою ақылға сыймайды. Еш бір жаңа ат қалың бір рулы елді өзгерте алмайды. Сөйтіп, Байбақты Ата асында Дербіс Ата үйі, аты жоқ ауыл болды. Сол кезде осы жағдайға Қазақстан бойынша Дербіс Ата қауымдастығында отырған үлкен ақсақалдардан бастап, орта буын, жас буынға дейін реніштерін білдіріп, Ата атын жаздырмау деген, тым шектен шыққандық, басынғандық, қалың руды сыйламау деп қауымдастық ішінде біраз реніштер айтылды. Мүмкіндікті пайдаланып бұндай жөнсіз шектеуді асыра қолданғаны дұрыс болмады. Бұл оқиға осылайша Дербіс Ата тарихында қалды.   
Дегенмен Дербістердің ұйымшылдығы мен бастамалары қалың Шеркеш арасында оғаштау көрінді, неше түрлі алып қашпа әңгімелер айтылып қалды.
0 дауыс
Шағырай Ата және Орақ Әулие басында

үлкен көлемде ас беруге ат салысу

2023 жылдың 25-27 тамыз айында жоспар бойынша үш күнге белгіленген асқа Дербіс Ата (Қаракемпір) ұрпақтары үлкен дайындықпен барды. Бұл жолы Алматы қаласынан арнайы тапсырыспен бөлімге алынған жаңа 12 қанатты киіз үй мен барды. Дербіс Ата үйі Махамбет ауданы Шеркештерімен қатарлас құрылып, қаз қатар құрылған үйлер арасында өзінің әсем ерекшелігімен, үш күн бойына көзге түсіп тұрғаны белгілі. Бұл көріністер әлі күнге дейін қалың Шеркештер ауызында жүр. Дербіс Ата ауылында асқа жылқы малы сойылып алыс жақыннан келген ағайындар – қонақтар үш күндік программа бойынша өткен - концерт, ұлттық ойындар, айтыс, аламан бәйге тамашалап риза болып тарқасты.
0 дауыс
Шағырай Ата және Орақ Әулие

кесенелерінің ашылуы

2022 жылдың 24-25 қыркүйегінде Шеркеш қауымы көптен күткен тарихи күн болды. "Шағырай" Ата - және "Орақ" Әулие басында құран бағышталып, қос кесененің ашылу салтанаты жоғары деңгейде болып өтті. Дербіс Ата (Қаракемпір) ұрпақтарына берілген тапсырмаларға жас буындар белсене араласып, үлкен дайындықпен барды. Белгіленген аумақты 12 қанатты киіз үй мен толықтырып, келген ағайындар мен қонақтарға демалуға 6/12 палатка құрылып, барлық жағдай жасалды. Асқа жылқы малы мен қой малы сойылып келген қонақтарға тартылды. Той шашусыз болмас деп, мінбеде сөз сөйлеген Байжауын Бисенбай Смағұлұлы, ағайынның ауыз біршілігі арқасында жиналған 1 000 000 теңге Сертификатын Дербіс Ата (Қаракемпір) ұрпақтары атынан «Шағырай» Қоғамдық Қорына табыстады. Және де Дербіс (Қаракемпірлер)  қос кесененің ашылуы салтанатына Махамбет ауданы Асыл – Аман студиясында жазылған, Шеркештер әнін ала келді. Сахнада алғаш рет Шеркештер әнінің тұсауы кесілді. Сөзі: Избулов Махамбет Өтемісұлы, әні: Тілеген Аманжан Нұржанұлы. Орындағандар: Ұзақбаевтар жанұялық ансамбльі – Ұзақбаев Нұрлан, Тілеген Сырымжан, Тілеген Аманжан. Кәзірде бұл ән Шеркештер ән - ұраны болып айтылып жүр.
0 дауыс
Бұл тізім ішінде - Дербіс Ата (Қаракемпір)

қауымдастығы арқылы 5 жыл ішінде

 әр – түрлі шараларға: бас – қосулар, ас берулер, құрылтайлар, қуаныштар мен мерей тойлар, көрісулер кезінде араласқан және ағайын арасында әр-түрлі жағдайларда қаржылай көмек бергендер, сонымен қатар «Шағырай» қоғамдық қорына қаражат пен ат салысқандар (кесене құрылысы, түнек үй құрылысы және 600 түп көшет «кустарник»)

1.     Кемелов Төлеу Мұқанұлы. 19 34ж. Доссор.

2.     Сабиров Қаби. 19 40ж. Махамбет.     
3.     Қайнолов Жолдығали (Жөкен) 19 41ж. Құлсары.

4.     Мүлікаманов Қуандық Қажы. 19 44ж. Түркістан облысы, Мақта арал ауданы, Жаңатас ауылы (Жетісай)

5.     Бектеміров Елдос 19 46ж. Құрманғазы.

6.     Утепбергенов Құрақбай Бағытжанұлы. 19 46ж. Атырау.

7.     Аманшаев Амангелді. 19 47ж. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылы.

8.     Маханов Тасболат Аралбайұлы. 19 48ж. Құлсары.

9.     Сисенғалиев Демеу Ықсанұлы. 19 49ж. Миялы.

10.  Жаумытбай Сейілхан Жаумытбайұлы. 19 49ж. Жаңаөзен.

11.  Жанабилов Абай. 19 50ж. Сағыз.

12.  Айдарбаев Егізбай Сағынайұлы. 19 50ж. Жаңа – Қаратон.

13.  Ұлықпанов Сәуірбай Ұлықпанұлы. 19 50ж. Ойыл.

14.  Санбаев Тұрғанбек Қабашұлы. 19 50ж. Атырау.

15.  Балғынбаев Нұғман Сарбасұлы. 19 50ж. Тұрғызба.

16.  Ізтелеуов Өтеген Қайрошұлы. 19 51ж. Атырау.

17.  Ерғалиев Хамзе Мажитұлы. 19 51ж. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жылы су ауыл округі, Мырзашоқы елді мекені.

18.  Уралов Қами Таңбайұлы. 19 52ж. Атырау.

19.  Сағи Іңірбай Сағиұлы. 19 52ж.  Миялы.

20.  Қисманов Нұрберген. 19 53ж. Атырау.

21.  Раманкулов Мұрат. Түркістан облысы. 19 53ж. Түркістан облысы, Шардара ауданы, Достық ауылы.

22.  Жүгінісов Хұсайын (Үсен) Жұмақұлұлы. 19 53ж. Ақтау.

23.  Салахаденов Ізғали Рамазанұлы. 19 53ж. Жаңа – Қаратон.

24.  Салықов Орынғали Досанұлы. 19 53ж. Миялы.

25.  Тайтуллин Табылды Қаржаубайұлы. 19 54ж. Ақтөбе.

26.  Қалиев Әнес Дәулетбайұлы. 19 54ж. Құлсары.

27.  Шөкенов Мәтжан Шөкенұлы. 19 54ж. Жангельдин.

28.  Бисенғалиева Ермек Мұқашқызы. 19 54ж. Ақтау.

29.  Избулов Махамбет Өтемісұлы. 19 55ж. Махамбет ауданы.

30.  Қисманов Дүйсекен Ысқақұлы. 19 55ж. Құлсары.

31.  Балғынбаев Серік Сарбасұлы. 19 55ж. Тұрғызба.

32.  Жармағанбетов Серік Қойманұлы. 19 55ж. Жаңа – Қаратон.

33.  Жылышов Сенбек Сұлтанұлы. 19 55ж. Миялы.

34.  Аманғалиев Рақымғали Тәутенұлы. 19 56ж. Атырау.

35.  Қонаров Ашырбай. 19 56ж. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Кетебай ауылы.

36.  Ешжанов Темур Ахмедович. 19 56ж. Алматы облысы.

37.  Кемелов Нұрлыбай 19 56ж. Құлсары.

38.  Адаев Қойлыбай Құлымжанұлы. 19 56ж. Құлсары.

39.  Рамазанов Бекболат Шарапиұлы. 19 56ж. Құрманғазы.

40.  Куанышев Болат Ғазизұлы. 19 56ж. Атырау.

41.  Елібаев Олжабай. 19 57ж. Атырау.

42.  Адайев Сәлімжан Жәймаұлы. 19 57ж. Жаңа – Қаратон.

43.  Тлемисов Серік Дыбысұлы. 19 57ж. Жаңа – Қаратон.

44.  Уралов Қамысбай Таңбайұлы. 19 57ж. Атырау.

45.  Қыдыралиев Мұрат Оразұлы. 19 57ж. Қосшағыл.

46.  Алтынбеков Ізбасар Қайрақбайұлы. 19 58ж. Атырау.

47.  Мұхамбетқалиев Сәрсенбек Тұрмұханбетұлы. 19 58ж. Есет.

48.  Қалиев Оралбай Боранұлы. 19 58ж. Атырау.

49.  Бегениязов Жұмағали Бисенғалиұлы. 19 58ж. Құлсары.

50.  Тайтуллин Жайшылық Қаржаубайұлы. 19 58ж. Миялы.

51.  Өтепов Сырым Ашықбайұлы. 19 58ж. Құлсары.

52.  Қожақов Асқар Ғұбайұлы. 19 58ж. Ақтау.

53.  Қисманов Ідіріс Ысқақұлы. 19 58ж. Құлсары.

54.  Абиш Марат Матжанұлы. 19 58ж. Құлсары.

55.  Идеят С 19 58ж. Атырау.

56.  Бержанов Қанбай Боранұлы. 19 59ж. Ақтөбе.

57.  Тапашов Берік Әйтімұлы. 19 59ж. Жаңа-Қаратон.

58.  Ізтілеу Жалғас Есенұлы. 19 59ж. Атырау.

59.  Адай Хайыр Мехмет. 19 59ж. Түркия – Алматы.

60.  Аманчяев Көшербай. 19 59ж. Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылы.

61.  Жақсылықов Сатыбалды Қарабалаұлы. 19 60ж. Ақтөбе.

62.  Аманшаев Қыдырхан (Қалдықадыр) Жұманұлы 1960ж. Маңғыстау.

63.  Қалменов Оңалбай Сүйеуғалиұлы. 19 60ж. Жангельдин.

64.  Есеналиев Қасанғали Мәуеденұлы. 19 60ж. Ақтөбе.

65.  Бұхарбаев Ғабиден Мұқашұлы. 19 60ж. Тұрғызба.

66.  Ахметов Еркін Мәліұлы. 19 60ж. Жаңа – Қаратон.

67.  Қасекеев Мақаш Бисенұлы. 19 60ж. Мақат.

68.  Махамбетов Гарифулла Орысбайұлы. 19 60ж. Атырау.

69.  Аманжолов Егемберді Аманжолұлы. 19 60ж. Атырау.

70.  Тлемисов Серікбай Дыбысұлы. 19 60ж. Жаңа – Қаратон.

71.  Тайтуллин Қайыржан Қаржаубайұлы. 19 60ж. Атырау.

72.  Бурашов Исламғали. 19 60ж. Төлеп.

73.  Сәрсенбаев Сазанбай Ізбергенұлы. 19 60ж. Қосшағыл.

74.  Қабдығалиев Амандық Сатыбалдыұлы. 19 61ж. Құлсары.

75.  Сағынов Серікқали. 19 61ж. Сағыз.

76.  Қанашов Оразбай Қалмұқанұлы. 19 61ж. Атырау.

77.  Сейтмағанбетов Төлеу Балманұлы. 19 61ж. Құлсары.

78.  Құмарғалиев Орынғали Дарханбайұлы. 19 61ж. Құлсары.

79.  Қонарбаев Өтеген Әбдешұлы. 19 62ж. Боранқұл.

80.  Молдағалиев Сансызбай Байтаңатұлы. 19 62ж. Боранқұл.

81.  Қасымов Асан Сатымұлы. 19 62ж. Атырау.

82.  Есбаев Айтқали Елемесұлы. 19 62ж. Құлсары.

83.  Көшенов Таймас Кәдірбайұлы. 19 62ж. 17 ауыл Алға.

84.  Аманжолов Хами Шауленұлы. 19 62ж. Жаңа – Қаратон.

85.  Салахадинов Дүйсенғали Амангелдіұлы. 19 62ж. Жаңа - Қаратон.

86.  Үмбетов Серік Бітімбайұлы. 19 63ж. Ер - Төлеп.

87.  Байжауын Бисенбай Смағұлұлы. 19 63ж. Ақтөбе.

88.  Құлжанов Қобланды Қайырбекұлы. 19 63ж. Атырау.

89.  Кұлшығаев Бекболат Бауешұлы. 19 63ж. Құласры.

90.  Төретаев Қуаныш Дүзбайұлы. 19 63ж. Атырау.

91.  Санбаев Төлеужан Қаматұлы. 19 63ж. Атырау.

92.  Утегенов Нұрлан Утегенұлы. 19 63ж. Құлсары.

93.  Борашев Кенжеғали Жалмұханұлы. 19 63ж. Құлсары.

94.  Уралов Қабидолла Қылышұлы. 19 63ж. Атырау.

95.  Бешимов Марат Құлбарақұлы. 19 63ж. Құлсары.

96.  Өтешқалиев Әлібек Мәдениетұлы. 19 63ж. Атырау.

97.  Әділғалиев Сарсенбай Сапарұлы. 19 63ж. Миялы.                                                                  
98.  Шудабаев Ұлықпан Ізімғалиұлы. 19 64ж. Құлсары.

99.  Мұқанов Рахметқали Төлеуұлы. 19 64ж. Доссор.

100.  Сисенов Махамбет Төлегенұлы. 19 64ж. Құлсары.

Жалғасы бар................
0 дауыс
Бұл тізім ішінде - Дербіс Ата (Қаракемпір) қауымдастығы арқылы 5 жыл ішінде  әр – түрлі шараларға: бас – қосулар, ас берулер, құрылтайлар, қуаныштар мен мерей тойлар, көрісулер кезінде араласқан және ағайын арасында әр-түрлі жағдайларда қаржылай көмек бергендер, сонымен қатар «Шағырай» қоғамдық қорына қаражат пен ат салысқандар (кесене құрылысы, түнек үй құрылысы және 600 түп көшет «кустарник»)


101.Қорғанбаев Қайырбек Байғалиұлы. 19 64ж. Жаңаөзен.
102.Тлемисов Айтқали Рысжанұлы. 19 64ж. Атырау.
103.Борашев Айдынғали Оразғалйұлы. 19 64ж. Құлсары.
104.Нүрпейсов Бақтыбек Абатұлы. 19 65ж. Қостанай.   
105.Жұмашов Қадыржан Қайыржанұлы. 19 65ж. Бөкейхан.
106.Нұршалов Сағын Адайұлы. 19 65ж. Құлсары.
107.Жалғасбай Жомарт Аққуанұлы. 19 65ж. Құлсары.
108.Салахиденов Бисенғали Аманкелдіұлы. 19 65ж. Астана.
109.Закариев Жомарт Көбейсінұлы. 19 65ж. Атырау.
110.Қисманов Марат Ысқақұлы. 19 65ж. Құлсары.
111.Тегіспайев Мұхан Орынғалиұлы. 19 65ж. Құлсары.
112.Бешимов Сатыбалды Наурызғалиұлы. 19 65ж. Құлсары.
113.Тарихов Дайынбек Шарафиденұлы. 19 65ж. Атырау.
114.Музафар Қайырбек Құндақбайұлы. 19 65ж. Астана.
115.Кемеденов Серік Қарысқақұлы. 19 65ж. Құлсары.
116.Қонарбаев Болат Қайроллаұлы. 19 66ж. Атырау.
117.Қонарбаев Жедел Әбдешұлы. 19 66ж. Боранқұл.
118.Сейтмағанбетов Айтбай Қабдесұлы. 19 66ж. Құлсары.
119.Көшкінбаев Жанболат Нұрғалиұлы. 19 66ж. Аққыстау.
120.Қайнолов Өтебай Жөкенұлы. 19 66ж. Құлсары.
121.Құмарғалиев Марат. 19 66ж. Жаңа – Қаратон.
122.Сұлтанғалиев Амангелді Жұмағалиұлы. 19 66ж. Құлсары.
123.Омаров Хаким Төтесұлы. 19 66ж. Атырау.
124.Қаратаев Шайдолла Шәкіұлы. 19 67ж. Тұрғызба.
125.Мединеев Жанболат Орынұлы. 19 67ж. Атырау.
126.Сатыбалдиев Марат Мәулімұлы. 19 67ж. Атырау.
127.Қорғанбаев Ақылбек Байғалиұлы. 19 67ж. Жаңаөзен.
128.Саламатов Қайрат Жаңашұлы. 19 67ж. Құлсары.
129.Кашимова Айман Нұғметоллақызы. 19 67ж. Атырау.
130.Төленов Ысқақ Өтекешұлы. 19 67ж. Жаңа-Қаратон.
131.Салахаденов Ғабиден Аманкелдіұлы. 19 67ж. Жаңа – Қаратон.
132.Макимов Жолдыбек Жекенұлы. 19 68ж. Атырау.
133.Жаумытбаев Амангелді Мұханбетұлы. 19 68ж. Ақтау.
134.Алашбаев Рашид Тағанұлы 19 68ж. Атырау.
135.Қуантаев Қайрат Қарабайұлы. 19 68ж. Атырау.
136.Бегежанов Сымғат Қайнарбайұлы. 19 68ж. Құлсары.
137.Нареков Ахмет Бектілеуұлы.  19 68ж. Құлсары.
138.Қонарбаев Бағытжан Қайроллаұлы. 19 68ж. Ақтөбе.
139.Дюсенгалиев Алибек Кубайдоллаұлы. 19 68ж. Құлсары.
140.Нәсіпқалиев Шохан Базарбайұлы. 19 68ж. Қосшағыл.
141.Мүлікаманов Өтеген Қуандықұлы. 19 68ж. Астана.
142.Бектеміров Жандос 19 69ж. Құрманғазы.
143.Кулиев Абай Халбайұлы. 19 69ж. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Кетебай ауылы.
144.Утаралиев Марат. 19 69ж. Құлсары.
145.Құмарғалиев Талғат Дарханбайұлы. 19 69ж. Жаңа – Қаратон.
146.Мергенбаев Ерболат Айтқалиұлы. 19 70ж. Ақтау.
147.Игдирбаев Дүйсенбай Қылыбайұлы. 19 70ж. Бейнеу.
148.Днишев Серік Ахатұлы. 19 70ж. Атырау.
149.Омаров Киуаз Әлібекұлы. 19 71ж. Ақтөбе.
150.Күмісқалиев Ерлан Асылбайұлы. 19 71ж. Атырау.
151.Шудабаев Самат Ізімғалиұлы. 19 71ж. Құлсары.
152.Аманчаев Берікбай Шогірұлы. 19 71ж. Жаңаөзен.
153.Қорғанбаев Әділбек Әбдібайұлы. 19 72ж. Алматы облысы, Іле ауданы, Байкент ауылы.
154.Салықов Телман Аққалиұлы. 19 72ж. Жангельдин.
155.Дәулетов Мұхтар Сәденұлы. 19 73ж. Мақат.
156.Қайнолов Ғани Жөкенұлы. 19 73ж. Құлсары.
157.Аманшаев Асқар. 19 73ж. Маңғыстау.
158.Жақсиев Асылбек Ермұқанұлы. 19 73ж. Құлсары.
159.Есбаев Сансызбай Елемесұлы. 19 73ж. Құлсары.
160.Жақсылықов Орынбек Шолтырбайұлы. 19 74ж. Доссор.
161.Қонарбаев Саламат Әбдешұлы. 19 74ж. Боранқұл.
162.Қонарбаев Асқар Қайроллаұлы. 19 74ж. Құлсары.
163.Мүлікаманов Жаңаберген Қуандықұлы. 19 74ж. Ақтау.
164.Жұпқалиев Ерсайын Михайлұлы. 19 74ж. Атырау.
165.Мұқташов Қуаныш Құрмашұлы. 19 74ж. Құлсары.
166.Жақсығалиев Амандық Жексенбайұлы. 19 74ж. Есет.
167.Ұлықпанов Дүйсенбай Боранбайұлы. 19 75ж. Атырау.
168.Дабылов Самат Жарқынбайұлы. 19 75ж. Ойыл – Ақшат.
169.Ұзақбаев Нұржан Тілегенұлы. 19 75ж. 17 ауыл Алға.
170.Жанәбілов Азамат Абайұлы. 19 75ж. Атырау.
171.Жақсиев Ахан Ермұханұлы. 19 76ж. Жангельдин.
172.Тайтуллин Аршат Табылдыұлы. 19 76ж. Астана.
173.Жолдасов Ербол Жолдасұлы. 19 76ж. Ақтөбе.
174.Жантурин Жомарт Қайыржанұлы. 19 76ж. Атырау.
175.Унаев Серік Мәжитұлы. 19 76ж. Орда.
176.Нұршалов Нұрсейіт Адайұлы. 19 77ж. Құлсары.
177.Жұпқалиев Досай Михайлұлы. 19 77ж. Атырау.
178.Таңатов Берік Таңатұлы. 19 77ж. Құлсары.
179.Махметов Қалдыбай Айтжанұлы. 19 77ж. Атырау.
180.Мәуеденов Асанғали Молдағалиұлы (Молдаш). 19 77ж. Құлсары.
181.Адай Хабибулла Хайыр Мехметұлы. 19 78ж. Түркия – Алматы.
182.Шегиров Нұрлан Сағынұлы. 19 78ж. Ақтөбе – Ойыл.
183.Айтмағанбетов Елемес Мыңтұрғанұлы. 19 78ж. Ақкиізтоғай.
184.Санбаев Теңел Хаматұлы. 19 79ж. Миялы.
185.Макимов Нұрлыбек Жетесбайұлы. 19 79ж. Атырау.
186.Раманкулов Мақсат Мұратұлы. 19 79ж. Түркістан облысы.
187.Боранбаев Рзабек Таупикович. 19 79ж. Боранқұл.
188.Уразгалиев Адилбек Бисенқожаұлы. 19 79ж. Доссор.
189.Үмбетов Медет. 19 79ж. 17 ауыл Алға.
190.Еңсеген Әсет Досанұлы. 19 79ж. Атырау.
191.Есеров Жәнібек Бисенқұлұлы. 19 79ж. Қосшағыл.
192.Мақанов Ержан Орынбасарұлы. 19 79ж. Қосшағыл.
193.Көпбаев Рүстем Рахымберліұлы. 19 79ж. Жангельдин.
194.Қорғанбаев Нұралы Бахтыбайұлы. 19 79ж. Алматы.
195.Қисманов Асылбек Нұрбергенұлы. 19 79ж. Атырау.
196.Салахаденов Саламат Ізғалиұлы. 19 80ж. Жаңа – Қаратон.
197.Төлеуов Серік Мусағалиұлы. 19 80ж. Ақтау.
198.Әбішев Абылай Түгелбайұлы. 19 80ж. Жангельдин.
199.Көшенов Нұрбек Кәдірбайұлы. 19 80ж. 17 ауыл. Алға.
200. Олжабаев Алатау Елеубайұлы. 19 80ж. Атырау.

Жалғасы бар............
0 дауыс

Бұл тізім ішінде - Дербіс Ата (Қаракемпір) қауымдастығы арқылы 5 жыл ішінде әр – түрлі шараларға: бас – қосулар, ас берулер, құрылтайлар, қуаныштар мен мерей тойлар, көрісулер кезінде араласқан және ағайын арасында әр-түрлі жағдайларда қаржылай көмек бергендер, сонымен қатар «Шағырай» қоғамдық қорына қаражат пен ат салысқандар (кесене құрылысы, түнек үй құрылысы және 600 түп көшет «кустарник»)

201.        Нәсіпқалиев Самат Базарбайұлы. 19 80ж. Қосшағыл.

202.        Мақатов Оралбек Сәндібекұлы. 19 81ж. Ақтөбе.

203.        Аманжол Қайрат. 19 81ж. Атырау.

204.        Ғапуов Марлен Русланұлы. 19 81ж. Нұр-Сұлтан қаласы.

205.        Ермекбаев Еркін Темірұлы. 19 81ж. Құлсары.

206.        Балғынбаев Айдос Серікұлы. 19 81ж. Тұрғызба.

207.        Ізтелеуов Ерғазы Өтегенұлы. 19 81ж. Атырау.

208.        Алтынбеков Қазбек Ізбасарұлы. 19 81ж. Атырау.

209.        Уралов Нұрлан Қамысбайұлы. 19 81ж. Атырау.

210.        Қожақов Нұрлан Асқарұлы. 19 81ж. Ақтөбе.

211.        Бурашов Темірғали Оразғалиұлы. 19 81ж. Ертөлеп. 

212.        Қалиев Алмас Әнесұлы. 19 82ж. Атырау.

213.        Сәрсенбаев Нұрлан Мәтжанұлы. 19 82ж. Құлсары.

214.        Айдарбаев Мақсат 19 82ж. Атырау.

215.        Мұқашев Айдос Алпысбайұлы. 19 82ж. Жангельдин.

216.        Сүйналиев Аянбек Адилбекұлы. 19 82ж. Құрманғазы.

217.        Сейтмағанбетов Демеу Еділұлы. 19 82ж. Құлсары.

218.        Макимов Аманбек Жетесбайұлы. 19 83ж. Миялы – Атырау.

219.        Алтынбеков Нұрлыбек Ізбасарұлы. 19 83ж. Атырау.

220.        Дүйсенов Ғизат Тәңірбергенұлы. 19 83ж. Мақат - Атырау.

221.        Хабиденов Қадыржан Ислямғалиұлы. 19 83ж. Құрманғазы – Софон.

222.        Бержанов Еркебұлан Қанбайұлы. 19 83ж. Атырау.

223.        Мұханбетқалиев Бақытжан Сұлтанбекұлы. 19 83ж. Құлсары.

224.        Болат Асылан Болатұлы. 19 83ж. Аққыстау.

225.        Жаумытбаев Қосай Жайылханұлы. 19 83ж. Ақтау.

226.        Қожақов Серік Асылбекұлы. 19 83ж. Ақтөбе.

227.        Қожақов Ерлан Асқарұлы. 19 83ж. Ақтөбе.

228.        Сейтмағанбетов Есбол Иманұлы. 19 83ж. Құлсары.

229.        Нұржауов Сағадат Отархосұлы. 19 84ж. Атырау.

230.        Шудабаев Нұралы Қамиұлы. 19 84ж. Құлсары.

231.        Аманшаев Нұрберген Қыдырханұлы. 19 84ж. Жаңаөзен.

232.        Хайруллин Ануар Ұзақбайұлы. 19 84ж. Атырау.

233.        Рамазанов Руслан Бекболатұлы. 19 84ж. Құрманғазы.

234.        Сисеналиев Айдынбек Абатұлы. 19 84ж. Құрманғазы.

235.        Ықсанов Аманбек Сүйеуұлы. 19 84ж. Атырау.

236.        Шөкенов Жәнібек Мәженұлы. 19 84ж. Жангельдин.

237.        Уралов Нұржан Қамиұлы. 19 84ж. Атырау.

238.        Қойман Сәндібек Болатұлы. 19 85ж. Атырау.

239.        Алипкалиев Екпін Алпамысұлы. 19 85ж. Атырау.

240.        Аманшаев Дархан. 19 85ж. Маңғыстау.

241.        Ұлықпанов Қалыбек Сәуірбайұлы. 19 85ж. Ойыл.

242.        Қожықов Тұрар Наурызғалиұлы. 19 85ж. Миялы.

243.        Тайтуллин Медет Қайыржанұлы. 19 85ж. Атырау.

244.        Елемесов Асылбек Амантайұлы. 19 85ж. Құлсары.

245.        Қонарбаев Рақымжан Өтегенұлы. 19 85ж. Боранқұл.

246.        Әділғалиев Болат Сағынбайұлы. 19 86ж. Мұқыр.

247.        Кішкенебаев Мұрат Исаұлы. 19 86ж. Сағыз.

248.        Жармағанбетов Қайрат Серікұлы. 19 86ж. Жаңа – Қаратон.

249.        Есеналиев Жасанғали Қасанғалиұлы. 19 86ж. Ақтөбе.

250.        Атырауов Ғалымжан Изгалиевич. 19 86ж. Талдыкөл-Редут.

251.        Тілеген Сырымжан. 19 87ж. 17 ауыл Алға.

252.        Ақмурзин Райымбек Сәкөнұлы. 19 87ж. Жангельдин.

253.        Шудабаев Ералы Қамиұлы 19 87ж. Құлсары.

254.        Қалиев Марат Оралбайұлы. 19 87ж. Атырау.

255.        Қасымов Еламан Асанұлы. 19 87ж. Атырау.

256.        Сисенов Абилсеит Махамбетұлы. 19 87ж. Құлсары.

257.        Айтуған Сұлтанбекұлы. 19 87ж. Құлсары.

258.        Мұхамбетқалиев Артур Сәрсенбекұлы. 19 87ж. Есет.

259.        Қожақов Сәбит Асқарұлы. 19 87ж. Ақтау.

260.        Боранбаев Баубек Таупикович. 19 88ж. Боранқұл.

261.        Жакаев Азамат Ийсаұлы. 19 88ж. Ақтау.

262.        Қисманов Ақылбек Нұрбергенұлы. 19 88ж. Атырау.

263.        Әділғалиев Қайрат Сағынбайұлы. 19 88ж. Мұқыр.

264.        Қасекеев Бауыржан Мақашұлы. 19 89ж. Атырау.

265.        Азамат Дүйсенғалиұлы. 19 89ж. Жаңа – Қаратон.

266.        Қаражанов Асхат Николайұлы. 19 89ж. Атырау.

267.        Жалмұханов Мұрат Төлепұлы. 19 89ж. Боранқұл.

268.        Құмарғалиев Бержан Орынғалиұлы. 19 89ж. Құлсары.

269.        Алтынбеков Аманбек Ізбасарұлы. 19 89ж. Атырау.

270.        Қыдыралиев Руслан Сембайұлы. 19 89ж. Құлсары.

271.        Сисенов Аманжан Махамбетұлы. 19 90ж. Құлсары.

272.        Қабдығалиев Еркін Амандықұлы. 19 90ж. Құлсары.

273.        Елемесов Сәкен Айтқалиұлы. 19 90ж. Құлсары.

274.        Құмарғалиев Бақытжан Орынғалиұлы. 19 90ж. Құлсары.

275.        Сейтмағанбетов Ахат Айтбайұлы. 19 90ж. Құлсары.

276.        Алтынбеков Дәурен-Айтолқын Ізбасарұлы. 19 90ж. Атырау.

277.        Қисманов Аманбек Дүйсекенұлы. 19 90ж. Құлсары.

278.        Сейтмағанбетов Қадыр Иманұлы. 19 90ж. Құлсары.

279.        Сағынов Еркебұлан Серікқалиұлы. 19 90ж. Сағыз. 

280.        Жақсылықов Алтынбек Шолтырбайұлы. 19 91ж. Доссор.

281.        Жұмағали Манарбек Жұмағалиұлы. 19 91ж. Құлсары.

282.        Қожақов Жүсіпбек Әлібекұлы. 19 91ж. Ақтөбе.

283.        Сейтмағанбетов Еркін Еділұлы. 19 91ж. Құлсары.

284.        Ерішкенов Амангельді Жаңбырбайұлы. 19 92ж. Жангельдин.

285.        Қамиев Сералы Қамиұлы. 19 92ж. Құлсары.

286.        Рабаев Смайл Төлепұлы. 19 92ж. Боранқұл.

287.        Алтынбеков Ақжол Ізбасарұлы. 19 94ж. Атырау.

288.        Смағұл Сүйіндік Бисенбайұлы (Байжауын) 19 94ж. Ақтөбе.

289.        Махамбетұлы Нұрсейт. 19 94ж. Құлсары.

290.        Сүйеуов Айбар Амандықұлы. 19 95ж. Жангельдин.

291.        Қабдесов Ильяс Айтбайұлы. 19 95ж. Құлсары.

292.        Әбдешов Азамат Жеделұлы. 19 95ж. Боранқұл.

293.        Нұршалов Ізтұрған Сағынұлы. 19 95ж. Құлсары.

294.        Ізімғалиев Дәулет Ұлықпанұлы. 19 96ж. Құлсары.

295.        Әбдеш Жамбыл Саламатұлы. 19 96ж. Боранқұл.

296.        Ғұбай Ғабит Асанұлы. 19 97ж. Ақтау.

297.        Исмагул Жәнібек Бисенбайұлы (Байжауын) 19 97ж. Ақтөбе.

298.        Әбдібай Абылайхан Әділбекұлы. 19 97ж. Алматы облысы, Іле ауданы, Байкент ауылы.

299.        Ізімғалиев Әли Ұлықпанұлы. 19 98ж. Құлсары.

300.        Қабдығалиев Ержан Амандықұлы. 19 98ж. Алматы.

301.        Дарханбай Шапағат Қайратұлы. 2001ж. Жаңа – Қаратон.

302.        Әбдібай Шыңғыс Әділбекұлы. 2001ж. Алматы облысы, Іле ауданы, Байкент ауылы.

303.        Әбдеш Айбек Саламатұлы. 2002ж. Боранқұл.

304.        Тілеген Иманжан. 2003ж. 17 ауыл Алға.

305.        Қорғанбаев Мейрамбек Ақылбекұлы. 2004ж. Жаңаөзен.

306.        Нұршалов Ануарбек Сағынұлы. 2005ж. Құлсары.

307.        Қаржаубаев Бекзат Аршатұлы. 2007ж. Атырау.

308.        Жетесбай Бақытбек Нұрлыбекұлы. 2008ж. Атырау.

309.        Ислямғалиева Толғанай Қадыржанқызы. 2008ж. Атырау.

310.        Табылдиев Данияр Аршатұлы. 2009ж. Атырау.

311.        Махамбет Ерқанат Әбілсейтұлы. 2010ж. Құлсары.

312.        Ислямғалиев Абылайхан Қадыржанұлы. 2012ж. Атырау.

313.        Избулов Азат Әлібекұлы. 2012ж. Махамбет.

314.        Махамбет Ерболат Аманжанұлы. 2012ж. Құлсары.

315.        Жетесбай Байбек Аманбекұлы (Макимов) 2014ж. Атырау.

316.        Избулов Дінмұхамед Әлібекұлы. 2014ж. Махамбет.

317.        Мергенбай Ақтілек Ерболатқызы. 2014ж. Ақтау.

318.        Табылдиева Асыл Аршатқызы. 2014ж. Атырау.

319.        Мергенбай Алтынбек Ерболатұлы. 2017ж. Ақтау.

320.        Махамбет Расул Аманжанұлы. 2017ж. Құлсары.

321.        Махамбет Алихан Нұрсеитұлы. 2017ж. Құлсары.

322.        Избулов Алан Әлібекұлы. 2018ж. Махамбет.

323.        Екпінұлы Жайсаң. 2018ж. Атырау.

324.        Махамбет Аль-Мансур Аманжанұлы. 2018ж. Құлсары.

325.        Табылдиев Әбілмансұр Аршатұлы. 2019ж. Атырау.

326.        Мергенбай Асылбек Ерболатұлы. 2020ж. Ақтау.

327.        Махамбет Асылхан Әбілсейтұлы. 2020ж. Құлсары.

328.        Саламаттегі Дербіс Жамбылұлы. 2021ж. Боранқұл.

329.        Әбенов Елемес Мыңтұрғанұлы. Ақкиізтоғай.

330.        Адай Саид Бөрібайұлы. Ақтау.

331.        Ұзағалиев Серік Хамзаұлы.

332.        Сатылғанов Ризабек.

333.        Галиев Талғат Ғазизұлы. Атырау.

334.        Гумаров Жандарбек Мерекеұлы. Атырау.

335.        Гумаров Нұрлыбек Мерекеұлы. Атырау.

Соңы.....

0 дауыс
*5 жылдық мерейтойға арнау*...

Қазақ елім, туған жерім, Алашым

Кең далаңды жайлаған халқың үшін дарасың

Теңер болсақ өзіңді талмай соққан жүрекке

Тамырындай тараған рулардан тұрасың.

Ұлы,Орта,Кіші аталған жүздерің

Бір атаның көреді баласындай өздерін

Қаны бірдің - жаны бір бөтені жоқ

Көріскенде тұрады бұрып жылы жүздерін.

Шеркешпіз ата текке тартып туған

Тараймыз он екі ата Байұлынан

Елін, жерін қорғауда аты шыққан

Шағырай - бойға біткен біздің ұран.

Барша Шеркеш ұранына айналған

Ақ Жайықтың бойын еркін жайлаған

Қалдырдың ба ұрпағыңа тапсырып

Шағырайым, жүзі суық айбалтаң.

Біріккен ортамызға шүкір дейік

Жұдырықтың ішіне жүрген сыйып

Сол бірліктің шығарған шоқтығына

Есен аға аруағын құрметтейік.

Қойыс сынды Жайықтың ет бауыры

Аты шыққан батыры сол дәуірдің

Бір ұядан Дербіске дәріс берді

Қайтарып абыроймен ер қаруын.

Сонан бері заман өтті талай - талай

Тоқтайық осы жерден бауырлар ай

Қай әжеден кім туды деп қазбаласақ

Ол ордан шыға алмаспыз кері қарай.

Қуаныш пен реніштің салмағы тең

Туысқандық тамыры болар терең

Кездестік міне бүгін мерей тойда

Құдіретті аруақтардың қалауымен.

Қолайсыз отырғышың арқалықсыз

Үлкенсіз ақыл қосар іс парықсыз

Жас буын інілердің арқасында

Біршама игі істер атқарыппыз.

Ойлап бүгін көз салсақ артымызға

Іс қылмадық сөз келер арымызға

Қалың Шеркеш Дербісті "Арыс" десе

Көбейер ед аталық санымыз да.

Құтты болсын бауырлар мерекеміз

Бірлік болсын, қашпасын берекеміз

Құшақ жайып сағынып жүрейік те

Дербістің ұрпақтары - Сіз бенен Біз !!!

Автор: Махамбет Өтемісұлы.
...