0 дауыс
572 көрілді
Сәлеметсіздер ме! Мен 10 - сынып оқушысымын, мен өлең шығарамын, яғни жас ақынмын. Менің сыныптастарым Физика, Информатика пәндерінен жарысқа қатысып грант алып жатыр, сол секілді әдебиет пәнінен жас ақындар арасында оқушыларға грант беретін жарыстар бар ма? Жауап жазыңыздаршы...

2 жауап

0 дауыс
Ақындардың өлеңдерін көп жаттап, машықтанып үйрену қажет, әсіресе Абайдың.
0 дауыс
міндетті түрде ғылыми жобаға қатыс(10 сыныптан бастап)! Абай, Мұқағали, Махамбет сынды танымал тұлғалардың өлеңдерін жалықпай жатта! ауылдық аудандық тіпті облыстық ақындар мүшәйраларына қатысып жүлделі орындарды ал ! Әдебиеттен

 1. «Ақан сері», «Жапандағы жалғыз үй» Сәкен Жүнісов
2. "Қызыл Жебе" Шерхан Мұртаза
3. "Қияндағы күн нұры" Молдахмет Қаназов
4. «Ботакөз», "Әсем", «Махаббат қызық мол жылдар»,«Ескі дәптер», «Махаббат жыры» Әзілхан Нұршайықов
5. «Ботакөз» Сәбит Мұқанов
6. "Қарағанды" Ғабиден Мустафин
7. «Жат қолында», "Қан мен тер" Ғабит Мүсірепов
8. «БІздің отбасы», «Москва үшін шайқас», "Қанмен жазылған кітап" Бауыржан Момышұлы
9. «Айқас», "Ғашықтар" Ілияс Есенберлин
10. Сайын Мұратбеков
11. Беймбет Майлин
12. «Жаяу Мұса» Зейтін Ақышев
13. «Сегіз сері» Төлеш Сүлейменов
14. "Әке" Қаржаубай Омарұлы
15. Бес ғасыр жырлайды
16. "Қайсар қыз" Сансызбай Сарғасқаев
17. «Елім-ай» Софы Сматаев
18. "Қажымұқан" Әлімқұл? Бүркітбаев
19. «Жер иісі» Тұманбай Молдахметов
20. "Ұлы сел" Бекділдә Алдамжаров

осы және т.б кітаптарды оқып шық ! ешқашан жалықпа бүгінгі істі ертеңге қалдырмауға тырыс.сабағыңды жақсы оқы сонда саған барлық оқу орындарының есіктері айқара ашық болады .(айтпақшы мақтау қағаздарыңды өлеңдеріңді жинай бер кейін міндетті түрде пайдасы тиеді.)
...