Маған ана туралы жігерлі 5-6 шумақтан тұратын өлең тауып беріңіздерші?

0 дауыс
2.7k қаралым
Маған ана туралы жігерлі 5-6 шумақтан тұратын өлең тауып беріңіздерші мүмкін болса авторымен
• Санаты: Қазақ тілі

1 жауап

0 дауыс
Құлайын деп бара жатам құлдырап,

Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,

Сол кезде бір ән естимін жақыннан,

Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,

Тіршіліктің әуенімен тыныстап,

Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,

Кел дегендей болады бір күміс бақ..

Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,

Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,

Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,

Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.

Ойнап шығам содан кейін құрақтай

, Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,

Мүмкін,мүмкін ана махаббаты шығар бұл,

Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
7 жауап
127,754 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы