Мода, Стиль | 606 қаралды
606 қаралды
Казирги танда жигиттеримиз Корея халкынын F4 телесериялы шыккалы жигиттердин шаш осируи, кулакка сырга тагу кобейип кетти,оздерине адеми корингенмен сырттан ерси коринери айдан анык!шаш осирген дурыспа алде бурыспа? Рахмет!

10 жауап

Шаш адамның сәнін келтіреді не десек те, сыр келбеті әдемі адамға айналасындағылар да жақсы қарайды. Сырқа тағу уже ерсі көрінеді, сырғасымен қоса құлағын жұлып алғын келеді) Ф4 шықпай тұрып та Ұлықпан Жолдасов болды ғой, Бүркіт те, тағы кімдер бар еді.. Өз өзіне қарап, күтініп жүргеннің жаманы жоқ,  еліктеу емес ол Ф4 ке
Жараспайтын бір бәле киіп алады да мәз боп жүред,сонына жыным ұстайды. Керек десен жігіттер артқы шашты өсіреді, онысы да маған мүлдем ұнамайды .Қазақтар кешікпей жүре алмайтынындай  , біреуге еліктеуді да қоя алмайды .

Жаңа ғана бір қыз айтып еді: "Құлағына сырға таққан қазақ жігіттерін көргенде, оларға Ел болашағы түгілі, өз болашағымды сеніп тапсырудан қорқамын" деп. 

Осы сөз барша жігіттерді ойландырады ғой деп ойлаймын

Менің араласатын ортамда сырға тағатын жігіт мүлдем жоқ. Сырға тағатын қазақ жігітін өмірімде көрмегенмін. Ал шаш өсіретін жігіттер шаштарын өздеріне ұнағаннан кейін өсіреді, және өсіру н/е өсірмеу әркімнің өзінің қалауы, өзіне жарасып тұрса өсіргеннің не айыбы бар?! Тағы да айтарым, шашын өсірген жігіттер корейлерге еліктемейді, керісінше өзіміздің жұлдыз әнші Қайрат Нұртасқа еліктеп өсіреді (бірақ, кімге еліктегенін білдіргісі келмейді), өзімнің таныстарымның көбісі солай. Маған келер болсақ, мен артқы шашымды өмірімде өсірмегенмін, өсірмеймін де.
Белгісіз
Бiр-ақ кермет сөз бар: Өмiрде әр нәрсе орнымен болуы керек. Орынсыз жасалған iс түбi жақсылық әкелмейдi. Сондықтан еркек деген атымыз бар ма еркектiк болмысымызды сақтап жүрейiк. Кезiндегi батырларымыз шаш өсiрмек түгiлi өздерiне қарауға да уақыт болмаған. Батыр бабаларымыз әйелдерiне қарап кiшкене көзiмен-ақ қатуланғанда алдында құрдай жорғалайтын болған. Ал қазiр бiлмеймiн, қыздармен жарысып тырыстырып джинс киiп, шаштарын өсiрiп, сырға тағып жүрген жiгiттерден не үмiт күтетiнiмiздi. Мүмкiн олар үйленiп алып, әйелдерiнiң алдында құрдай жорғалайтын шығар.
Белгісіз
Шаш өсіруі дұрыс енді өте ұзын етіп емес. ал сырға тағу ер адамдарға болмайды.
қазір аруларымыз айнаға қарамайды керісінше. Біздің мына 90 нын жылғы жастарымыздан бастап қазақ балаларынң  бір қазаққа тән  қасиеттерін құрметтемейтін сияқты және санасы өте төмен алысты ешқашан ойламайды. Өкініш...
Ия дурыс,біз оларды жамандауға еш хақымыз жоқ,егер жамандасақ ол тек қызғанғаннан
Шетелге еліктеп шаш өсіріп, сырға тағып қатын сияқты ерсі қылықтар жасап жүргенше өле салған дұрыс қой. Шаш өсір базар жоқ. Бірақ енді өз ретімен қатты емес, орта деңгейде. Шетелге еліктеп алысқа бармайсын. Еліктесең қазақ ата бабаларысызға елікте. Ата бабаларымыз денелі үлкен нағыз ер болған. Шетелге еліктеп қатын сияқты жургенше тырайып қылтиып. Ойлансандарш. Басы бар еркек олай істемейд деп ойлайм. Ер адамға сыртқы келбеті емес, іс əрекеті маңызды естеріңде болсын!
Өзіміздің қазақтың қара домалақ әп-әдемі балаларына кім жетсін? Бірақ біз еліктегішпіз ғой. бір жерде жаңа зат шықса болды, не соған ұқсап, не соны алуымыз керек. Мен өзім ондай ер балалардың шашын өсіруге қарсымын. Жақсысын ал да, жаманын ысырып қой! Дұрыс па? Корейлер шаш өсірсе ол - олардың былайша айтқанда өзіндік ерекшелігі. "Өзіндік" дегенді тырнақшаға алу керек. Біз қазақ корей емес, ҚАЗАҚПЫЗ! өзіндік ерекшелігіміз - "қарапайым, ержүрек, былайша айтқанда нағыз ЕРЖҮРЕК ЖІГІТ" осындай араға 2 жігітті қойса кімді таңдар едіңіздер?! Қызтекеге ұқсаған баланы ма? әлде нағыз жігітті Ме? арғы жағын ойланып қараңыздар
118,323 сұрақ
305,126 жауап
153,293 пікір
67,475 қолданушы