0 дауыс
14.5k көрілді
"Досым" тақырыбына шығарма беріңіздерші

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. Ел арасында айтылатын мына бір аңыз есімізге түседі:

Ертеде, елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Кенет тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр, күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскері оны бас салып ұстап, тұтқынның сұрауымен қолбасына алып келеді.

Жігіт қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Бірақ менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек өмірімді ғана бере аламын. Өмірімді алып, досымды босатыңдар, - деп өтінеді.

Қолбасы:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, - дейді оған.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт.

Жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады.

Әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, күлімдеп келе жатқан екен.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екен» деп шешіп, әскерлеріне шегінуге бұйрық берген дейді.

Досының өмірі, бостандығы үшін ер жігіт көзінен айрылғанына қапаланған да жоқ, керісінше, досының қауіптен құтылғанына риза. «Дос – қияметтік» деген сөз осындай қасиеттің көрінісі ретінде қалса керек.

Ерте заманның шешені әрі ойшылы Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады», - деген.

Достар сыйластығы бір-біріне қалтқысыз сенген, риясыз сенім сезіміне ие болған адамдардың арасында болады. Ол үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. Қазақта «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған. Бала шағынан бір-бірінің мінезін, әдетін, ой-өрісін біліп өскен достар арасындағы сыйластықтың орны бөлек, ол анағұрлым берік әрі түбегейлі.

Осылай жазайын деген ем, телефоны арқылы жауап беру батырмасы көрінбей қалады екен.
Белгісіз
Рахмет!!!
0 дауыс
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
0 дауыс
Бұйрықты хабарлы лепті сұраулы сөйлемдері бар шығарма жазып беріңіздер шы тақырыбы менің досым. Тезірек өтінемін.
...