–1 дауыс
11.0k көрілді
Есіл туралы қысқаша шығарма жазып немесе 2 шумақты өлең керек?

2 жауап

0 дауыс
Есіл - Ертіс өзенінің сол саласы, Обь өзен жүйесіне жатады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және РесейдіңТүмен, Омбы облыстары жерімен ағады.

Географиясы

Петропавл гидроторабы,Петропавл қаласы

Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауы етегінен алып (560 м биіктіктен), Ертіс өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км². Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см.

Гидрологиясы

Өзен негізінен қар суымен (80%-дайы) толығады. Көктемде су деңгейі көтеріліп (ең жоғарғы деңгейі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады), су тасқыны болып тұрады. Шілденің ортасында су деңгейі төмендеп, үшінші онкүндігінің басында сабасына түседі. Су мол жылдары Петропавл бөгені бьефіндегі нөлдік график деңгейінен 10-11 м жоғары көтеріледі.

Есіл суын бақылау кезінде 1937 ж. оның арнасы құрғап қалғаны тіркелген. Ал 1936-1939 және 1986 ж. түбіне дейін қатып қалған. Өзеннің орташа жылдық ағымы 2,5 км³. Мұз қату қарашаның екінші жартысында басталады да оның ұзақтығы 5 айға созылады.

Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады. Оған негізгі себеп - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуынан және жер асты суларының тұздылығы саналады. Жалпы минералдануы 500-800 мг/л, сабасының төменгі кезінде 1200 мг/л-ге жетеді. Суы кермек татиды.

1960 жылдан бастап өзен суын реттеп отыру үшін Вячеслав, Сергеев және Петропавл бөгендері салынған.
0 дауыс
Жағасы жасыл барқыттай
Жайраңдап Есіл ағады.
Жайраңдап Есіл ағады
Ағысы қайда барады?
Күміс су ерке сәуледей
Күнде сылқ-сылқ күледі.
Күнде сылқ-сылқ күледі
Күнде ойнақшып жүреді.
Жағасы Есіл жапырақ
Жапырақ емес ерім тал.
Жапырақ емес өрім тал
Өрім талда жеміс бар.
Айдынында аққудай
Жүзем күнде келемін.
Жүзем күнде келемін
Бал жемісін теремін.
Балдай әуез шығарған
Қаздың әнін тыңдаймын.
Қаздың әнін тыңдаймын
Жаздың әнін тыңдаймын.
Халықтан туған қанатты
Саздың әнін тыңдаймын.
Саздың әнін тыңдаймын
Мен де саздай жырлармын.
Ернеуінен су атып
Есіліп өзен ағады.
Есіліп өзен ағады.
Бетіне мәнер салады.
Есілдің маңын ел жайлап
Суынан кәусар бал алған.
Бақытты ауыл саналған.
Есілдің маңы құлпырып,
Жаннаттайын жайнаған
Жаннаттайын жайнаған,
Есілде бұлбұл сайраған.
Есіл бір алтын қазына
Алқабы алыс таралған.
Алқабы алыс таралған.
Ел үшін Есіл жаралған
...