+1 дауыс
629 көрілді
Осы 2014-жылы ҰБТ тапсыратындар таңдау пәндерің қандай? Мен география таңдадым. Дайындық (пробный) тесттерден қанша балл жинап жатсыңдар? Жинап жатқан баллдарың өз көңілдеріңнен шығып жатыр ма? Күніне қанша уақыт және қалай дайындаласыңдар? Мектептегі дайындықтарға көңілдерің тола ма? Өздеріңе қанша ұпай жинау керекпін деп талап қойып жатсыңдар? ҰБТ жайлы өз ойларыңды айтып кетіңдер! Және барлығыңа тілерім ҰБТ-ны жақсы тапсырып, өздерің қалаған оқу орнына жақсы ұпаймен грантқа түсіп кетіңдер!!! Сәттілік тілеймін достар!!!

9 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Рахмет! Сағанда сәттілік тілеймін.

Дайындық соңғы кезде қызуда. 7 ай бойы дайындалмай 2-ақ ай қалғанда шапқылап жатырмыз.

Өзім 110-нан асыруым керек. Бірақ қазір 100-ге де жетпей тұр. Құдай қаласа ҰБТ-да 110-нан асырамын.

ыы...таңдау пән - биология.
Мектептегі дайындыққа онша толмайды көңілім. Бірақ азаннан кешке дейін сондамыз.
Рахмет! 110 емес 125 жина))
Әумин! Осы сөзің періштенің құлағына шалынып, қабыл болғай!
+2 дауыс
жалпы ертең оқим болды ертең оқим деп журк бәрімізде!!!!!менде ойымдағы баллды жинай алмай журмін!111 жинайм деп мақсат қойдым!соңғы балл-106.таңдау пәнім -әдебиет.ИншАллах түсіп кетерміз достар.көп уайымдамай өзімізге сеніп шығайық!!!
Сен де 125 жинап кет!!!
+2 дауыс
Ал түлектер сендерге сәттiлiк, сенiмдiлiк, алға қарай ұмтылу үшiн мықты жiгер, белгiлi бiр нәтиже шығару үшiн үлкен талап тiлеймiн. Жоғары балл жинап грантқа түсулерiңiзге тiлектеспiн. Осы ҰБТ-ны Тұрсынбек айтпақшы соңғы Ұлы Бiркүндiк төңкерiлiс болғандықтан мына әзiл суреттегiдей болуы мүмкiн. Әрине бұл қалжың! Ренжiмеңiздер. Құдай қаласа ҰБТ-да 120-125 балл жинап, жолдарың болып барлықтарыңызға да жеңiл cұрақтар келiп, шпор пайдалануға көп мүмкiндiк болсын деп тiлеймiн. Сәттiлiк!!!
Рахмет, айтқаның келсін!
Сурет қызықты екен : )
+1 дауыс
Барлығыңа сәттілік тілеймін! Құдай қаласа жоғары балл жинап, қалаған оқу орындарына түсіңдер!
0 дауыс
Алла каласа менде катысамын биыл УБТга, тандау пан ГЕОГРАФИЯ. Бирак пробныйдан окинишке орай 100ден асыра алмай журмин
0 дауыс
Сәттілік тілеймін, өз қалауыңдағыдай балл жина, шама келгенше бос уақыттың бәрін дайындыққа арнау қажет, барлық сұрақтарға дайындала беру керек.
0 дауыс
Таңдағаным Дүниежүзі тарихы,ҰБТ-да орыс тілінсіз 90балл Алла қаласа жинаймын ба деген ой бар.Қазір пробныйдан 78-75 жинап жүрмін
0 дауыс
Барлық ҰБТ тапсырушыларға сәттілік тілеймін.Менде география таңдап жатырмын. Провнидан алып жүргенім 95 пен 105-тің арасы.
0 дауыс
менде осы жылы ҰБТ тапсырамын.Таңдау пәнім-биология.Бірақ 100ге жете алмай жатырмын 80-92 арасында жинап жатырмын(((2014 жылғы түлектерге ҰБТдан 125 жинауларына тілектеспін!!!!
...